Негізгі еңбектері: А.Х. Қасымжанов, К.М Сатыбалдина, А.Ж. Келбуганов.
«Круги в познании: ленинское учение о единстве исторического и логического» (1977), А.Х. Қасымжанов, А.Ж. Келбуганов. «О культуре мышления» (1981).
КЕҢЕСТІК ФИЛОСОФИЯ – Сталин қайтыс болғаннан кейін марксизм-ленинизм және диалектикалық материализм тұрғысынан ке- ңестік философтардың философиялық мәселелерді сыни ойлау негізінде, қалыптасқан маркстік-лениндік концепциялардан аз да болса алшақтауға тырысып, көптеген қайшылықты мәселелерді ашық талқылай бастау кезеңін айтады. Бірақ бұл жаңа идеялар идеологиялық догма қойған талаптар шеңберінен шыға алмай, шын мәніндегі еркін ойлау дәрежесіне көтеріле алмады. Соған қарамастан, К. ф. әлеуметтік-гуманитарлық, қазіргі таным концепциясын әлеуметтік-тарихи тұрғыдан негіздеу, әлеуметтік болмыс пен таным мәселелеріне сүйеніп дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, диалектикалық логика философия тарихын материалистік тұрғыдан қайта қарау, әлеуметтануды кеңестік жағдайға бейімдеу т. б. осы сияқты күрделі мәселелерді қарастырып, біршама жетістіктерге жетті. Бұл салада Батищевтің, Бахтиннің, Ильенковтың, Копниннің, Мамардашвилидің, қазақстандық философтар – Әбділдиннің, Қасымжановтың, Нысанбаевтың және т. б. сіңірген еңбектерін ерекше атап өту керек.
КЕҢПЕЙІЛДІЛІК – адамның рухани болмысының өлшемі болатын оң моральдық сапаны анықтайтын этикалық категория. К. жомарттықтың негізгі элементтерінің бірі десек болады. К. – ол адам өзіне керек болып тұрған немесе өзі оған мұқтаж бола тұра өзгенің зәрулігін өтеуге қол ұшын беруге ұмтылатын қасиет. Өзін емес өзгенің қамын ойлайтын, жарлы келгенде ішкен асын жерге қойып, қызмет ететін жандардан болатын адам.
КЕРІ БАЙЛАНЫС – тірі табиғат, қоғам және техника – технология жүйелерінің қызмет атқару және даму процесін реттеуді көрсететін негізгі ұғымдардың бірі. Егер тікелей байланыс сигналды (дабылды) жүйенің орталық органынан атқарушы органдарға жіберсе (мыс. ми – қолға, аяққа, ішкі органдарға т. б.), кері байланыс – басқару нәтижелері туралы ақпаратты орталық блокқа жібереді. Күрделі жүйелерде (биологиялық, технико- технологиялық, қоғамдық) кері байланысты болып жатқан процестер туралы ақпаратты жеткізу деп қарастырады. Осы ақпараттар негізінде процесті үдететін, шектейтін, тоқтататын басқарушы шешім қабылданады. Кері байланыс басқарылатын объектінің әртүрлі параметрлерін (мыс. температураның, қысымның қан құрамының және т. б. тұрақты болуын қадағалайды) және организмнің өсуін, тірі табиғат пен қоғамның даму процесін тұрақтандырады.
КЕСІМДІ ИМПЕРАТИВ – неміс ойшылы Иммануил Кант филосо- фиясының ұғымы, жалпыға бірдей, жеке принципке (максиме) қарама- қарсы, міндетті түрде орындалуға тиіс мінез-құлықтық адамгершіліктік ереже. Канттың пікірінше, адам бір-біріне қарама-қайшы екі дүниенің: сезім арқылы қабылданатын феноменалдық және ақыл арқылы танылатын ноуменалдық дүниенің субъектісі. Феноменалдық дүниеде адам табиғи күштерге, қоғамдық ережелерге тәуелді, яғни өзін еркін сезіне алмайды. Ал ноуменалдық дүниеде адам еркін, сезімнен жоғары, рухани-адамгершілік идеалдар мен құндылықтар үстем интеллигебелді дүниенің мүшесі. Яғни, адам екі қайшылықтың – табиғат пен еркіндіктің – арасында таңдау жасауға мәжбүр. Кант осы екі дүниенің өзара байланысын, бір-біріне әсерін мойындай отырып, ноуменалдық бастауды жоғары қояды. Оның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойының көмегімен адамгершілік ережелерін жасақтауға қабілетті. Бұл ережелерді Кант екі түрге бөледі: шартты және шартты емес. Шартты ережелерді орындау-орындамау адамның өз еркінде. Мысалы, әрбір адам денсаулығын күткені дұрыс. Бұл ереже жалпы түрде ұсынылады, саулығыңыз туралы бас қатырғыңыз келмесе, ол сіздің жеке проблемаңыз. Ал адамгершілік талаптарды, Канттың пікірінше, әрбір адам орындауға міндетті, оларды Кант абсолюттік адамгершілік заң, бұлжымай- тын императив ретінде қарастырады. Адамгершілік заң адамның абсолют- тік еркіндігін реттеуші нәрсе. Кант «Сен еркін де ақылды болуға тиістісің» деп жария еткенімен, абсолюттік еркіндік түбі жақсылыққа апармайты- нын түсінді, сондықтан да бұлжымайтын императивті енгізді. (Шектеусіз, абсолюттік еркіндік іс жүзінде аморальдыққа ұшырататынының дәлелін тарихтан да, қазіргі өмірден де көруге болады. Гегельдің өзі абсолюттік еркіндікті жан шошырлық нәрсемен теңеуі тегін емес). Бұлжымайтын императив парыз ұғымына негізделген.
Бұлжымайтын императивтің келесі қағидаларында Кант адамға деген талабын күшейте түседі: «Сенің ісің, тәртібің жалпы заң болсын», «Сенің жігеріңді билеуші ереже дүниежүзілік заңдылық негізіне айналатындай қызмет ет». Яғни, басқаларға үлгі болатындай өмір сүру – әрбір адамның парызы, бұл тұжырым адам өмірінің өлшемі деуге де болады. Аталған талап адамнан көп еңбекті, мықты жігерді, ақылойдың орасан жұмысын қажет етеді, бірақ адамның рухани, адамгершілік, тіпті кәсіби жағынан жетілуіне зор пайдасын тигізетіні күмәнсіз. Парыздың осыншама императивтік күшінің негізін Кант «адам табиғаты мен адам өмір сүріп отырған дүниенің жағдайларынан емес, а prіorі таза ақыл ұғымдарынан іздеу қажет» деп түсіндіреді. Ол адамның адамгершілікті өмір кешуі қажет екендігін оның ақылы, парасаты талап етеді, сондықтан адам ақылының бұйрығын міндетті түрде орындауы керектігін ерекше ескертеді.
КИБЕРНЕТИКА (гр. – басқару өнері) – өзін-өзі басқаратын машина- лар (әсіресе «электронды миы» бар машиналар) туралы ғылым. Алғашқы рет К. терминін ежелгі грек ойшылы Платон – теңіздегі кемені басқару өнері деген мағынада қолданды. ХІХ ғ. француз ғалымы А.М. Ампер ғылым- дарды жіктеу барысында күнделікті саясат және қоғамды басқару туралы ғылымды К. Виннердің «Кибернетика немесе басқару...» (1948) еңбегінің жарық көруімен тікелей байланысты. Виннер кері байланысы бар жүйелерде автоматты реттеу теориясының нәтижелеріне сүйене отырып, басқару кодталған ақпараттары бар сигналдар арқылы жүзеге асады. Осы- дан келіп, ол басқаруды ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау, пайдалану және әрі қарай жіберу процесі деп атады. К. негізгі ұғымдары: басқару, ақпарат, кері байланыс, автомат, ес және т. б. ХХ ғ. екінші жартысынан бастап К. мамандар қандай болмасын күрделі (соның ішінде адамның ойлау қабілетін де) жүйелерді модельдеу арқылы, оларды тиімді басқаруға болады деген тұжырымға келді. Осыған байланысты ғалымдар, философтар арасында
«болашақта өзін-өзі қайта өндіре алатын автомат-андриодтар адам өміріне, жалпы адамзатқа қауіп төндірмей ме?» – деген сұрақтар кең өріс алды. Бұл сұраққа жауап ретінде Г. Саймон «Жасандылар туралы ғылым» атты еңбегінде кибернетикалық конструкциялар мен логикалық зерттеулер (К. саласындағы) ақыл-ой ұғымы туралы классикалық түсініктің қазіргі
«электронды ойлау» жүйесіне сәйкес келмейтіндігін, осының негізінде
«шектеулі ақыл-ой» ұғымын енгізді. Осыдан кейін К-ны техникалық білімнің бір бөлігі ретінде қарастырып, ал К. философиялық мәселелерін техникалық философияның бөлігі ретінде қарастырылып жүр. Болашақта К. зерттеушінің санасын техникалық мәселелерді шешудің алдын-алуға байланысты күрделі мәселелермен кездестіруі мүмкін, зерттеуші санасы мүмкін, өзектенбеген болмыспен кездесуі ғажап емес. Әлеуметтік салада К. ақпараттарға сүйеніп қоғамдық процестерді және оны басқаруды мо- дельдеу арқылы ақпараттық қоғамның техникалық-технологиялық негізін қалауда.
КИНИКТЕР (гр. – көгерген ит). Негізін қалаушы Антисфеннің (б.д.д. 444–368) пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар заттың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана. Білім – ұғымдардың мазмұнын құрайтын пайымдаулар. Антисфен өзінің ұстазы Сократтың рақымшылдық, ізгілік туралы ілімін жалғастырды. Денсаулық сияқты игі- лікпен салыстырғанда түкке тұрмайтын сөздерден рақымшылдық әлде- қайда құнды және оны жалғыз ғана игілік деп уағыздаған. Адам өзінің негіз- гі мақсаты бақытқа тек рақымшылдық арқылы жете алады. Рақымшыл болу үшін көп білудің қажеті жоқ, ол тек іс-әрекет арқылы ғана көрінеді. Кез- келген адам рақымшыл болуға қабілетті, бірақ оған өз құмарлықтарын шек- тей алатын адамдар ғана жете алады. К-тер мемлекеттік заң мен рақым- шылдық заңдарын ажыратып, бөліп қарастырады. Мемлекеттік заң рақым- шылдыққа жеткізбейді. К. үшін шын мәніндегі жоғарғы бақыт – бақытты- мын деп өлу. К. ілімін ілгері дамытқан Антисфеннің ізбасары Синоптық Диоген (б.д.д. 412–323). Ол рақымшылдыққа, бақытқа, шынайы бостан- дыққа ұмтылмайтын адамды сынап, ләззатқа деген құмарлықты шектеудің өзі ләззат деп уағыздаған. Ол тал түсте қолына қол шам алып, базар алаңында: «Халық – көп, адам аз екен» деген қанатты сөздерін қалдырған. Бірде базар алаңында бөшкеде отырған Диогеннен Ұлы Александр: «Сіздің қандай өтінішіңіз болса да орындауға әзірмін» – деп сұрағанда, ол: «Күнді қалқаламаңыз», – деп жауап беріпті. К-тер материалдық тұрмыс мұқтаж- дықтарын елемей, қоғамда қалыптасқан әдет-дәстүрлерді мысқылдап, нағыз данышпандық – рақымшылдық арқылы бақытқа жету деп түсінген.
Достарыңызбен бөлісу: |