Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет266/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   390
Байланысты:
treatise187525

МАҚАЛ МЕН МӘТЕЛ – дәстүрлі танымның жағдайлық филосо- фиясы. М. мен м. жорадан тыс жағдайда туып, халықтың жеке-тұлғалық қиялына, пайымдалуға тиісті белгілі жағдайдың пайда болуына байланысты. Мыс., «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген мақал Әз Тәуке хан Жеті Жарғы-сын шығарар алдындағы нақты жағдайдан туындаған немесе «Иттің иесі болса, бөрінің Тәңірісі бар» деген мақал тотемизмнен генотеисттік құдай идеясына көшкенде өмірге келген. Бұл құбылыстың кітаби дәстүрден айырмасы, жағдайы туындамаса, мақал керексіз боп қалады. Ол өзіне тиісті бір жағдай ахуалында туып, тек соған ұқсас жағдайларды суреттеуге жаралған. Егер кітаби білім жағдайды өзі қалыптастыра алса, М. мен м. жағдайға тәуелділігінен танбайды. Мыс., «Қайда барсаң да, Қорқыттың көрі» деген мақал данышпанның бүкіл философиясын ашып беретіндей деңгейде айтылған.


МАҚСАТ – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой- санадағы көрінісі. М. тікелей міндет ретінде іс қимылды бағыттап, реттеп отырады. Адам өз ерік жігерін бағындыратын ішкі заң еңбегіндегі практи- каға өзек болады. М. адам санасының белсенді жағын білдіре отырып, объективті заңдарға, қоршаған ортаның және субъектінің нақты мүмкіндік- теріне сай келуі керек, сонда сана адамдардың нысаналы қызметінде азат- тық пен қажеттілік арасындағы диалект, қарым қатынас көрініс табады. М. шындықты жүзеге асыру үшін қажет белгілі құралдармен бірлесе іс- қимыл жасағанда ғана оны өзгерте алатын күшке айналады. М. келешек- тегі, таяудағы тікелей жалпылама, жеке, аралық және түпкі мақсаттарға бөлінеді. Шартты мағынада «М.» терминімен ғылымда (биол., кибер.) кері байланыс (мақсатқа лайықтылық) жолымен қол жеткізетін жүйенің жалпы күй-жайы белгіленеді.


МАҚСАТҚА ЛАЙЫҚТЫЛЫҚ сөздің кең шартты мағынасында бел- гілі бір мақсатқа, нәтижеге, алып келетін үдерістер мен құбылыстардың қа- сиеті. М.л. органик. дүниеде, қоғамдық жүйелерде, адамның іс-әрекеттерінде өзіне тән ерекшелікпен байқалып отырады. М.л. әр салада әр қилы болып ке- леді: органик. табиғатта – организмдердің белгілі бір жағдайға бейімделуі жә-


363

не реттеліп отыруы, даму үдерістерінің нысаналылығы формасында, қоғамдық өмірде – күні өткен құрылымдардың құрып бітуінен және қо- ғамның одан әрі дамуына жәрдемдесетін жаңа тәртіптің пайда болуынан, адамдардың белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған қызметінен және т. б. көрінеді. Кибернетика кең мағынасында М.л. деп кері байланыс әсерлерін түсінеді. Бұл жерде қажет және нақты нәрсенің арасындағы айырмашылық туралы хабарлама жүйесі талап етіліп отырған жағдайға барған сайын жақындай түсуінің себебіне айналады. М.л-тың ең жоғарғы формасын – адам қызметінің М. л-ғы, онда себеп-салдар байланысының аса маңызды буыны ретінде оған саналы мақсат келіп қосылады. Адамның әлдебір мақсатқа сай келетін барлық іс-әрекеті кең мағынасында «М. Л.» болып табылады. Сөздің неғұрлым тар мағынасында дәл қазіргі сәттің жағдайларына ғана емес, сондай-ақ дамудың жалпы бағытына сай келетін оның объективті заңдары мен қажеттерін білуге негізделген қызмет қана


«М. л.».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет