Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Шығ.: Сепир Э. Язык: Введение в изучение речи. – Л.-М., 1934;Сепир Э



бет321/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Шығ.: Сепир Э. Язык: Введение в изучение речи. – Л.-М., 1934;Сепир Э.
Избранные труды по языкознанию и культурологии. – М., 1993.

СИМВОЛИЗМ (грек. symbol – белгі) – модернизмнің алғашқы көркем-әдеби бағыты. Ол XІX ғ-дың соңғы ширегі мен XX ғ-дың басында Еуропада, кейіннен басқа да жерлерде әдебиет пен өнер салаларында өріс алды. С-ның алғашқы отаны – Франция. С. эстетикасының негіздерін Поль Верлен, Артур Рэмбо, Стефан Малларме қалаған болатын. С. позитивистік көркем идеология – натурализмнің дағдарысына жауап ретінде пайда болды. С. өзі қатарлас идеалистік философиялық ағымдардың ықпалынан аулақ жатқан жоқ. Сол кезең философиясындағы күнделікті күйбең тір- шілік шындығының жалғандығы, құр бос күйгелектілігі және шынайы, бұлжымас, мәңгілік құндылықтардың трансцендентті әлемі туралы көзқа- растар С – нен өзінің көркем көрінісін тапты. Сондықтан да С. сезімдік қа- былдау шеңберімен шектелмеген жоғары шындық, жоғары ақиқат әлемін іздестіреді. Күнделіктіліктен жоғары жатқан шынайы құндылықтарды танытудың пәрменді құралы – поэтикалық рәміз (символ) деп таныған символистер үшін алыстағы шалғай сырды тек интуиция арқылы сезіну мүмкін болып көрінді. С-нің философиялық идеологиясы – платонизм, қосәлемділік: «идеялар әлемі» және «заттар әлемі». С. ағымында жазылған шығармалар шындықтан гөрі мистикаға, ақылға түсініксіз таңғажайып құбылыстарға, жұмбаққа жақын. Символистік шығармаларға


құндылықтық рәміздер, астарлы сөздер, жалпылауыш ассоциациялар тән. С. принциптері М. Метерлинк, П. Валеон, Р.М. Рильке шығармаларында көптеп кездеседі. Ресейлік С. орыс ойшылы В.С. Соловьевтың философиясының ықпалымен анықталады. Орыс символистерін әдетте екі топқа: «үлкенге» және «кішіге» бөледі. Үлкендеріне – Д.С. Мережковский, З.Н.Гиппиус, В.Я. Брюсов, К.Д. Бальмонт, Ф.К. Сологубты жатқызамыз. Ал кішілеріне – А. Блок, А. Белый, Вяч. Иванов, И. Анненскийді тіркейміз. Символистердің түсінуінше, өнердің мәдениеттің басқа салаларымен салыстырғанда өзіндік ерекше, құпия, шалғай сырлы сиқыры бар, сондықтан да өнер өмірді, адамдар іс-әрекетін және дүниетанымын жаңғырта алады. Символистер А. Шопенгауэрдің
«қаншама ойшыл болса, соншама өзіндік ерен әлемдер бар» деген тезисіне сүйене отырып, өздерінің рухани өмірінің, ішкі жан дүниесінің кілтін өзіндік тілмен, рәміз-белгілермен сыртқы әлемге жеткізгісі келді. Сондықтан болар символистер арасында біртуарлық, дара стильдік ерекшеліктер көптеп кездеседі. Суретші символистер өзіндік бояулар сөздігін жасап, бояу түсі арқылы өздерінің ішкі көңіл-күйін білдіруге тырысқан. Өйткені символистердің түсінуі бойынша түстің, бояудың суггестивті (сендіруші, иландырушы, мойындаушы) күші бар, сондықтан да бояу түстерінің пайдалану ретінде қарай көрерменді белгілі көңіл күйіне бөлеуге болады. Бояу түсі эмоциялық екпінділікті күшейтеді деген символистер әр түске өзіндік шалғай сырлы, рәміздік мағына бере қараған. Ал символист ақындар үшін поэтикалық мәтін -шынайы өмірдің суреттемесі емес, шалғай сырдың, бұл әлемнен тысқары жатқан құпияның көрінісі. Сондықтан да символист ақындар шығармаларынан мәтін-мифтерді көп кездестіреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет