Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Антология французского сюрреализма: 20-ые годы. – М., 1994



бет334/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Антология французского сюрреализма: 20-ые годы. – М., 1994.


СУЖИКОВ Марат Мұхамбетқалиұлы (20.09.1932–20.08.1995) – философия ғылымдарының докторы, профессор – 1932 жылы 20 қыр- күйекте Астрахань облысында дүниеге келген. Ақтөбе қаласының мектебін бітіріп, 1953–1956 жылдары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекет- тік Университетінің философия факультетінде оқиды, ғылыми жұмысты


451

Қазақ ССР Ғылыми Академиясында өз еңбек қызметінен бастайды. Ол осы ғылыми жұмысқа өзінің 40 жылдық өмірін арнады. 1960 жылы фило- софия ғылымдарының кандидаттық, 1969 жылы философия ғылымдары- ның докторлық диссертациясын қорғады. М.М.С-тың көптеген ғылыми еңбектері ағылшын, француз, испан және т. б. тілдеріне аударылған. Оған республикалық және одақтық баспаханаларда жарияланған 100-ге жуық ғылыми жұмыстары тиесілі, оның ішінде 21 жеке және ұжымдық монография. М.М. С-тың ғылыми еңбектерінің жалпық көлемі 200 б.т. 1974–1975 жж. М.М.С. Гавана Университетінде профессор-кеңесші ретінде, Варшава және Прага университеттерінде дәріс береді. 1988 ж. С. М.М. ұлттық және ұлтаралық қатынастар зерттеу Орталығының жетекшісі, ҚазССР ҒА-ның философия Институты директорының орынбасары болып тағайындалады. Ол Қазақстан ұлттарының ұлтаралық ынтымақтастығын, өзара келісім мен татулығын нығайтуда бағаланбас үлес қосты. М.М.С- тың ғылыми мұраларында ұлтаралық қатынастарды реттеу, ұлтаралық даулардың түпнегізі және оларды болжау проблемалары ерекше орын алады. Оның ғылыми және педагогикалық жұмыстарының нәтижелерi үкiмет наградаларымен атап өтiлiп, республикадағы және оның шегіндігі ғылыми қауымдастық арасында кеңінен танылды. М.М.С. «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен, Қазақ ССР-ының Жоғарғы Кеңесінің Мақтау қағазымен және тағы басқа мадақтамаларымен марапатталды.


Негізгі еңбектері: Вымыслы и действительность. Алма-Ата: «Казахстан»,
1985. –145 б.; Некоторые философско-правовые проблемы совершенствования культуры межнациональных отношений. Алма-Ата: «Наука», 1989. 3,4 п.л. (Г.С. Сапаргалиевпен бірге); Напряженность или гармонизация? (развитие межнациональных отношений в Казахстане). – Алма-Ата: «Казахстан», 1991.
6,6 п.л.; Межнациональные отношения в Казахстане: теория и практика регулирования. – Алматы: «Гылым», 1993. – 5 б.т.
Т ТАБУ (полинезиялық тайпалар тілінен аударғанда «тыйым салу»)
– алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетімен тығыз байланысты діни
негіздегі үзілді-кесілді тыйым салуды талап ететін ұғым. Терминді алғаш рет ағылшын жиһанкезі Кук енгізген болатын. Т-да екі ұғым – киелілік пен тыйым салынғандық, қасиеттілік пен қорқыныш тоғысады. Т. бел- гілі бір тұлғаларға да, белгілі бір қоғамдық ұжымдарға да қатынасты қол- данылады. Т. туралы терең теориялық ізденістер аз болғандықтан оның қолданыс аясы анықтала қойған жоқ. Дегенмен де, Т-ды діни-моральдық тыйым салу түрлерінен ажырата білген дұрыс, өйткені аталған соңғылары адамзат мәдениетінде кейінірек пайда болған күрделі құрылымды ұғымдар. Т-ланған әрекеттер мен заттар туралы Дж. Фрейзердің («Алтын бұтақ») шығармасынан көптеген мысалдар табуға болады. Фрейзер дін мен сиқырды (магияны) бір-біріне қарама қарсы қойып, Т-ды магияның теріс пішіні


452

ретінде түсіндіреді. Т. туралы психоталдаудан көп мәлімет жинақтауға болады. З. Фрейд өзінің «Тотем және табу» атты еңбегінде Т-дан көсемге деген екіұшты (амбивалентті) қатынасты: бір жағынан, көсемді қастерлеп, табынуды, екінші жағынан, іштей қызғану, жек көруді, бейсаналы түрде ұнатпауды байқаймыз дейді. Әлеуметтік антропология тұрғысынан (Малиновский, Радклифф-Браун және т. б.) Т-ды әлеуметтік бақылау мен қадағалау рөлін атқаратын құрал деп қарастырады. Т. қасиеттілік туралы түсінік қалыптасқан барлық мәдениеттерде кездеседі. Әр мәдениеттің өзіне сай заттарға, іс-әрекеттерге немесе сөздерді айтуға салынатын тыйым түрле- рі бар. Т-ды бұзған адам қатты жазаланатын болғандықтан оны еш нәрсеге, еш жағдайға қарамай орындауға тырысатын болған. Қазақ мәдениетіндегі кездесетін ата-ене, қайын аға, қайын, қайын сіңілілердің атын атамау, отты, ошақты аттамау, белгілі киелі жануар түрлерін қорғау және т. б. Т-лар қазақ халқының көне тотемистік, анимистік көзқарастарынан сыр тартады. Қазақ мәдениетіндегі тыйым салу жан-жоралғылары туралы Ш. Уәлихановтың шығармаларынан көп мағлұмат алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет