Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Шығ.: Ахмед Йүгенеки. Ақиқат сыйы. Түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы, прозалық және поэтикалық



бет68/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Шығ.: Ахмед Йүгенеки. Ақиқат сыйы. Түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы, прозалық және поэтикалық аудармасы. Баспаға дайын- дағандар: Ә. Құрышжанов, Б. Сағындықов. – А., 1985; Хибат-ул хақайық. – Ташкент, 1971. Ә. Құрышжанұлы, Б. Сапарұлы, А. Көшкенова (ҚҰЭ 572 бет).


ӘБДІЛДИН Жабайхан Мүбәрәкұлы (16.02.1933 ж.т. Павлодар обл., Май ауд., Майтүбек а.) – белгілі ғалым-философ әрі қоғам және мемлекет қайраткері; философия ғыл. докт. (1968), профессор (1970), Қазақстан ҰҒА- ның академигі (1983), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1993). 1954 ж. ҚазМУ-дің философия факультетін, 1958 ж. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу МУ-нің аспирантурасын бітірген. 1958– 84 жж. Қазақстан ҒА-ның Философия және құқық институтының кіші, аға ғыл. қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры қызметтерін атқарады. 1984–1986 жж. Қазақстан ҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімінің акад.-хатшысы, 1986–1996 жж. ҒА-ның вице-президенті болды. 1990 ж. Қазақстан Жоғары Кеңесінің халық депутаты, 1994 ж. ҚР тұңғыш Парламентіне депутат болып сайланды. 1995 жылдан ҚР Парламентінің сенаторы, Сенаттың Халықара- лық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Президент жанындағы адам құқықтары бойынша комитеттің төрағасы болды. 2005 жылдан Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттің профессоры. Ә. Қазақстанда әйгілі диалектикалық-логикалық философиялық мектептің негізін қалаушы, ХХ–ХХІ ғғ. тоғысындағы бүкіл әлемдік философияның көрнекті өкілдерінің бірі. Оның басқаруымен жүргізілген зерттеу жұмыста- рының нәтижесінде ондаған ғылыми монографиялар (солардың ішінде
«Диалектикалық логика» атаулы 4 томдық іргелі еңбек) жарық көрді, ғылым докторлары мен кандидаттарының қуатты жаңа легі дайындалды. Ә. пар- ламент депутаты ретінде тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуына, жаңа Конституциясының қабылдануына, саяси және құқықтық реформа- лардың іске асуына, мемлекетіміздің әлемдік қауымдастыққа танылуына өз қомақты үлесін қосты. Ә. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының (1984), ҚР Президентінің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының (1994), Ш. Уәлиханов атындағы бірінші сыйлықтың (1974) лауреаты. Екінші дәре- желі Барыс, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Шығ.: Проблема начала в теоретическом познании. – Алматы, 1967; Диалектико-логические принципы построения теории. Алма-Ата, 1973 (Ә.Н. Нысанбаевпен бірге); Диалектика Канта. Алма-Ата, 1974; Формирование




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет