Әдебиет:Қазақхалқыныңфилософиялықмұрасы. Т.19.Мәдениетфило- софиясы. – Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы,2007. БейсеновҚасымбек Шайжанұлы (1949 жылы Жамбыл облысы Шу қаласында туған) – философия ғылымдарының докторы. ҚазМУ-дың философия бөлімін (1971, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Шымкент педогогика институтында оқытушы (1971–1994), 1994 жылдан Тараз мемлекеттік университетінің оқу ғыл.-әдістемелік кешенінің директоры, кейін Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры қызметтерін атқарды. Қ. Бейсенов 100-ден аса ғыл. еңбектің авторы. Негізгі философиялық кітаптары: Философия тарихы, А.-А., 1992; Қазақ топырағында қалыптасқан ғақылиятты ой кешу үрдістері, А., 1994; Ата жұрт философиясы, Тараз, 1997.
Қасымбек Бейсеновтың ұстанымы бойынша, көне нұсқаларды философиялық тұрғыдан терең зерттемеушілік кейбір авторлардың тарихқа “жанашырлық жасауына”, “қамқорлық етуіне”, “шапағатын тигізуіне” əкеліп ұрындырады. Ондай “қамқоршылардың” тіпті “көшпелілігі” үшін “жеңілдік” жасап кейбір халықтарды “еуропалық мəдениет деңгейіне” дейін өлермендік жасап сүйрейтіндер де бар. Қасымбек Бейсенов қазақ халқының философиялық ойларын бүкіл адамзат философиясы тарихымен бірлікте, басқаша айтқанда, біртұтас əлеуметтік процестің бір бөлшегі ретінде қарастырды.
Қасымбек Бейсенов Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры ретінде, Ә.Марғұлан атындағы археология институтымен бірлесіп қазақтың рухани мұрасын жаңғыртумен, қазба жұмыстарын, этнографиялық экспедицияларды ұйымдастырумен тікелей айналысты.
Бейсенов Бағдат Қайбылдаұлы (14.03.1968 – 09.05.2020). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы Бейсенов Бағдат Қайбылдаұлы. Бағдат Бейсенов 1968 жылы 14 наурызда Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келіп, 2020 жылдың 9 мамыр күні қайтыс болды. Ол 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия бөлімінің баклавриатын тәмәмдаған. 1998-2000 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің аспирантурасында оқыған. 2001-2018 жылдары ғылым философиясы және дінтану кафедрасының ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызметін атқарған. 2002 жылы философия тарихы мамандығы бойынша «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әлеуметтік философиясы» (Ғылыми жетекшісі проф.Орынбеков М.С.) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2004 жылы мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасына аудармашы ретінде қатысқан. 2010 жылы дінтану, философиялық антропология, мәдениет философиясы мамандығы бойынша «Қазақ руханиятындағы ислам құндылықтары» (Ғылыми жетекшісі проф.Байтенова Н.Ж.) атты докторлық диссертацияны табысты қорғаған.
Бағдат Бейсенов оқу құралдарының («Қазақ ойшылдары дін туралы», 2012; «Зайырлы қоғамдағы діни құндылықтар», 2014; «Әлемдік дін: буддизм», 2015; «Христиандық тарихы: оқу құралы», 2016); «Дін феноменологиясы және діндер тарихы» (2006), «Еркін ой тарихы» (2006), «Ислам тарихы» (2007), монографияның («Дін және қоғам», 2013); тестілер жинағының (2007), типтік бағдарламалардың авторы. Қосавторлықта, Бағдат Бейсеновтың қатысуымен «Қазақстандағы діндер» монография (2008), «Дінтану: энциклопедиялық сөздік»: Том 1, Том 2 (2018); «Дінтану: оқу құралы» (2019) басылып шығарылды. 70-тен астам ғылыми мақалалары ҚР БҒМ ҒК ұсынған ғылыми журналдарда, халықаралық Scopus, Web of Science базаларында индекстелген рейтингтік ғылыми журналдарда, халықаралық конференция материалдарында және т.б. жарық көрді. «Ұлттық қауіпсіздік аясындағы діни айқындалу мәселесі» (2007-2009), «Ұлттық идея аясындағы Қазақстандағы діндер» (2008), «Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар мен культтер» (2009), «Жаңа діни ағымдар және қазіргі Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау мәселелері» (2009-2011), «Қазіргі Қазақстандағы діннің рөлі» (2012-2014), «Дінтану: энциклопедиялық сөздік (қазақ тілінде)» (2015-2017) секілді ҚР БҒМ тарапынан бөлінетін іргелі жобалар аясында ғылыми қызметкер ретінде ғылыми зерттеулермен айналысты. Бейсенов Қайбылдаұлы факультет пен кафедра тарапынан тапсырылған қоғамдық жұмыстарды жауапкершілікпен, уақытында атқарды. Ғылыми-зерттеу жұмысын ұстаздық қызметпен сабақтастыра білетін, жауапкершілігі мол, әріптестері арасында құрметке ие қызметкер болған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұжымы, әріпестері, шәкірттері философия ғылымдарының докторы Бейсенов Бағдат Қайбылдаұлын үлгілі ұстаз, ерекше талантты ғалым, керемет кеңпейіл, ерекше жан ретінде танып біледі. Байтенова Н.Ж., Альджанова Н.К. БЕЙІМДЕЛУ, адаптация (лат. Adaptatio – бейімделу) – 1) биологияда тірі организмнің сыртқы орта жағдайында тіршілік етуге икемделуі, олардың эволюциялық
даму барысында қалыптасқан биологиялық қасиеті.Эволюциялық даму ілімі бойынша тарихи даму барысында тіршілік орта- сының қолайсыз жағдайларының ықпалынан организмнің әлсіз клеткалары жойылып, белсенділері өніп-өсіп, табиғи сұрыпталу нәтижесінде олар- да төзімділік қасиеттері пайда болады. Б. – белгілі бір биологиялық түрдің сыртқы ортаның нақтылы жағдайында тіршілік ету тәсілін қамтамасыз ететін морфофизиологиялық, популяциялық және басқа ерекшеліктер жиынтығы. Мысалы, жазық далада тіршілік ететін сүтқоректілер жүгіруге, ормандағылар өрмелеуге, су жануарлары жүзуге бейімделеді. Жан-жануар- лардың қоректену тәсілінің, реңі мен пішінінің әр түрлі болуы, кейбір мүшелерінің атқаратын қызметінің өзгеруі, т. б. олардың орта жағдайын- да Б-дің натижесі. Б. – жалпы және дара болып бөлінеді. Жалпы Б. – қор- шаған ортада тіршілік етуге икемделу, мысалы, құрлықта тіршілік ететін жануарларда аяқтың, ұшатын құстарда қанаттың пайда болуы; Дара Б. – белгілі бір тіршілік жағдайына икемделу, мыс., тұяқты сүтқоректілердің тұяғының әр түрлі пішіндері. Биологияның басты мәселесінің бірі – Б-дің тарихи дамуының механизмі. XVIII ғ-да Б. организмге болмысынан тән құбылыс деп танылған. Б. тірліктің тарихи дамуының негізгі 3 факторының
– өзгергіштік, тұқым қуалаушылық және табиғи сұрыптау нәтижесінде қалыптасып дамиды. Бірақ қазіргі кезде табиғи сұрыптау теориясы күрделі Б-дің көптеген құпияларын түсіндіруде қиындықтарға кездесуде, мыс., құстар мен жәндіктердің қанатының пайда болуы. Адам организмі мен жануарлар үшін Б-дің маңызы зор. Қоршаған ортада ауа райының, темпе- ратураның өзгеруі, оттегінің жетіспеуі, әртүрлі жұқпалы вирустардың әсеріне қарамай, Б-дің нәтижесінде организмнің ішкі ортасы тұрақты дең- гейде болады, яғни организмнің дене қысымы, қанның морфолог. құрамы мен физ-хим. қасиеттері, қышқылдық үйлесімі және т. б. көрсеткіштері қалыпты мөлшерден ауытқымайды; 2) социологияда – жеке адамның не әлеуметтік жіктің қоғамдағы жаңа рухани, экон. және мәдени құндылық- тар мен нормаларға икемделуі. Ол қоғамда пайда болған жаңа принциптер- ге сай материалдық және рухани игіліктерді игеруге деген ынтаға тікелей байланысты. Б. адамның не қоғам мүшелері көпшіліктің мақсат-мүддесі қоғамдағы қарым-қатынастың жаңа принциптері мен толық үйлесімділік тапқанда жүзеге асады. Әлеуметтік өзгеріс көпшілік әлеумет тарапынан қолдануды қажет етеді. Оныз әлеу. икемделу баяу жүреді. Мұндай баяу икемделу аккомодаттану деп аталады. Аккомодаттану Б. процесіне ұласпа- са, ондай жағдай қоғамдағы бейберекеттікке, бүлікке алып келуі мүмкін.