Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет148/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

табиғат суреті, жаратылыс 
көріністері
үлкен орын алады. Бұлай болуы заңды да. Сахарада көшіп 
жүрген, күнделікті өмірі жазда, күзде, тіпті жыл бойы дерлік кең далада, 
төңкерілген ашық аспан астында, өзен-судың жағасында өтетін елдің өзін 
ұдайы табиғаттың аясында, құшағында отырғандай сезінуі таң қаларлық 
нәрсе емес. Даланың сайы, белі, тау-тасы, өзен-көлі, қыр адамы кезінде 
бір көріп қызықтайтын ғана көрініс емес, оның ғұмыр кешетін, ұдайы 
малын бағып, орын теуіп отырған ортасы, мекен-жайы. Сондықтан 
ол әр тасты, әр биікті, әр қырды, суды жақсы біледі, жазбай айырады. 
Айналасындағы табиғаттың әр сипат-белгісі оның ой-санасында ерекше 
орын алады. Ендеше халық поэзиясында, өлеңдерде табиғат, жаратылыс 
көрініс-сипаттары мол елес беруі кездейсоқ емес. Ай жарығы, күннің 
нұры, тау мен тастың жаңғырығы, самал лебі, су гүрілі, шөп сыбдыры, 
құстар үні, т.б. осындай жаратылыс-табиғаттың, айналадағы жанды, 
жансыз дүниенің белгі-әсерлері халық поэзиясынан мол байқалып 
отырады. Табиғат құбылыстары, жаратылыс суреттері поэзиядағы, 
әдебиет тіліндегі қолданылатын теңеу, салыстыруларда жиі ұшырасады.
Қазақ тілінде 
төрт түлік малға
байланысты ұғым-түсініктерді 
білдіретін сөздерді ауыспалы мағынада қолдану жиі ұшырасады. 
Мысалы, қоздау деген сөз көбею, туындау деген мағына берсе, ал 
марқаю деген сөз өсу, жетілу-толысу деген ұғымда айтылады. Баланы 
қозым, ботам деп еркелетіп атау қазақ тілінде қандай үйреншікті болса, 
нар, серке, тарланды еркектің, ер жігіттің баламасы ретінде айту да 
сондайлық машықты нәрсе. «Ат тұяғын тай басар», «түйенің үлкені 


265
көпірден өткенде таяқ жейді» деген секілді ондаған мақал-мәтелдердегі 
ат, түйе арқылы адамды тұспалдау да осындай дәстүрлі ұғым-түсініктер, 
салыстырулар негізінде туған. Бұл сияқты алуан түрлі сөздер мен сөз 
тіркестері және солардың үлгісімен туып жататын сөз нақыштары өлең 
тіліне ұлттық сипат дарытып, өзгеше рең береді. Тұлпар, арғымақ, 
сұңқар, қыран, аққу, бұлбұл, киік, марал, құлан тағы басқа осы секілді 
бейнелер халық поэзиясында теңеу, салыстыруда әсіресе жиі кездеседі. 
Олардың көбі әр түрлі сипат-қасиеттердің көркем баламасы ретінде 
қалыптасып, халықтың эстетикалық көзқарасымен тығыз байланысты 
болған. Осылардың ішінен ең көп қолданылатыны – жүйрік ат бейнесі. 
Ол халықтың көркемдік ұғым-түсінігінде ел өміріндегі алу ан түрлі 
жайлармен тығыз байланысты болып келеді де, солардан айқын елес 
беріп, көп әсер, ассоциация туғызып отырады.
Тұлпар, арғымақ, сұңқар, қыран, аққу, бұлбұл, киік, марал, құлан 
тағы басқа осы секілді бейнелер халық поэзиясында теңеу, салыстыруда 
әсіресе жиі кездеседі. Олардың көбі әртүрлі сипат-қасиеттердің көркем 
баламасы ретінде қалыптасып, халықтың эстетикалық көзқарасымен 
тығыз байланысты болған. Осылардың ішінен ең көп қолданылатыны 
– 
жүйрік ат
бейнесі. Ол халықтың көркемдік ұғым-түсінігінде ел 
өміріндегі алу ан түрлі жайлармен тығыз байланысты болып келеді де, 
солардан айқын елес беріп, көп әсер, ассоциация туғызып отырады.
Қазақ
 
елінің тіршілігінде аттың алған орны қандайлық зор болғанын 
Ілияс «Құлагер» поэмасында өте келісті айтып берген:
Жасымнан жылқы десе менің жаным. 
Атырдым жылқы ішінде өмір таңын, 
Жапанда жел жылқының үстінде ескем, 
Мекендеп өміріме аттың жалын.
Мал сырлас, аттың сыры маған мәлім, 
Жырым – жылқы, жүйрік ат – салған әнім. 
Аспан асты, жері жүзі – кең сахара
Күн көріп атам қазақ келген мәлім.
Қазақтың жылқы аңсатқан жарлы, байын, 
Жарлыны жалғыз атсыз алды уайым. 
Сүйген жар, сенген достан жақын жылқы,
Білген жан бекер демес аттың жайын.
Халық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет