266
Хас жүйрікте сын болмас,
Хас сұлуда мін болмас.
Жақсы аттың тісін ашпа,
Жақсы кісінің жасын сұрама.
Халықтың ұғымына
аттың бейнесі етене жақын, сіңісті болуы
соншалық, адамның мінез-кейпін,
қасиет-ерекшеліктерін оның
сипатымен салыстырып айту қазақ тілінде айрықша мол кездеседі.
Бұл тұста біз тек мал баққан көшпелі елдің ортасында ға на кездесетін
бейнелеп сөйлеу ерекшеліктерін толық көре аламыз. Халықтың атты
түр-түсі, жасына, жүріс-шабысына, желісіне қарай ажыратып,
алуан
түрлі атайтыны, әр қилы белгі-сипаттарын дәл танып көре білетіні өлең-
жырларда қолданылатын көптеген теңеу, ұқсатулардан айқын байқалып
отырады.
Қазақ тілінде
дүлдүл, тарлан, арғымақ, тұлпар
деген сөздерді адамның
шешендік, тапқырлық, алғырлық, ақылдылық
секілді қасиеттерін
танытатын көркем балама етіп пайдалану үйреншікті жай. Ақындар
жүйрік атпен, тұлпармен өзін де, өлеңін де, даусын да, домбырасын да
салыстырады («Жүйріктей домбырамды сабылтамын», – дейді Жамбыл).
Көңілдің, ойдың шапшаңды ғы мен аттың жүйріктігі қазақтың халықтық
ұғымында жарыса, қатарласа салыстырылатын бейнелер. Ақын шабыты
мен аттың шабысы да сол тәріздес. Қазақ поэзиясында бұлардың ойлау,
бейнелеп сөйлеу тәсілі ретінде аса кең жайылғаны сонша,
осындай
салыстыруды қолданбайтын ақын табылмайды. Халықтың жыр-
дастандарында ару қыздың (Қыз Жібек, Ақжүніс) бой-тұлғасын, кербез,
қылықты қимыл-қозғалысын аттың ойнақы әсем жүрісімен салыстырып
бейнелеу де ұшыраса береді.
Сара мен Біржанның айтысындағы Біржанның сөзінен ақынның өзін
арғымақ, жорға, жүйрік, бәйге аты, ылау аты, тұлпармен салыстыруының
алуан түрін кездестіреміз:
1) Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес:
2) Жел қабыз, жез тағалы еңреумін,
Қара тер шыққан сайын кетем ағып.
3) Жалымнан
ұстаған қызда арман қалмас,
Жібек жал, арғымақпын тұмарлаған.
4) Самғаймын бәйге атындай артып-тартып.
5) Жорғамын қалың топта самғайтұғын,
Бәйге аты серпінімді шалмайтұғын.
6) Ежелден құлаш мойын көк айылмын,
Ылауға алты күнге талмайтұғын.
7) Ой желке, қамыс құлақ қара көкпін,
267
Тұнықтан жүзіп ішпей қанбайтұғын.
8) Тұлпармын «Көрұғлының» пырағындай,
Жүгірсе алдына мал салмайтұғын.
Осындай теңеулердің соншама молдығы, кейде бірнешеуінің өлеңде
тіпті іркес-тіркес, қатар алынғандығы оқыған адамды жалықтырмайды.
Өйткені олар бірін-бірі
жай қайталай бермейді, әрқайсысы әр бөлек
құрылып, айтысқа түсіп, сөз таластырып отырған ақынның әр қилы
қасиетін айқындап, оның бейнесін әр қырынан танытуға себін тигізеді.
Мысалы, ақын өзін арғымақпен салыстырғанда оның қыза келе үдей
түсетін, алысқа ұзақ жолға талмай шабатын жүйріктігін мезгеп, сол
арқылы өзінің бабы келіп, шын шабыты түскенде сөзді тасқындатып еш
бөгелмей айта беретін шеберлігін аңғартады.
Біржанның өзін осы лай
аттың әр түріне балап сипаттауын Сара дұрыс байқап, оған «өзіңді ат та
қылдың, құс та қылдың» дейтіні көңіл аударарлық, бірақ Сараның өзі де
Біржаннан қалыспайды, ол да сондай теңеу-салыстыруларды жиі және
шебер қолданып отырады.
Аттың жүрісі, шабысы, қимыл-қозғалысы сияқты ұғымдарға
байланысты метафоралық сөз қолдану үлгілері қазақ тілінде өте жиі
кездеседі. Мысалы, ас жағады, жақпайды деген мағынада
көңіл шабады,
шаппайды
деп айта береміз. Сәкеннің «Көкшетау» поэмасында кездесетін
«жүрегі аттай тулап» деген сөз орамы да күнделікті сөйлеу тілінде үнемі
айтылып жүреді.
Ақын тілдің шешендік, жүйріктігін айтқанда да оны осы секілді етіп,
шауып деп сипаттай береді. Шернияз:«
Достарыңызбен бөлісу: