292
асаумен салыстыру бұл жерде от жүректі ақынның асқан ерлігін, халықты
қан қақсатқан қас жауымен кескілеспей басылмауға бел байлаған
табандылығын танытады. Бұл метафора да айрықша, мазмұндылығымен
көз тартады. Құрылысы жағынан да оның Абай қолданған бейнелеу
тәсілімен түпкі негізі бір: екеуі де халықтық үлгіні тірек етеді. Алайда
Махамбет сол үлгіні тікелей пайдаланған да, Абай түрлендіріп, жаңаша
келтірген.
Соқтықпалы, соқпақсыз жер
– өте терең мағыналы
метафоралық
бейне
. Қазақтың кең даласында әрине, жол да, соқпақ та жеткілікті.
Ақынның айтып отырғаны ол емес, мұндағы соқпақ деп отырғаны
бұрынғылардан қалған үлгі, өрнек, жол-жоба десек, тіпті осылар да
ел ішінде аз ба?! Қазақ ортасында жалпақ жұртқа атағы жайылған «не
дүлдүл көсем не бұлбұл шешендердің» ұстаған жолы, беттеген бағыты
Абайға әбден қанық қой, бірақ Абай бар, белгілі соқпақты айпаған. Ол
сол қоғамдық ортада, қазақ халқының өмірінде көпшілікті ұлы ақын өзі
арман еткен әлеуметтік тілек-мақсатқа, үлкен жаңалыққа, прогрестік
қоғамдық даму жолына бастайтын соқпақтың болмағанын аңғартып
отыр. Ендеше жерді соқпақсыз деуде, осы бір ғана сипаттама сөзде,
Абайдың өзіндік ақындық бейнесін, өмірдегі, өнердегі ұстаған жолының,
мақсат-нысанасының қаншалықты жаңа екендігін танытатын терең
мағына жатқаны ешбір талассыз. Сөйтіп, ақын аса маңызды әлеуметтік,
қоғамдық ой-пікірін жер, соқпақ сияқты үйреншікті, қарапайым
сөздермен өте шебер, ұтымды айтып, көркем түрде жеткізіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: