295
сол, айрылмайды
» деп қазақшалаған. «
Слов живых
» дегенге мағынасы
жағынан жақын белгілі жанды сөз деген тіркесті қолданбай, тірі сөз деп
алған.
Осындай бір ғана сөзден тұратын эпитеттерге
қоса бірнеше сөзбен
еркін жасалған
эпитет-сипаттамаларды
да атар болсақ, Абайдың өз
қолтаңбасы айқын белгі беріп тұрған «
қуаты күшті нұрлы сөз», «жалын
мен оттан жаралған сөз...
» деген сияқты мысалдар алдымен ойға
оралады.
Абай ұлы ойшыл, ағартушы ақын болған соң, оның ақылды,
ойды өте жоғары бағалап, зор тұтуы әбден заңды. Бұл ретте ақынның
халық ұғымында қалыптасқан үлгілерге де табан тіреп отырғанын көреміз.
Бұған дәлел – Абайдың ақылды қара қылды қырыққа бөлмек дейтіні.
Ақын ақылды адамының белгісі ақ пен қараны, әділдік пен әділетсіздікті
жаза баспай айырып, әр нәрсеге дәл, әділ баға беруінде деген ой түйеді
де, осы тұжырымын дәлдігі мүлтіксіз таразымен, адаспайтын қазымен
салысты ру арқылы аңғартады.
Абай адамның ең басты қасиеттерінің бірі ақыл деп caнайды: «Үш-ақ
нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Осы
мысалдағы ақылды сипаттайтын нұрлы деген эпитет өзінің сонылығы,
мәнділігімен ерекше көңіл аударарлық.
Сонымен бірге Абай ақылды
ар, ұяттың күзетшісі («
Достарыңызбен бөлісу: