326
тоникалық өлең кіре бастады дегенді тілге тиек етеді, бірақ мұның мәнісі
тіпті басқа. Бұл – шартты түрде айтылатын жайт. Орыс өлеңі бір жүйеден
екінші бір жүйеге аттай берген жоқ. Тілдің табиғатына, құрылысына
сәйкес өлең жүйесін тастап, басқа бір жүйеге
оп-оңай ауыса беруге
болады деу дұрыс емес.
Өлең жүйесінің тілдің құрылысымен тығыз байла нысты екенін
М.Ломоносов бұдан екі жарым ғасыр бұрын айтқан
90
. Орыстың халық
өлеңі де, силлабикалық деп айтылып жүрген өлеңі де, силлабикалық-
тоникалық, тоникалык дейтін өлеңі де негізінен алғанда тоникалық,
бір жүйедегі,
өлеңдер
91
. Тек осы негізгі бір өлең жүйесі әр заманда,
әр кезеңде тарихи-әдеби дамуға байланысты әр қырынан өркендеген.
Силлабикалық өлең дегені белгілі бір кезеңде өлеңде буын санына да
мән беруге ұмтылғандықты ғана танытады (мұның өзі В.Белинский
айтқандай, аса нәтижелі бола қойған жоқ). Силлабикалық-тоникалық
өлең буын саны мен екпінге негізделеді дегенді де белгілі мағынада ғана
түсінуге болады, өйткені екпінді буынға екпінсіз буын қосымша болып
топтасады. Бұл – негізгі шарт. Сонда буын саны туынды нәрсе ғана
болып шығады, сондықтан екпінді буынмен топтаспай тұрған жекелеген
екпінсіз буын есепке алына қоймайды.
Маяковскийден бастап қанат
жайған тоникалық өлеңді алсақ, орыс
халық поэзиясында Некрасов сияқты ақындардың өлеңдерінде бұрыннан
негізі салынған өрнек. Маяковский өлеңі бұрыннан белгілі өлшемдерді,
әсіресе Пушкин, Лермонтов поэзиясында ерекше өркендеп, қолданылып
келе жатқан силлабикалық-тоникалық өлеңді жоққа шығармайды.
Бұл өлең түрлері құрылысы жағынан біртектес. Маяковский өлеңінің
ең басты айырмасы мұнда өлеңді сөйлеу интонациясына барынша
жақындату талабы бар. Сол себепті өлең екпінді буынның тұрақтылығына
негізделеді, екпінсіз буындар аз-көп болып, еркін топтаса береді. Оған
қоса өлеңде синтаксистік-интонациялық жағынан көбірек оқшауланып,
дербес тұрған қысқа сөйлемше, сөздерді қолдану,
соған сәйкес өлең
жолын бірнеше қысқа бөлшектерге бөліп тастау, тармақты қысқартып,
кідіріс
(пауза) жасау, сөйлемнің ажырамайтын бөлшегін тармақтан-
тармаққа тасымалдау тәсілдері жиі пайдаланылады.
Маяковский өлеңінің тәжірибесіне үңіле зейін салып, ұтымды
жақтарын қазақ өлеңінің ерекшелігін ескере отырып, орнымен пайдалану
әрине, маңызды, өте қажет нәрсе. Мұны поэзияда қалыптасқан өлең
жүйесін
өзгертіп-бұзу, оған басқа жүйедегі өлең өлшемдерін әкеп
енгізу арқылы емес, керісінше, ұлттық өлең құрылысының барлық
мүмкіншілігін толығынан пайдалану арқылы ғана іске асады. Озық
90
Ломоносов М.Письмо о правилах Российского стихотворства. Полн. собр. соч., VII том. стр. 9-18.
91
Тимофеев М.И. Очерки истории и теории русского стиха. М., 1958. стр. 314.
327
әдебиет әсері ұлттық әдебиеттің бар байлығының көзін тереңдеп ашып,
өркендете беруге себебі тию арқылы көрінуі заңды құбылыс.
Басқа
әдебиеттегі дайын үлгі-өрнекті көп қиналып ізденбей-ақ қазақ өлеңіне
әкеліп қондыруға болады деуі дұрыс емес.
Осы айтылғанның дұрыс екендігін Абайдан бергі әсіресе, со-
вет дәуіріндегі әдебиетіміздің өркендеу тәжірибесі толық дәлелдейді.
Абай Пушкин, Лермонтов поэзиясының ырғақ-өрнек, интонациялық-
синтаксистік құрылысындағы бірталай үлгілерді қа зақ поэзиясында
өңдеп, түрлендіріп, шебер пайдаланған. Сәкен, Ілияс,
Сәбит секілді
ақындарымыз Маяковский поэзиясының ырғақ-интонациялық байлығын
еркін игеру арқылы қазақ өлеңін, оның өлшем, шумақ, ұйқас түрлерін
молықтырып, байыта түсті.
Қазақ өлең жүйесінің өзінше бітімі болуы, ырғақтың буынға
негізделуі, тармақтың да буын санымен белгіленуі – мұның бәрі тілдің
құрылысына, алдымен дыбыстық яғни
Достарыңызбен бөлісу: