Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет206/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
Сен, құрметте 
оны!
» дегенді 6 буын етіп те, сөз арасында екі дауысты қатарласып 
келетіндіктен алғашқысын түсіріп, 5 буын етіп те айтуға болады. Сонда 
өлең тармақтары бес-алтыдан бастап 11 буынға дейін әртүрлі болып 
түсе береді, бірақ олардың дені 7, 8, 9, 10 буынды. Осы ұзынды-қысқалы 
тармақтардың бунақталуы да әр қалай, белгілі өрнек қалпын қатаң 
сақтау кездеспейді. Өлеңде шумақ, ұйқас берік сақталған, әр шумақ 
төрт не алты тармақтан құралған. 
Ұйқасы аттамалы
, үнемі жұп санды 
тармақтар үйлесіп отырады. Ал өлең ырғағы барынша ерікті, толқымалы. 
Сөйлемдердің интонациясы, синтаксистік құрылысы әндетпей, дауысты 
еркін құбылтып сөйлеуге, жеке сөзді, қысқа сөйлемшені оқшаулап, бөліп 
алып, нақ-нақ айтуға өте ыңғайлы. Бірінші тармақтағы «
сен
», үшінші 
тармақтағы «
ол
» деген сөздер осылай дауыстың екпін-ырғағымен 
оқшауланып, баса айтылады.


386
Сөйлеп оқуға лайықталған, ырғағы емін-еркін өзгеріп отыратын 
өлеңнің Әбу Сәрсенбаев поэзиясындағы тағы бір нұсқасы мынау:
Мазасыз Украина түні! 
Түн түнеріп, тағы да төбемнен үңілді. 
Ай мен жұлдызды артқа жасырып, 
Түн қара түнегін киінді. 
Қатерлі өлім көлеңкесі 
Менің жүзіме келіп үңілді. 
Мазасыз Украина түні!.. 
Мен окопта отырмын, 
Батыстан алмай көз қырын. 
Тынысымды ішке тартып
тыңдаудамын 
Тіміскілеген сұм ажал! 
Сұм ажал төңірегім.
Мен окопта отырмын 
Бүгін естілмейді бұлбұлдың жыры, 
Тек мазасыз зеңбірек күркірі.
Жаралы алыптай теңселуде бүгін,
Бауыры жыртылып
Украина қыры.
Қызыл нүктелер көкке көтерілуде,
Оның денесінен ыршыған 
ыстық қан тәрізді
Бүгін естілмейді бұлбұлдың жыры.
Мазасыз Украина түні!
Түн түнеріп тағы да 
төбемнен үңілді.
Көтерілді өлім көлеңкесі
Тіміскілеп кеп, окобыма үңілді.
Бірақ мен үрейден аулақпын,
Өңештен алмақпын өлімді!
Мазасыз, мазасыз, 
Украина түні!
Осы өлеңдегі төрт шумақтың бәрі жеті тармақты, ұйқастардың 
реті де үнемі біркелкі сақталады. Шумақтың басындағы жыр жолы 
«сақина» тәсілімен шумақтың соңында қайталанып отырады. Шумақ, 
ұйқас өлеңге тән өрнектіліктің белгілері екені рас, бірақ өлеңге өзгеше 
сипат беріп тұрған басқа нәрсе бар. Ол – тармақтардың көлемі, ішкі 
құрылысы барынша өзгермелі болып келетіндігі. Бірінші шумақта 
төрт тармақ 9 буынды да, қалған үшеуі – 10 не 13 буынды. Екінші 
шумақта үш тармақ 7 буынды да, қалғандары 8, 9 не 12 буынды. Үшінші 
шумақтағы тармақтардың дені 11 не 12 буынды. Ал төртінші шумақтағы 
тармақтардың біреуінен басқасы 9 не 12 буынды. Өлеңде бір 15 буынды 
тармақ, бірлі-екілі 13 буынды тармақ та кездеседі. Яғни тармақтардың 
көлемі айқын өлшеулі емес, бірақ мүлде шексіз де емес, әр шумақ 
ішіндегі тармақтардың көпшілігінің ырғағы қалайда бір-біріне ыңғайлас 
келіп, бір-екі буыны ғана артық-кем түседі. Кей де ғана басқалардан 4 не 
5 буыны артық тармақ кездесіп қалады. Осының бәрі сөз жоқ, 
өлеңнің 
айтылу, оқылу қалпын
сөйлеу тіліндегі дауыс толқынының өз бетінше, 
табиғи түрінде жоғарылап, төмендеп отыруына сәйкестендіру үшін 
істелген, әрі сәтті шыққан.
Әбділда Тәжібаевтың «Құрдасқа» атты өлеңі де назар аударарлық. 
Талдап қарау үшін оның алғашқы жарымын алсақ та жеткілікті.


387
Иә, екеуміз бір күн тудық,
Құрдасжан,
Бірге көрдік жарықты.
Содан бері айнымастан,
Айрылмастан бірге жасап келеміз.
Есіңде ме құмда үйрілген құйынның
Жолымызды тосқаны?
Есіңде ме аждаһадай боранның 
Аранын бізге ашқаны?
Тоқтадық па, сонда біз?
Жоқ!
Сенсіз, досым, жалқымын,
Сенсіз, досым, жартымын,
Құрдасым,
Сен жігіт шақта қандай ең?
Адамзаттың алыбындай едің-ау!
Тау селдерін бас білдірер асаудай
Тулаған, шыңғырған күйде жетелеп
Апардың ғой шөл далаға төтелеп…
Мұнда ақын өлеңнің ырғақтық құрылысына негізгі арқау етіп екі-үш-
ақ түрлі өрнекті алады: 4 буын + 4 буын + 3 буын және 4 буын + 3 буын 
немесе 3 буын + 2 буын + 3 буын. Бұл өрнектер де түрліше алмасады 
және кейде осы тармақтардың ырғағы басқаша (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет