Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет202/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
аабввбгг
. Шумақта төрт 
түрлі үйлесім белгілі ретпен араласып келед және үйлестен тыс қалатын 
бірде-бір тармақ жоқ. Осының өзінен-ақ ақынның ұйқасты шумақ 
өрнегін ұстартып, жетілдіре түсудегі аса қажет құрал етіп, түрлендіріп 
пайдалануға қаншалық зор мән бергенін аңғарамыз. Мұндай бір шумақта 
төрт үйлесім қа тар алынатын өрнек қазақ поэзиясында Абайдан бұрын 
болған емес. Ұйқастың әртүрлі келіп, сан жағынан көп болуын айтумен 
ғана бітпейді. Олардың шумақтағы кезектесу реті ұтымды екенін ерекше 
атап кету де қажет.
Қатар келетін қысқа тармақтар егіз ұйқаспен үйлеседі, бірақ қысқа 
тармақтардың егіз ұйқасы шумақтың алғашқы бөлшегінде бір түрлі де, 
екінші бөлшегінде екінші түрлі. Үш тармақты екі бөлшекті жанастырып, 
біріктіруде соңғы тармақтардың үйлесуі де жеткілікті. 
Қысқа тармақтардағы егіз ұйқастың екінші рет қайталанбауы ырғақ, 
интонацияны барынша оралымды, икемді етуден туған. Соңғы екі 
тармақтың да үйлесі – егіз ұйқас, ұзын тармақтардың ұйқасы әр шумақта 
әртүрлі болғандықтан әсерлі шығады.
Ұйқас туралы айтқанда, оның 
үнділігі, сапалық
жағы ескерілуі керек. 
«Сегіз аяқта» қысқа тармақтарда үнемі 2 буынды ұйқас, ұзын тармақтарда 
көбінесе 3 буынды ұйқас қолданылады. Демек өлең ұйқасы тармақтағы 
соңғы бунақты түгелдей қамти алатын болса, ақын осы мүмкіншілікті 
неғұрлым толық пайдалануға ұмтылған. «Сегіз аяқтың» өлең ырғағы, 
шумағы, ұйқасы өлеңнің мазмұнына, ондағы ой-сезім өзгешелігіне 
мейлінше сәйкес. Өлең ырғағының әуезділігі, оралымдылығы, өзгеріп, 
түрленіп отыруға бейімділігі көркем түрді мазмұн байлығына, ой 
тереңдігіне үйлестіре білу шеберлігінен туған. «Сегіз аяққа» тән 
жарасымдылық, асқан көркемдік зор ақындық қуатты, асқан шеберлікті 
танытады.
Абай поэзиямызға тыңнан қосқан «Сегіз аяқ» секілді өлең 
өлшемдерінен біз ақынның қазақ өлең құрылысының өзгешеліктерін, 
сипат-ерекшеліктерін терең түсінгенін көреміз. Абай халық тілінің 
ырғақ-интонациялық байлығын жақсы сезінді, ең ұтымды ырғақтық 
өрнектерді талғап, екшеп алып, жаңа ұтымды өлшеулер туғызды. Қазақ 
тілінің үнділік, әуезділік сипаттарын толығынан ашып бере білді. 
«Сегіз аяқ» өлшемімен Абай бір-ақ өлең жазса да, осы өлеңнің кестесі 
қазақ поэзиясында берік орнықты. Біраз ақындар «Сегіз аяқ» өлшемін 
қолданды, бірақ осы күрделі, қиыннан қиыстырылып жасалған өлең 
өрнегіне сай көркемдік қуаттылық танытқан адам некен-саяқ. Дегенмен, 
бұл өлең өлшемінің поэзияда өзіне тиісті орнын алып келеді.


374


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет