Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет201/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
үш топқа
бөлуге болады.
1) Ауырмай тәнім, 
Ауырды жаным,
Қаңғыртты, қысты басымды.
2) Тарылды көкірек, 
Қысылды жүрек,
Ағызды сығып жасымды.
3) Сүйеніп күлкі, тоқтыққа,
Тартыпты өнер жоқтыққа.
Алғашқы үш тармақ бөлектеніп тұрғанымен, ырғағы дауыс 
толқынының өзгеру, тынуы жағынан алғанда толық тиянақты емес. Тек 
осы алғашқы үш тармақтың құрылысын, ретін айнытпай қайталайтын 
келесі үш тармақтың соңында ғана ырғақ, ин тонация тиянақты 
болатынын көреміз. Осы екі топтағы үш тармақтан құралған шумақтың 
екі бөлшегінің арасын ажыратып тұрған да, оларды жақындастырып 
тұрған да – ырғақтың құрылыс-өрнегінің толық ұқсас болып, бірін-
бірі түгелдей қайталайтындығы. Соңғы екі тармақтың шумақ өрнегін 
толықтыру, түрлендіруде мәні ерекше зор. Мұндағы 7 (8) буынды 
тармақтар алдыңғы екі топтағы соңғы тармақтардың құрылыс өрнегін 
қайталап, өріліп шығатыны байқалады.
Соңғы екі тармақтың дербестік сипатын синтаксистік құрылысы, 
мағынасы жағынан бөлектеніп тұрғандығы арттырады. Мұнда көбінесе 
шумақтағы ойды түйіндеп, қорытындылайтын, 
нақыл сөз
секілді 
тұжырым пікір айтылып отырады. Мысалы:
Бойда қайрат, ойда көз, 
Болмаған соң айтпа сөз. 
Еңбек қылсаң ерінбей, 
Тояды қарның тіленбей, 
Ойнасшы қатын болса қар, 
Аңдыған ерде қала ма ар? 
Баяғы жартас – бір жартас
Қаңқ етер, түкті байқамас. 
Моласындай бақсының 
Жалғыз қалдым, тап шыным.
Бұлардың мағынасы жағынан дербес, тиянақты екенін олардың көбі 


373
мақал, нақыл сөз түрінде кең тарап кеткенінен де айқын байқауға болады. 
Жалпы алғанда, «Сегіз аяқтың» өте шебер өрнектелген ырғақтық 
құрылысы терең ойлы лирикалық өлеңге лайықталып жасалған.
Шумақтың ырғағына, дауыс толқынының өзгеру ретіне ұйқас та 
әбден сәйкес келіп отырады. Ұйқас кестесі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет