Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет210/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
«Сөз өнері» 
(«Әдебиет теориясының негіздері», 1970)
 
Зейнолла 
Қабдоловтың қазақ әдебиетінің теориялық мәселелері мен тарихын 
зерттеуге арналған іргелі зерттеуі. Бүгінгі күнге дейін «Сөз өнері» 
деген атпен бірнеше рет (1973, 1976, 1982, 1992, 2002, 2007) өңделіп, 
толықтырылып қайта жарияланды. Ғалым «Бастау» (1970) атты 
алғысөзінде былай дейді: «Қазақтың әдебиет тану ғылымы туу, қалыптасу 
дәуірінен өткелі қашан! Бұл ғылымды бүгін де жас деуге де болмайды, 
бұл ғылым қазір жан-жақты даму, үздіксіз өсу, өркендеу кездерін бастан 
кешіріп отыр»
112
. Ғалым «Әдебиеттану» деп А.Байтұрсынұлынша 
жазады. Сонымен қатар әдебиеттану ғылымында «әлгі күнге кенжелеп 
келе жатқан сала – әдебиет теориясы» деп З.Қабдолов нақтылайды. 
Әдебиеттанушы осыған орай Қ.Жұмалиев, М.Қаратаев, З.Ахметовтің 
әдеби тіл мен стиль, көркемдік әдіс пен өлең туралы зерттеулерін атайды. 
З.Қабдолов Қ.Жұмалиевтің орта мектепке арналған «Әдебиет теориясы» 
(1960) мен Е.Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелері» (1940) 
кітаптарын теориялық еңбектер деп айқындап береді.
Бұл жинаққа томның көлеміне байланысты тек қана «Сөзбен 
сомдалған тұлға», «Сөзбен шыңдалған шындық», «Сөз өнері жайлы 
ғылым», «Сөз сарасы», «Сөз өнеріндегі тек пен түр», «Сөз өнеріндегі 
бет пен бағыт», «Сөз соңы» тарауларын қысқартып берумен шектелдік. 
Жинаққа тарауларды 2007 жылы жарық көрген «Сөз өнерінен» алып, 
пайдаландық.
 «Ахаңның әдеби қисындары» 
– зерттеу мақала. Тұңғыш рет 1990 
жылы шілде айында Қазақстан Жазушылар одағында өткен Ахмет 
Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған конференцияда 
жасалған ресми баяндама. З.Қабдолов тәуелсіздік көзімен «Әдебиет 
танытқышты» арнайы ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, зерттеу 
еңбектің тарихи орнын анықтап берді.
З.Қабдолов қазақ топырағындағы әдебиеттану ғылымы туралы
«Ақтаңдақтар ақиқаты», А.Байтұрсынұлы туралы былай дейді: «...біздің 
әдебиеттануда күні кешеге дейін кенже қалып келген сала – әдебиет 
теориясы. Әдебиет теориясын зерттеу ісі кенжелеу жатты дегенде біз 
112
Қабдолов З. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. – Алматы: Рауан, 1996. – 256 б.


395
шындыққа көз жұма қараудан аулақпыз. Ахмет Байтұрсынов 1926 жылы 
өзінін әйгілі «Әдебиет танытқышын» кітап қып бастырып шығарды. Бұл 
біздің жыл санауымыздан үш жүз жиырма алты жыл бұрын Эллада елінде 
жарық көрген Аристотельдің атақты «Поэтикасы» тәрізді сөз өнерінің 
болмысы мен бітімін жүйелі байыптайтын қазақ топырағындағы тұңғыш 
теориялық зерттеу еді»
113
.
А.Байтұрсынұлы «тағдыр тәлкегіне» түскен тұста «Әдебиет 
танытқыш» та авторымен бірге жойылып кетті. Бұл еңбекті пайдалану 
былай тұрсын, оның атын атаудың өзі қылмыс боп есептелді. Ғалым 
қалыптастырған әдеби терминдерді қолданған Есмағамбет Ысмайылов 
пен Зейін Шашкиннің жазбалары да «Әдебиет танытқыштың» аяғын 
құшқаны белгілі.
ХХ ғасырдың 70-жылдардарына дейін студент-филологтар мен 
журналистердің қолында жүрген бірден бір құрал – Қажым Жұмалиевтің 
орта мектепке арналған «Әдебиет теориясы» ғана болғанын З.Қабдолов 
осы зерттеу-мақаласында қадап-қадап айтады.
Кейін «Ахаңның әдеби қисындары» зерттеуі ғалымның «Көзқарас: 
Талдаулар мен толғаулар» (1996) және «Сөз өнері» кітабына енген. Біз 
2007 жылы «Санат» баспасынан жарық көрген «Сөз өнерінен» алып 
пайдаландық. Зерттеу-мақала өзгертілмей, түпнұсқа қалпында берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет