Сабақтың мақсаты: Білімділік: Адамдармен қарым-қатынас жасау өнері, дағдылары, құралдары, қағидалары жайлы білім беру



Дата27.12.2016
өлшемі27,42 Kb.
#6196
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:Тіл табыса білу өнері. Тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдылар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Адамдармен қарым-қатынас жасау өнері, дағдылары, құралдары, қағидалары жайлы білім беру.

Дамытушылық: Адамдармен жақсы тіл табыса білу дағдыларын, көркем сөйлеу қабілетін, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Сөйлеу мәдениетіне, сыпайылыққа, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Сөйлеу шеберлігіне байланысты нақыл сөздер, презентация.

Сабақтың әдіс-тәсілдері мен технологиялары: түсіндірмелі талдау, сұрақ-жауап, іскерлік ойын.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі:Жаңа білімді игерту,беру.

Сабақтың барысы: А) Ұйымдастыру.

Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу.

Б) Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақтарға жауап алу:


  1. Тілдік норма дегеніміз не?

  2. Сөздер қолдану жиілігіне қарай қалай бөлінеді?

  3. Актив сөздер дегеніміз не?

  4. Пассив сөздер дегеніміз не?

В) Жаңа сабақ

1.Іскерлік әңгімелер мен келіссөздерді жүргізу кезіндегі қарым-қатынастар жөнінде түсінік беру.

2.Американдық миллионер Дж.Д.Рокфеллердің пікірін талдау.

3.Қарым-қатынас құралдары жайлы түсінік беру.

4.Адамдармен тіл табыса білудің құпиясы жайлы түсініктер беру.

5.Американдық жазушы Ральф Уолдо Эмерсонның сөзін талдау.

6.Адамдармен тіл табысып, жүрегіне жол таба білу үшін қолданылатын қағидалар.

7.Әңгіме барысында келіспеушіліктер кезінде қолданылатын сөздер тобымен таныстыру.

8. Ұлы данышпан Сократтың сөзін талдау.

І тапсырма.Фонологиялық талдау үлгісімен таныстыру.

ІІ тапсырма. Сатылай кешенді талдау . 6-жаттығу

Іскерлік, еліктегіш, бейімдеуші деген сөздерге үлгі бойынша фонологиялық талдау жасау.

ІІІ тапсырма.Мәнерлі сөздің мәнін ұқ.

24-жаттығу.

1.Мақалдарды жаттап алыңыз.

2.Қарамен жазылған сөздерді үлгі бойынша талдаңдар.

3.Тілге байланысты білетін мақал-мәтелдерді еске түсіріңдер, дәптерлеріңе жазыңыздар.

1. Тіл-буынсыз,ой-түпсіз.

2.Өзен тауымен көрікті,

Өріс малымен көрікті.

3.Көп ішінде сөйлеген –

Көсемдіктің белгісі.

Көпке сөзі ұнаған –

Шешендіктің белгісі.

4.Сөз қадірін білмеген,

Өз қадірін білмейді.

5.Тамақты асығып ішпе түйілерсің,

Сөзді асығып сөйлеме, күйінерсің.

Даналық сөзден дән ізде.

26-жаттығу.

1.Мәтіннің мазмұнына сай ойларыңды қосып әңгімелеңдер.

2.Ана тіліне байланысты тағы қандай ақын-жазушылардың шығармаларын білесіңдер?

Сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. «Тіл табыса білу» ұғымын қалай түсінесіңдер?

  2. Тіл табысуға қажетті құралдар?

  3. Тілдің көмекші құралдарына не жатады?

  4. Тіл табысуға қажетті қандай қағидаларды білесіңдер?

  5. Әңгіме барысында қандай тіркестерді қолдануға болмайды?

  6. Қандай сөз орамдарын қолданған тиімді?

Сабақты қорытындылау, бағалау.

Үй тапсырмасы:



1.Тіл табысуға байланысты деректер жинау.

2.Адамның қандай қасиеттері өзгелермен тіл табысуға игі ықпалын тигізеді деп ойлайсыңдар? Даналық сөздерге сүйеніп, өз тұжырымдамаларыңды жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет