118
4
/Жерің мынау,/
4 3
/Жасыл жолақ/ /кілемдей./
4
/Желің мынау,/
4 3
/Жігіт айтқан/ /өлеңдей./
(Ілияс)
Шумақ төрт жолдан тұрады: 4 буынды тармақпен 7 буынды тармақ
ұластыру арқылы синтаксистік бір ойды беріп тұр.
Әр жолы 10 буыннан құрылатын шумақтар ескі эпостық жырларда,
«Алпамыстың» қарақалпақ вариантында кездеседі. Мы салы:
«/Айыл
тартқаным/ /бедеудің белі,/ /Ішкен сусыным/ /Байсынның көлі
».
Бұл тек сол «Алпамыста» ғана. Басқа жыр, өлеңдерде ұшыраспайды,
ал соңғы кездегі ақындардың өлеңдерінде 10 буынды өлең жекеленіп,
өзінше әнге салып та, тақпақтап та айтуға болатын өлеңнің қатарына
қосылды.
/Оқ
тиді келіп,/ /қайратым кеміп,/
/Барамын сөніп,/ /келмейді өлгім,/
/Тұрғандай сол қыз/ /жаныма келіп,/
/Талпына берді/ /қайран жас көңілім!/
/Көрсетпей жүзін,/ /естіртпей сөзін,/
/Қаһарын төгіп,/ /тұр долы соғыс./
/Арманым бар ма,/ /өлсем бір көріп,/
/Қайда екен, қайда,/ /дариға, сол қыз?!/
(Қ. Аманжолов)
Бұл екі шумақ осы тұрғысында синтаксистік бір ой төрт жолдан
бітіп тұр. Ішкі ұйқастарын еске алмай,
ойдың қалай аяқталуын
қуаласақ, әр жолы 10 буыннан құралады. Қазір осы өлеңнің үлгісімен
жазып жүргендер де бар. Сондықтан 10 буынды өлең қазақ өлеңінің
өзінше бір түрі ретінде тұрақталар деп ойлаймыз. Бұрын 9 буынды
өлеңдер тек әннің текстерінде ғана кездессе, қазір бұл да әнсіз, жеке
өлең қатарында газет, журналдардың бетінде бірен-сарандап көріне
бастады. Жас ақын Ғаббас Жұмабаев: «Бұл болар ең ақтық зор шайқас»
деген өлеңін бірыңғай 9 буынмен жазды. Осы өлеңнің ең жақсы деген
бір шумағын келтірелік:
119
/Қырмызы/ /ту етіп/ /еңбекті,/
/Қаһарман/ /ұл, қызың/ /ер жетті./
/Жұлдызың/ /жарқырап/ /аспанда,/
/Жаңғырды/ /нұрынан/ /жер беті./
Үш бунақты қара өлең ұйқасымен келеді. Бұл жас ақынның алғашқы
талпынысы, сол
арқылы өлеңге бір жаңа ырғақ, жаңа тыныс енгізсем
бе деген жақсы үміт. Құлаққа естілуі көңілге қонымдылық, сезімді
оятарлық күші әлі жетпей жатыр. Ол ақынның күшсіздігінен емес, 9
буынды өлеңнің өзіне тән тыныс интонациясынан.
Қанша бір әдемі
сөздерді қолданып күшейтпек болса да, сөз тіркесі өлең ырғағынан гөрі
қара сөзді еске түсіреді. Тым байырғы, тіпті сылбыр. Өлеңге тән өрлік,
өктемдік оқушыны ертіп әкете алмайды. Зерттеушілер болмаса оқырман
жұртшылық оны білмейді. Мұндай өлең құрылыстары еліктеуден туады.
Әрбір өлең құрылысына енетін жаңа түрлердің негізінде еліктеу емес,
өмір, әлеумет өміріндегі әр алуан өзгерістер жатса ғана оның әдебиеттік
мәні болмақ. Жаңа өлең түрі жаңа өмір, ұлы өзгерістердің сәулесі ретінде
дүниеге келеді. Егер жаңа түр, жаңа ырғақ өмір тілегінен туса, көпке
созылмай-ақ жаңалықты мойындауға мәжбүр болады.
Қазақ поэзиясында Сәкен Сейфуллин,
орыс поэзиясында
В.Маяковскийдің жаңа түрлерінің әдебиетке ену тарихы бұған дәлел.
Форма жағынан алғанда Маяковскийдің орыс өлең түрлеріне енгізген
жаңалығы тоникалық өлең құрылысына негізделсе, Сәкеннің қазақ
өлең құрылысына енгізген жаңалығы силлабикалық өлең құрылысына
негізделді. Сәкен алғаш рет әдебиет майданына шығып, аты мәлім бола
бастағанда, өзіне шейінгі қазақ поэзиясының үлгісінде жазды. Олардың
жақсы үлгілерінен үлгі, өнеге алды.
Достарыңызбен бөлісу: