Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет75/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Жеті буынды өлең.
Көп өлеңдер ылғи 7 буыннан құралады. Бұл да 
екі бунақты болады. Мұның алдыңғы бунағы кілең 4 буыннан құралады 
да, соңғы бунағы кілең 3 буыннан құралады. Таза 7 буынды өлеңдер бұл 
өлшемнен аспайды, сондықтан мұны 7 буынды өлең дейміз. 
4 3
Ханның кірген/ /ақ орда/

4 3
/Бұзуын ойлап/ /кеңестік./


4 3
/Аламанға/ /жел бердік,/
4 3
/Аса жұртты/ /меңгердік,/
4 3
/Қара қазақ/ /баласын/


115
4 3
/Хан ұлына/ /теңгердік./
4 3
/Өздеріңдей/ /хандарды,/
4 3
/Қарны жуан/ /билерді/
4 3
/Қабырғасын/ /сөгілтіп,/
4 3
/Қабырғадан/ /аққан қан/
4 3
/Ат баурына/ /төгілтіп,/
4 3
/«Әділ» жаннан/ /түңілтіп,/
4 3
/Ат артына/ /өңгердік./
(Махамбет)
Жалғыз бұл үзінді емес, таза 7 буыннан құралатын поэма
басқа да өлеңдер көп. 7 буынды өлең ылғи бұлай болып келмей, 
8 буынды өлеңмен аралас келіп отырады. Ескі жырлардың бір 
тармағы 7 буынды боп келсе, екінші тармағы 8 буынды боп келеді 
және бұл сол ретпен келе бермейді. Кейде 7 буынды тармақтар 
көпке шейін қатарлас келеді. 8 буынды тармақ та сол сықылды 
ара сына 7 буынды салмастан, 8 буын болып, бірнеше жолға шейін 
барады.
7 буынды мен 8 буынды тармақтарды аралас келтіруді Абай да 
көп қолданады. Оның «Татьянаның хаты», «Онегиннің сөзі» деген 
өлеңдерінің бір тармағы 8 буын да, екінші тармағы 7 буын, бірақ 
Абай сол өлшемнен аспайды. Өлеңінің басынан аяғына шейін бірінші 
жолы 8 буын, екінші жолы 7 буын болып келеді.
Мұны Абайдың басқа өлеңдерінен де табуға болады. Ал жырларда 
олай емес, кей жолы 7 буынмен бірнеше жерге шейін барады да, 8 
буынды жолға кеп түседі. Сәлден кейін 7 буынға қайта түседі, сөйтіп 
айнымалы болады. Бұл жыр өлеңдеріндегі бір ерекшелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет