171
табиғатын елемейтін болсақ, онда нағыз сыншыл талдаудың орнына,
сөзсіз, жал пы пайымдауларға» ұрынамыз. Бұлайша жалпылама
пайымдасақ, «шынында да, Онегин мен Печориннің әлеуметтік-
таптық «мәні» бір сияқты, бірақ олардың әрқайсысын біз өзіне тән
құштарлықтары, өзіне тән тағдыры тағысын тағылары бар айрықша
адамдар ретінде қабылдаймыз»
42
. Сондықтан болса керек Пушкиннің
замандастары оның Онегинін «белгілі бір әлеуметтік күштің мәнінің
жиынтығы» деп қараған жоқ, сол кездегі дворян жастарының тірі өкілі
іспетті типтік тұлға деп таныды. Онегиннің «өз басым, – деп жазды
Бестужев Пушкинге, – өңімде мыңын көрдім»
43
.
Әр жазушының творчестволық лабораториясын зерттеген адам оның
өмір шындығын көркем жинақтау яки әдеби бейнелерді типтендіру
әрекеті, көбіне әр типке прототип табудан басталғанын байқар еді.
М.Әуезов эпопеясының әр типінің өмірде моделі-прототипі болған.
С.Мұқановтың Амантайының түп төркіні Амангелдіде жатса, Балуан
Шолағы – Балуан Шолақтан, Шоқаны – Шоқаннан, Сәкені – Сәкеннен
туды. Ғ.Мүсіреповтің Ақаны мен Қайрошы да солай. Ал Х.Есенжанов
трилогиясындағы типтер ше?! Бәрінің негізінде прототип жатыр.
Задында, прототип реалистік шығармалардағы көркем бейнелерді
нанымды етудің, шындықты шынайылаудың құралы секілді.
Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер
болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын
қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды.
Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып
тұратын, оның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын
психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын
жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып,
ұштасып жату себебі де сондықтан деп білу керек.
Мінез деген не?
Достарыңызбен бөлісу: