Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет114/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Композиция
(латынша 
composite
– 
құрастыру, қиыстыру
) бірер 
сөзбен айтқанда, 
көркем шығарманың құрылысы. 
Алайда мұны 
құрылыс
деген сөзге қарап тек пішінге ғана байланысты ұғым деуге 
болмайды, композиция мазмұнмен тікелей байланысты нәрсе: ол
 – 
әдеби 
шығарманың сыртқы түрінің ғана симметриясы емес, сонымен қатар 
ішкі сырының да гармониясы. 
Композция сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, 
композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды 
пішінге көшірудің құралы һәм тәсілі. Оның үстіне, бұлар да мазмұн мен 
пішін, не тақырып пен идея секілді біріне-бірі көшіп отыратын нәрселер; 
мәселен, композициялық бүтіндік, тұтастық жоқ жерде сюжет те жоқ. 
Сюжет – сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі 
бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет. Бұл да сюжет пен 
композицяға тән бірлік.
Сюжет пен композицияның осындай өзара бірлігін түсіне тұра олардың 
бір-бірінен өзгешелігін де ажырата білген жөн. Қандай өзгешелік?
Біріншіден, сюжет кез келген көркем шығармада бола бермейді. 
Мысалы, мына өлеңді оқып қарайық:
Өзіндей ұяңсың сен ар-ұяттың 
Өзіндей қиялсың сен табиғаттың.
Өзендей көкірегімде ағып жаттың,
Жалындай көкірегімде жанып жаттың.
Кешкілік серуен құрып, бақта жүріп,
Сыр шерттің ақ жаныңмен ақтарылып.
Нұрымен көздеріңнің қалды сонда,
Жазылып жүрегіме автограф.
(С.Мәуленов)
Бұл айтып отырғанымыз яғни композицяның барлық шығармаларда 
түгел болатыны – оның сюжеттен бір өзгешелігі десек, екіншіден, 
композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды
сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға 
салады. Бұл ретте, композиция сюжеттен гөрі кең деп білу қажет.
Сюжеттің басталуы
(латынша 
exspositio 
– дәйектеме) оның кіріспесі 
іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес 
бұрынғы хал-жағдай, тіріиілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар 


187
алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі – ол 
шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал 
жасамайды, тек мезгіл мен мекенге мегзеу, дерек, дәйек ретінде ғана 
қалады. 
Бұл – сюжеттің әдеттегіше классикалық басталуы, мұны, шартты 
түрде, 
тура экспозиция
деуге болар еді. 
Шарықтау шегі
(латынша 
саlтеп
– шың) – cюжеттік дамудың ең 
жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше 
күшейіп, өрбіп жеткен жері; шығармадағы драмалық тартыстың өрістеп 
шыққан биігі. 
Шешім
(орысша 
развязка


шығарма сюжетінің де шешуші 
кезеңдерінің бірі; суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына 
шығарған «үкімі»; адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, 
күрделі күрестің бітуі; түрлі тағдырлар тартысынан туған нақты 
нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал-күйі; күллі құбылыс-
көріністердің соңғы сахнасы.
 
Композицияның құрамына сюжеттің кезең-кезеңдері ғана емес, 
сюжеттен тыс нәрселер де кіретінін біз жоғарыда айттық. Солардың бірі 
– 
пролог
(грекше 
prologos 
– алғы сөз) – көркем шығармаға кіріспенің бір 
түрі.
 
Пролог әр тұста әр сипатта болған. Мысалы, көне Грек трагедияларында 
көрермен көңілін сахнаға аударар арнау, жарлау ретінде де қолданылған. 
Прологпен қатар тоқтала кетуге болатын бір нәрсе – 
эпилог
(грекше 
epilogos
– соңғы сөз) көркем шығарманы қорытудың бір түрі
:
тартыс 
аяқталып, өзекті оқиға біткеннен соң, сюжеттік шешімнен кейін келіп, 
басты қаһармандардың одан арғы хал-күйінен қысқаша мәлімет береді де, 
сол арқылы автордың негізгі идеясын толықтыра, кейде тіпті тереңдете 
түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет