Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет115/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

СӨЗ ӨНЕРІ ЖАЙЛЫ ҒЫЛЫМ
Әдебиеттің теориялық мәселелері, әдетте, дәл осы тараудан яғни 
әдебиеттану жайын, оның ғылымдық сыры мен сипатын, әр алуан 
ғылыми салаларын талдап түсіндіруден басталатын. Біз олай етпедік, ой-
пікірлерімізді әдебиет туралы ғылмнан емес, әдебиеттің тура өзінен, яки 
әдебиет туралы жалпы түсініктен бастадық. Неге?
Әдебиеттің өзі әдебиет туралы ғылымнан тумайды, керісінше, 
әдебиет туралы ғылым әдебиеттен туады. Әдебиет жоқ жерде әдебиет 
туралы ғылым болуы да мүмкін емес. Ендеше, әдебиет туралы ғылымнан 
бұрын, алдымен әдебиет дегеннің өзі не нәрсе екенін, әдебиетті жасаушы 
суреткер жөнін, сөз өнерінің қоғамдық бітімі мен идеологиялық пішінін 


188
жалпы түрде бір байыптап алу шарт. Біз солай еттік, нәтижесінде сөз 
өнері жайлы нақты ұғым-тұжырымдарға келдік. Енді сол сөз өнері 
жөніндегі ғылымды, оның туу, даму тарихын қысқаша шолып өтіп, одан 
әрі бірыңғай теориялық толғамдарға көшіп кетуге мүмкіндік бар. Соған 
кірісейік.
Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым. Бұл ғылымға бет 
ашар тәрізді әдебиеттің табиғатына тән ең бір қарапайым қағидалар, 
ілкі түсініктер «Әдебиеттануға кіріспе» деп аталатын арнаулы пән 
арқылы талданып, тексеріледі. Одан арғы күрделі мәселелердің бәрі 
әдебиеттанудың өзге салаларының үлесіне қалады. Ал әдебиет туралы 
ғылым, негізінен, мынадай үш түрлі ғылыми салаға бөлінеді: 
әдебиет 
теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны.
Әдебиет теориясы 
көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, 
әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен 
мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық, 
қызметін, көркем шығарманы талдаудың принсптері пен методикасын, 
әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби 
ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін түп-түгел әдебиет теориясынан 
ғана танып-білуге болады
Оқырман бір роман оқыды. Кітаптың кей жеріне қызықты, кей жерінен 
жалықты. Бір алуан беттер оны әртүрлі күйге салды: қуантты, ренжітті, 
күлдірді, жылатты, әйтеуір тебірендірді, толғандырды да ойландырды... 
Сонымен, ол әлгі ромаңды оқып бітірді. Соңғы бетін жапты. Ал қалай 
екен?! Роман ұнады ма, ұнамады ма?
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін бір жағынан, тіпті ойланудың 
керегі жоқ; ұнады не ұнамады дей салуға болады. Екінші жағынан, 
неге ұнағанын немесе неге ұнамағанын айту үшін ойланбауға тіпті де 
болмайды. Жә, оқырман ойланды делік: роман несімен ұнады немесе 
неменеге ұнамады? Бұл қиын сауал. Алдымен осы сауалға жауап берер 
оқырманның әдеби сауаты қандай, сұлулық сезімі нешік, эстетикалық 
талғамы қай дәрежеде? Әлгі оқығанының байыбына бара ала ма? Сол 
роман дегеніңіздің өзі не, ең болмаса соны біле ме?..
Шын мәніндегі шынайы, көркем шығарманың дүниеге келуі – бүкіл 
қоғамның рухани өміріндегі, белгілі бір әлеуметтік ортаның парасат 
әлеміндегі бүтін бір оқиға. Міне, гәп осы арада!.. Роман тәрізді күрделі, 
кесек шығарма туды ма, онда біздің мәдени тіршілігімізде бір мәнді, 
маңызды оқиға болып өтті деп білу керек. Романның байыбына бару 
деген дәл осынау, 
болып өткен мәнді, маңызды оқиғаның
байыбына бару 
деген сөз.
Әдебиет теориясын білген адам, сол арқылы өз заманыньщ талабы 
дәрежесінде өзінің эстетикалық талкімын кдлыптастырған адам ғана 
істей алады. Бұл ретте, өдебиет теориясы керкем творчествоньщ 


189
психологиясы мен спецификасына қатысты суреткер лабораториясынан 
да белгілі мөлшерде нақты меліметтер берері даусыз.
Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары 
мен қисындары әншейін ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет тарихы 
арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби 
деректерді терең тал дау, пайымдау нәтижесінде қорытылған толғамдар, 
түйін- тұжырымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет