ааба, абвб
түрінде
үйлесетін төрт тармақты шумақтар, т.б. қысқа-қысқа шумақ, ұйқас
түрлері кездеседі. «Кейде жырда егіз ұйқастар кездесетіні немесе
бірнеше ұйқастың бір-бірімен шебер қиюласатыны болады»
105
, –
деп В.В.Радлов орынды айтқан.
Мысал үшін «Алпамыс» жырынан үзінді алалық:
Жамандатқыр, не көрдің?
Қара атым, менің не көрдің?
Күн көрінген жүзіңнен,
Айналсын ағаң көзіңнен,
Жаным пида өзіңнен,
Не көрдің, қара ат, не көрдің?
Жортайын дедім, тебіндің,
Болды ма кемі жеміңнің?
Қамшы ұрмай кейін шегіндің?
Не көрдің, қара ат, не көрдің?..
105
Радлов В.В. Образцы народной литературы. Том. ІІІ. стр. 2
354
Мұнда алғашқы екі жолда қайталанған ұйқас онан әрі үш
тармақтан кейін тағы да қайталана береді. Қатар келген үш
тармақ бірыңғай өз ара үйлесіп отырады. Сонымен, егіз ұйқасы
бар бастапқы жолдарға соңғы жолдары бірыңғай үйлесетін төрт
тармақты шумақтар келіп жалғасады. Үнемі қайталанып отыратын
негізгі ұйқас ой жүйесінің бірлігінен, бір өлең жолының бірнеше
рет қайталануынан туатындықтан, жыр түйдегі жеке шумақтарға
бөлініп қалмай, өзінің тұтастық қалпын сақтайды.
Жыр өлшемі тілі туыстас елдердің поэзиясында әсіресе, қырғыз
халқының сөз өнерінде үлкен орын алады. Осыны дәлелдеу үшін
«Манас» жырын атасақ та жеткілікті. Осы жырды алғаш ғылым
әлеміне әйгілеген Шоқан оның тіл, көркемдік сипатына тән бірқатар
ерекшеліктерді көрсете келіп, жырдың өзіндік бел гілі ырғағы,
өлшемі, ұйқасы барын, ондағы дыбыс үндестігінің орасан бай
екенін айтады. Бұған ол жыр тармақтарының соңындағы ұйқаспен
бірге бірнеше қатарлас тармақтың бастапқы буындары да үнемі
үйлесіп, үндес болып келетінін сөйтіп, аяққы ұйқасқа тармақтың
басындағы
дыбыс үндестігі–алли терация
қосарланатынын дәлел
етеді. Осы өзгешелікті кейін Мұхтар Әуезов те атап көрсеткен
болатын
106
.
Ақ асаба, қызыл туу,
Аяғын жерге сайбасам.
Асабасын жайбасам,
Атым өчуп қалбай бы,
Атамдан қалған Ала-Тоо
Алтайдан қалбай албасам!
Алтымыш уруу журтумдун
Азғаны болса, жыяйын.
Арбак үрган калмакка
Азапты миңдай қылайын.
Ала-Тоо мен Алайдыр,
Аркы жағы Самаркан,
Ата конуш анда әкен,
Абалтан журтум сабаган.
Тармақтың басындағы осы секілді дыбыс үндестігі ұшан теңіз
ұзақ жырда үнемі, бастан аяқ қолданылып отырады, сондықтан
мұның өзін тармақтағы аяққы ұйқас толық қалыптасып жетілмеген
дәуірден қалған дәстүр деп санаймыз. Қазақтың эпостық жырында
дыбыс үндестігі тармақтың басында да, ортасында да кездесе
береді. «Манастағыдай» жүйелі түрде, үнемі қолданылмай, халық
ақындарының жыр-толғаулары мен термелерінде әр жерде ұшырасып
отыра ды, бірақ осының өзі-ақ өлең сөздің үнділігін, әуезділігін
арттыруға үлкен әсерін тигізетіні талассыз.
106
Әуезов М. Киргизская народная героическая поэма «Манас». «Киргизский эпос «Манас».
М., 1961. стр. 73.
355
Достарыңызбен бөлісу: |