12
«Арнаудың» бір-ақ түрі айқындалған. «Ал қазақ поэзиясында Ахаң
осының үстіне үш түр (сұрай арнау, зарлай арнау, жарлай арнау) қосып,
құбылтып, тотының түгіндей құлпыртып әкетеді»
12
.
Зерттеуші: «Әдеттегі дәстүр жалғастығының заңына орай осы үш
түрлі арнауды әрқайсысымыз өзімізше пайымдап, қисындап, кейде тіпті
қиыннан қиыстырып, біз де (Жұмалиев те, Ысмайылов та, Қабдолов та)
кітаптарымызға кіргіздік. Бірақ амал не, бұл жаңалықты тапқан Ахаң
екенін кезінде ашып айта алмай, Қажекеңе сілтеме жасауға мәжбүр
болдық»,– дейді.
З.Қабдолов «Әдебиет танытқышта» тұңғыш рет әдеби терминдерді
қазақша қалыптастырғанын және кітап шыққан кезде бүгінгі көзі тірі
академиктердің біразы «Ахаңның еңбегі ескірген, ғылым ХХ ғасырдың
соңында кеткен» деп өз еңбектерін алға тартуға тырысқанын да білеміз.
«Әдебиет танытқыштағы» қазақ өлеңінің құрылысы, қазақ
әдебиетінің ұзақ тарихының шолуына да З.Қабдолов баға береді: «Бұл
бөлімнің ең бір құнды жері – әдебиеттің Аристотель белгілеген негізгі
үш тегін яки жанрын (эпос, лирика, драма) грек тілінен түп-түгел қазақ
тіліне ауыстырып алады да, әр жанрдың жанрлық түрлерін өзіміздің төл
әдебиетімізден іздейді. Мысалы, лириканың алғашқы үлгілерін қазақтың
сонау тұрмыс-салт жырларынан іздеп табады. Сонда, ең жеңілі жоқтау
– эпитафияға, мақтау – одаға, даттау – сатираға балама болып шыға
келеді. Дәл осы ретпен әдебиеттің үшінші тегін Аристотельше «Драма»
деп емес, Ахаңша «Айтыс-тартыс» деп алады да, осы жанрдың жанрлық
түрлерін, айталық, Трагедияны – Мерт яки әлекті тартыс, Драманы –
Сергелдең яки азапты тартыс, Комедияны – Арамтер яки әурешілік деп
алады. Сөйтіп, Ахаң әдебиет теориясының негіздерін қазақтар ортасына
осылай әкеліп орнықтырып, әдебиет теориясына айрықша ұлттық сипат
дарытудың жолын, әдісі мен амалын, міне, осылай іздеді»
13
.
Әдебиеттану ғылымының үш саласын (әдебиет тарихы, әдебиеттің
теориясы, әдебиеттің сыны) айта келе З.Қабдолов осылардың басында
тұрған алғаш еңбектерді енді ғана атауға мүмкін екенін айтады: «Десек
те, әдебиеттанудың осы үш тарауының да басында тұратын, бастапқы
желісі болып тартылатын, алғашқы адымдары ретінде белгілі бір
композициялық тұтастыққа келтірілген, бас-аяғы бүтін еңбектер болады.
Қазақ топырағында сондай еңбектер – Ахмет Байтұрсыновтың
Достарыңызбен бөлісу: