Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет101/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

«Желі толған cap түйе
 Ағажан, кімге тапсырдың?
Қора толған ақты қой 
Ай көке, кімге тапсырдың?
Тоғай толған мың жылқы 
Күн көке, кімге тапсырдың?
Тоқсанда әкең Тоқтарбай 
Жан көке, кімге тапсырдың?
Алпыста шешен Аналык,
Бірге туған мен зарлық 
Ақ көке, кімге тапсырдың?»
(
«
Қобыланды батыр»)
Зарлай арнау:
«Сауықшыл есіл, елім-ай,
Сарыарқа сайран, жерім-ай!
Күмістей таза суы бар 
Айдын шалқар көлім-ай!».
(Мағжан Жұмабаев)


151
Жарлай арнау:
«Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңдар балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан 
Іздемей-ақ табылар.
(Ыбырай Алтынсарин)
Әдеттегі дәстүр жалғастығының заңына орай осы үш түрлі арнауды 
әрқайсымыз өзімізше пайымдап, қисындап, кейде тіпті қиыннан 
қиыстырып, біз де (Жұмалиев те, Ысмайылов та, Қабдолов та) 
кітаптарымызға кіргіздік. Бірақ амал не, бұл жаңалықты тапқан Ахаң 
екенін кезінде ашып айта алмай, Қажекеңе сілтеме жасауға мәжбүр 
болдық...
Бұл бұл ма? Қазіргі қазақ тіл біліміндегі секілді, қазақ 
әдебиеттануындағы әдеби терминдердің басым көпшілігінің баламын 
ойлап тапқан да Ахаң: көріктеу, меңзеу, ауыстыру, алмастыру, кейіптеу, 
пернелеу, әсірелеу, шендестіру, дамыту, түйдектеу... – осылардың бәрінің 
түп-тамыры Ахаңда жатыр. Мұхтар Әуезовтің «Ахаң түрлеген ана тілі» 
дейтін әлдиінің әдебиет аясындағы бір нақты да затты көрінісі осы.
Демек, «Әдебиет танытқыштың» ең басты бағалылығы осылайша 
әдеби терминдерді қазақша қалыптастырғандығы. Әрине, бәрі бірдей 
әдебиет теориясына тұлға боп орныға беруі қиын. Мысалы, «Өрнекті 
сөйлемдер» деген тараудағы а) себепті оралым, ә) мақсатты оралым, б) 
ұқсатпалы оралым, в) қайшы оралым, г) шартты оралым, ғ) жалғасыңқы 
оралым, д) серіппелі оралым, е) айырықты оралым, ж) қорытпалы 
оралым дегендер әдебиеттанудан гөрі тіл біліміне тікелей қатысты 
орамдар. Осындай тұстарда Ахаңның әдебиетшілігінен гөрі лингвистігі 
басым шыға береді. 
Ахаң ә дегеннен өнер атаулыны тіршілік үшін жұмсалатын тірнек 
өнері, көркемдік үшін жұмсалатын көрнек өнері деп екіге айырып алады 
да, соңғысын бес түрге бөледі: сәулет өнері (архитектура), сымбат өнері 
(скульптура), кескін өнері (живопись), әуез өнері (музыка), сөз өнері 
(әдебиет). Бұлар әдебиет теориясының дәл бүгінгі биігіне шырқап, 
шалқып шығатын шынайы ұғымдар, бірақ мұнын есесіне «Дарынды сөз» 
тарауындағы Әуезе – эпостың, Толғау – лириканың, Айтыс – драманың 
бүгінгі теориялық деңгейдегі баламдары болады деу қиын.
Задында, Ахаң қалыптастырған әдеби-теориялық терминдерге мұқият 
жауапкершілікпен қараған жөн. Дәлірек айтқанда, Ахаң терминдерін 


152
жапатармағай жіпке тізе бермей, таңдау керек, талғау керек, сөйтіп барып 
талдау керек. Ахаңнан қалған атаулар сонда ғана екшеледі, іріктеледі, 
сұрыпталады. Мәселен, «Шешен сөз» бен «Көсем сөз» дегендерді алып 
қарайық. «Бұлардын айырмасы – шешен сөз ауызша айтылады, көсем 
сөз жазбаша айтылады», – дейді де Ахаң «Ше шен сөзді» бес мүшеге 
бөледі: 1) бастамасы, 2) ұсынбасы, 3) мазмұндамасы, 4) қыздырмасы, 5) 
қорытпасы.
Мұның бәрі әрине, стандарт, қолдан қалып қиып ка нон жасау. 
Ал қолдан «қалып» ұсынылған жердегі қисын қисық, қағида қасаң 
болатыны мәлім. Жә, енді Ахаңның «Көсем сөз» деп отырғаны не? Бұл 
публицистикаға алған баламы. Мұны қабылдауға әбден болады.
Публицистика – көсем сөз! Әдемі емес пе?! Бұдан әрі Ахаң қазақ 
өлеңінің құрылысын, қазақ әдебиетінің (фольклордан бергі) ұзақ тарихын 
шолуға көшеді. Мұнын өзі бір қарағанда әдебиет туралы ғылымның екі 
саласын (тарихы мен теориясын) қосып, қойыртпақтап жібергендей 
көрінеді, бірақ байыбына барыңқырасақ, ол мұнда да әдеби-теориялық 
ұғымдар қалыптастырып, өзінің «Әдебиет танытқышын» тағы да сөз 
өнерінің әсем әліппесіне айналдырады.
Бұл бөлімнің ең бір құнды жері – әдебиеттің Аристотель белгілеген 
негізгі үш тегін яки жанрын (эпос, лирика, дра ма) грек тілінен түп-түгел 
қазақ тіліне ауыстырып алады да, әр жанрдың жанрлық түрлерін өзіміздің 
төл әдебиетімізден іздейді. Мысалы, лириканың алғашқы үлгілерін 
қазақтың сонау тұрмыс-салт жырларынан іздеп табады. Сонда, ең жеңілі, 
жоқтау –эпитафияға, мақтау – одаға, даттау – сатираға балама боп шыға 
келеді. Дәл осы ретпен әдебиеттің үшінші тегін Аристотельше «Драма» 
деп емес, Ахаң «Айтыс-тартыс» деп алады да, осы жанрдың жанрлық 
түрлерін, айталық, Трагедияны – Мерт яки әлекті тартыс, Драманы – 
Сергелдең яки азапты тартыс, Комедияны – Арамтер яки әурешілік деп 
алады. Сөйтіп, Ахаң әдебиет теориясының негіздерін қазақтар ортасына 
осылай әкеліп орнықтырып, әдебиет теориясына айрықша ұлттық сипат 
дарытудың жолын, әдісі мен амалын міне, осылай іздеді.
Қорыта айтарымыз: Ахмет Байтұрсынов өзінің «Әдебиет танытқышы» 
арқылы қазақтың таза ұлттық топырағына егіп-өсіріп, жалпы әдебиет 
дегеннің болмысы мен бітімін Ахаңша есіліп, Ахаңша көсіліп бір толғап 
берді. Бұл – сөз өнерінің басы, «әліп-биі», өйткені сөз өнерінің тек ұлттық 
қана емес, күллі адамбаласылық ұлы проблемалары әдебиеттің болмыс- 
бітімін белгілеумен ғана шектелмейді. Бұдан әрі біріне-бірі тұтасып, 
әдеби шығарманың сыры мен сипатын парықтау, ақыр-аяғында әдеби 
дамудың мағынасы мен мәнін анықтау жатыр. Бұларды жүзеге асыру 
жолын біз «Сөз өнерінде» былай белгілейміз: әдебиеттің теориялық 
мәселелерін бірыңғай қисынға ғана айналдырып, оны әлдебір қасаң ереже, 
кейде тіпті қатал заң ретінде ұсынбай, теориялық толғамдарымызды 


153
жазушылық шеберлік мәселесімен, қажет жағдайда қаламгерлік өнердің 
қиын иірімдерімен ұштастыра, көркем творчествоның психологиясымен 
байланыстыра жүйелеп отыруымыз керек.
Бұл міндетті Ахаң өзінен кейінгілердің үлесіне қалдырып кетті. Енді 
біз «Әдебиет танытқыштың» мағынасы мен мазмұнына тереңірек барып, 
нақты да затты талдау (анализ) жасауымыз керек. Соған көшейік.
Әдебиет туралы ғылым үш саладан құралып-қалыптасатыны және 
сол үш арнамен өрбіп-өрістейтіні мәлім. Олар әдебиеттің тарихы, 
әдебиеттің теориясы және әдебиеттің сыны. Бұл үш салаға соқпай 
кететін, бұл үш арнаға түспей өтетін бір де бір әдеби зерттеу, әдеби 
толғаныс яки тал дау болмайтыны тағы мәлім. Десек те, әдебиеттанудың 
осы үш тарауының да басында тұратын, бастапқы желісі боп тартылатын, 
алғашқы адымдары ретінде белгілі бір композициялық тұтастыққа 
келтірілген, бас-аяғы бүтін еңбек болады. Қазақ топырағында сондай 
еңбектер Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» (1926), Мұхтар 
Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (1927) және Тұрсынбек Кәкішевтің «Сын 
сапары» (1971). Соңыра бұл үш сала әдебиетіміздің тарихы, теориясы, 
сыны қандай сатыдан-сатыға шыға дамыса да, өркендесе де бәрібір анау 
үш кітапқа соқпай өтпейді. Өйткені ол үш кітап – мынау үш саланың 
тұңғыш рет тұтаса жүйеленген бастауы мен қайнары, төлбасы. «Әдебиет 
танытқышты» талдауға біз осы тұрғыдан келіп, кірісеміз.
Ахаңның әдеби қисындарын біз қазақ әдебиеттануында тұңғыш 
туып, қалыптасқан әдебиет теориясының «әліп-биі» деп жайдан-жай 
атағанымыз жоқ. Дәл осы себептен де Ахаң әр нәрсені «А-Б-С» дегендей 
нақ-нақ, мектеп оқушысына әріп үйреткендей тәптіштеп түсіндіреді. 
Айталық, бүгінгі монографиялар мен оқулықтардың кіріспесі, алғысөзі 
яки беташары көпшілікке таныс қарапайым нәрселерді көп ежіктеп 
жатпай-ақ, бірден есіле, көсіле басталып кететін болса, Ахаң олай 
етпейді, әр сөздің әрпіне дейін, әр ұғымның ұтары ғана емес, үтіріне 
дейін мән береді, «соқырға таяқ ұстатқандай» қолма-қол қорытып
асықпай аңғартады.
«Әдебиет танытқыш» кіріспе орнына берілген «Андату» деген екі 
қайырым (абзац) ғана беташардан басталады. Мұнда автор жоғарыда 
айтқанымыздай, ә дегеннен төрт түрлі ұғым
,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет