Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет158/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Ел құтқарар ер 
едім. Жандаспай ақыры бір тынбан
» дегенде пікірді айқын, тура 
айтқыш шеберлігін көрсетеді. «Боз ағаштан биік мен едім», «Ел 
құтқарар ер едім» деген екі бейне, оларды сипаттайтын сөздер келісті 
психологиялық параллелизм
жасап, тамаша тұтастық тауып тұр. 
Соңғы жолдардағы 
толғамалы, толықсып
деген эпитеттер белгілі 
әдеби дәстүрді танытады, бірақ негізгі ойдың – «найзамен ...жауға 
шапқанда, бір озғанмын жұртымнан» деген сөздердің нақтылы өмір 
шындығынан алынғаны, мұның бәрі күрескер ақынның басынан 
кешкен жайлар екені ешбір талассыз.
Махамбет өлең-жырларынан әр кез айқын байқалып отыратын 
ой өткірлігі, сезім тереңдігі, ақынның өмірдегі нақтылы жайларды 
толғап айта білуі сөз нақыштарының, тіпті поэзияда бұрыннан 
қолданылып келген бейнелі сөздердің де көркемдік қуатын арттырып, 
жандандыра түседі. «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» 
атты жырды зер салып, талдап көрсек, ақынның тілінде қисынымен 
өте келісті қолданылған халықтың сөз нақыштары қандай мол болса, 
нақтылылық сипат, күнделікті тұрмыстан, шындықтан алынған бояу, 
суреттер, баяндау-сипаттаулардағы соны, өзіндік оқшау ерекшеліктер 
де соншалықты мол екенін көреміз.
Бейнелі сөздерді
қолданудағы халықтық үлгі-өрнектердің өзі де 
бірталай тұстарда жаңарып, толығып, ажарланып шығады. Мысалы, 
асылмын, биікпін, асаумын, болатпын
деген секілді 
ме тафора
түріндегі бейнелеу үлгілерін дәстүрлі тәсіл. «
Шамдансам жығар 
асаумын, шамырқансам сынар болатпын
» дегенді алсақ, бұлардағы 
сөз қолданысында сонылық сипат бар. «
Бойың жетпес биікпін, 
бұлтқа жетпей шарт сынбан
» дегені бейнелілік, суреттілігімен 
де, мағыналылығымен де ұтымды. «
Мен кескекті ердің сойымын
» 
деуінен ақын өзін көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейінгі кезеңде 
бейне бір тұтқынға түсіп, екі қолы кескек (көлденең ағаш) салып 
байлағандай сезінгенін, бірақ сонда да қажыр-қайратынан 
таймағанын байқаймыз.
«Мен кескекті ердің сойымын, Кескілеспей басылман» немесе 
«Еңіреп жүрген ер едім», «Жақсыларға еп едім, Жамандарға көп 
едім» деген секілді сипаттау сөздерден ақынның өз қол таңбасы, 
сөз қолдану ерекшелігі айқын танылады. Махамбеттің сұлтанды 
«Қайраннан алған шабақтай, қия бір соғып ас етсем» деуінде де 


282
салыстыру, сипаттау тәсілінің ақиқат өмірден алынған әсерлерге 
жалғаса туғаны анық сезіледі. 
Халық поэзиясында 
семсер, наркескен, найза, қылыш, қанжар
– 
жан қиярлық ерлік-батырлықты, жүректілік-табандылықты, жігер-
қуатты танытатын бейнелер. Жауға қарсы қолданатын осындай өткір 
қарулардың батырлықтың көркем симво лы, балама бейнесі болып 
саналуы әбден орынды. Олай болса, Махамбеттің өзін 
қызыл сырлы 
жебемен
салыстыруы да осы халықтық ұғым-түсінікке сай келеді. 
Ақын қызыл, сырлы деген сипаттауды әшекейлеп, көріктеп айту 
үшін ғана қолданбаған. Садақ оғының нақтылы белгісін, бояуын, дәл 
көрсетіп отыр.
Махамбет поэзиясынан біз 
көркем салыстыру, тұспалдаудың

дамытылған түрлерін де үнемі кездестіріп отырамыз. Мысалы, 
«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» атты жырдағы: 
Мен бір шарға ұстаған қара балта едім, 
Шабуын таппай кетілдім. 
Қайраса, тағы жетілдім, –
(Махамбет)
деген жолдарды алсақ, мұндағы өзін «қара балта едім» деген 
баламадан басқасы бір қарағанда түгелдей сол балтаны сипат тайтын 
сөздер секілді. Ал асылында жарыса туып, қатар өрбіп отыратын 
екінші мағына және бар екенін көру қиын емес. Бал таны шарға 
ұстап қайрау, шабу, оның жүзі мұқалып кетілуі, қайрағанда қайтадан 
өткірленіп жетілуі туралы айтқанда, ақын көпшілікке әбден белгілі, 
күнделікті тұрмыста үнемі кездесетін: жайларды жай ғана баяндап 
отырған жоқ. Сол арқылы ауыспалы, астарлы ой туғызып, өте 
қызықты, күрделі метафоралық бей не жасап отыр.
Махамбет бейнелі сөздердің халық поэзиясында қалыптасқан 
құрылыс-бітімін, жасалу қалпын сақтай отырып, оларды айналадағы 
өмірді, өзінің сезім-күйін суреттеу мақсатына толык үйлестіріп, терең 
мағына беріп қолдана біледі. Мұны біз оның нақтылы сипаттамалар 
мен тұспал суретті араластырып, жалғастырып әкететін шеберлігінен 
де айқын көреміз. Ақынның «Мұнар да мұнар, мұнар күн» атты 
жырында шаруалар көтерілісінің сәтсіздікке ұшырап, жеңіліс табуы, 
Исатайдың қаза болуына байланысты көптеген нақтылы жайлар, 
шынайы қалпында айнытпай бейнеленген өмір көріністері бар. 
Олардың бәрі халықтың басына түскен қиын жағдайды тікелей, тура 
айтып береді. Жүк артылған нарлардың арқаны кесіліп, жауға олжа 
болуы, арулардың тұтқынға түсіп, қолды болуы, батыр-ерлердің сағы 
сынып, жаудан корлық көруі, буулы тен дер шешіліп, дүние-жиһаздың 


283
шашылуы – бұлар болған шындықты қолға ұстатқандай ғып айқын 
бедерлеп береді. Сол секілді оқтың жаңбырдай жауғаны, тудың 
жиырылып түскені, сұрапыл, қырғын соғыс көз алдымызға өзінің 
айқын сипаттарымен елестейді. Ақынның осылай етіп бейнелеу 
тәсілі суретінің дәлдігі, жандылығымен адамды қызықтырып, 
баурап алады. Оның әр нәрсенің жеке белгілерін де тап басып, анық 
көрсететін шеберлігін жүкті тартқан түйелерді қатарланған, теңді 
буулы, садақ оғын орта белін сырлаған, туды ала, желпілдеген, арлан 
төбетті жез қарғылы деген сияқты ғып айқындайтын эпитеттерден де 
жақсы аңғаруға болады.
Халық поэзиясында кездесетін:
Қанатынан қайрылған, 
Жалғызынан айрылған, 
Табанынан тайрылған, –
дегенді алсақ, осындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет