ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ғылыми жоба тақырыбы:
Менің ахатин ұлуым
Бағыты: жаратылыстану
/бастауыш сынып/
Жобаны дайындаған:
Сыныбы: 2
Жетекшісі:
2017-2018 оқу жылы
Мазмұны
Аннотация
Кіріспе
Негізгі бөлім
Зерттеу бөлімі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Аннотация
Мен жазғы демалыс уақытында ауылға атамның үйіне бардым. Менің атам ахатин ұлуын өсірумен айналысады. Ол кезде мен тек ахатин ұлуын қызықтаумен болдым. Жазғы демалыс аяқталып қалаға өз үйіме келдім. Сол кезде маған ахатин ұлуының қажет екенін түсіндім, себебі жаз айында ұлуға үйреніп қалған едім. Бір күні татемнің досы маған 2 дана ахатин ретикулята альбинос боди ұлуын сыйға беріп қуантты. Мен ұлуларыма «Боди», «Боби» деген ат қойдым. Сол күннен бастап әдебиет көздері мен интернет ресурстарды пайдалана отырып ахатин ұлуына қандай күтіп жасау керек екенін қадам бойынша үйрене бастадым. Көп адамдар ахатин ұлуына үй жануары ретінде қандай күтім жасау керек екенін біле бермейді. Ахатин ұлуына арнайы ерекше күтім жасау қажет. Сол себепті ғылыми жобамды «Менің ахатин ұлуым» тақырыбына жазуыма тура келді. Ұлуымды үнемі бақылай отырып ол өте ақылды, саналы тіршілік иесі екенін де аңғардым.
Кіріспе
Үйге ахатин ұлуын асырап алу үлкен жауапкершілік. Ахатин ұлуын анда-санда шомылдырып, террариуымды тазалап, оған тамақ бере салумен оның алдындағы жауапкершілік аяқталды деу үлкен қателік. Ол жанды әрі тіршілік иесі болғандықтан оны жақсы көре білу керек және оған үлкен күтім керек. Ал қазіргі кезде балалардың жалпы жан-жануарға деген, әсіресе үй жануарларына деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдері азайып бара жатыр. Себебі, балалар жан-жануарларды виртуалды түрде ғана көріп танысады, шынайы көретіндер аз.
Зерттеу тақырыбым: «Менің ахатин ұлуым»
Зрттеу жұмысымның мақсаты: Ахатин ұлуы мен оның түрлері туралы мәлімет жинастыру; үйде ұстау мен күтуде тәжірибелік дағдыларды игеру; ұлуымның өсу кезеңіндегі іс-әрекетін, өзгеруін бақылау арқылы оған менің үйімде тұру жайлы ма екендігін анықтау; оның өмірі үшін қолайлы жағдайлар жасау, ұлуларды үйде асырау туралы қорытынды шығару;
Зерттеу міндеттері:
- әдебиет көздері мен интернет-ресурстарды пайдалана отырып, ахатин ұлуы туралы жалпы мәліметтерді зерделеу;
- ұлулар өмір сүретін террариумның жағдайын көрсету;
- өз ұлуыма ұдайы бақылау жүргізу.
- жиналған мәліметтер бойынша қорытынды шығару.
Болжам: ахатин ұлуларына күтім жасау туралы толық ақпарат ала отырып, оларды үйде асырау үшін қолайлы жағдайлар жасай алу. Осы жобамда қызықты да пайдалы мәліметтерді айта отырып, құрбы-құрдастарыма ахатин ұлуын тіршілік иесі ретінде құрметтеу және жақсы көру керектігін түсіндіргім келеді.
Зерттеу объектісі: өзімнің «Боди», «Боби» атты ахатин ұлуым.
Зерттеу жаңалығы: Зерттеу барысында интернет желісін, әдебиеттерді оқу арқылы ахатин ұлуы және оның түрлері туралы мәлімет жинастырдым. Кішкентай кезінен сыйға алған ұлуларыма бақылау жүргіздім. Жиналған мәліметтер бойынша қорытынды шығардым.
Негізгі бөлім
Ахатин ұлуы - АҚШ және Африкада кең таралған. Қолда өсетін үй жануары. Оның 100 ден аса түрі бар. Бұл жануар көбінесе - үй жануары ретінде асыранылады.
Ахатин ұлуының ыңғайлы болуын қамтамасыз ету үшін оларға үнемі күтім қажет. Ең алдымен террариумды дайындау қажет. Ахатин ұлуларына арналған лайықты террариум – шыны немесе пластиктен жасалған контейнер. Бір ахатин ұлуы үшін террариумның көлемі 15-20 л болуы керек. Кейін әр ұлуды орналастырған кезде 10 литрге үлкейтіп отыру қажет. Террариумдегі қажетті заттардың бірі - топырақ. Ұлулардың күндізгі уақытта сол топыраққа кіріп демалуы үшін, террариумның төменгі жағында топырақтың қалың қабаты болуы керек. Топырақтың келесі түрлері пайдаланылуы мүмкін: кокос субстраты, шымтезек, орманнан немесе бақшадағы қарапайым топырақ. Пайдалануға болмайтын топырақ: үгінділер, тыңайтқыштары бар топырақ.
Ұлулар тропикалық Африкалық жануар болғандықтан олардың өмір сүретін жері 25-30 градус болғаны дұрыс. Олар жылу сүйетін жануар. Террариумдегі температураны бақылау үшін термометрді орналастыру керек.
Ұлуларды тамақтандыру. Ахатин ұлуын күн сайын тамақтандыру керек. Ахатин ұлуы күндіз ұйықтап, кешкі уақытта тамақтанады. Көптеген жемістер, көкөністер, астық қоспалары, саңырауқұлақтар, жоңышқа т.б. ұлулар үшін азық болып табылады. Террариумде қажетті ылғалдылықты сақтау қажет. Ахатин ұлулары дымқыл ортаны жақсы көреді. Сондықтан, күніне 1-2 рет террариумның ішін дымқыл шүберекпен ұлудың сілекейі мен қоқыстан тазартып, қабырғаларына су шашатын пистолеттен су шашырату қажет.
Зерттеу бөлімі
Ұлуларыма арналған терраруиымды дайындау
Ахатин ұлуы үшін террариум керек. Менің екі ұлуыма террариум ретінде 30 литрлік пластмасс контейнерді таңдадым. Ұлуларға ауа жақсы өтуі үшін контейнердің бір қабырғасының төменгі жағынан, екінші қабырғасының жоғарғы жағынан тесіктер жасадым. Топырақ ретінде кокос субстратын пайдаландым. Кокос субстратын үй жануарларына арналған дүкеннен сатып алдым. Кокос субстратын сатып алғанда ол тығыздалған күйінде болды. Оны арнайы ыдысқа салып үстіне 2 л су құйып құйдым. 20 мин сон кокос субстраты топыраққа айналды. Оны алып, террариумге орналастырдым. Террариумның ішіне термометр орналастырдым. Террариумның ішін тазарту үшін арнайы шүберек, су шашатын пистолет дайындап қойдым. Террариумды дайындап болып, ішіне ұлуларымды орналастырдым.
Ұлуларымды тамақтандыру
Ұлулар тамақтандыру үшін кешкі сағат сегізге дейін тамақтарын дайындап қоямын. Ұлулар кешке ұйқысынан оянып, тамақтарын жей бастайды. Мен бастапқы күндері барлық көкөністер мен жемістерді беріп жүрдім. Бірақ, ұлулардың қандай тамақты жақсы көретінін анықтау үшін эксперимент жүргіздім. Ол үшін 3 күн зерттеу жүргіздім.
Бірінші күні.
Ұсынылатын өнімдер - қияр, салат, қызанақ, қабақ (кабачки)
Қиярды толық жеді, қабақты 50%, салатты 25%, қызанақты 5% жеді.
Екінші күні.
Ұсынылатын өнімдер - сәбіз, алма, салат жапырағы.
Сәбізді 15%, алманы 40%, салат жапырағын 70% жеді.
Үшінші күні.
Ұсынылатын өнімдер - банан, қырыққабат, дафния, астық қоспасы.
Банан 20%, қырыққабат тегіс қалды, дафния мен астық қоспасын толық жеді.
Бұл тәжірибенің нәтижесінде менің ұлуларым ең алдымен, қияр, қабақ, салат жапырағын, дафния және астық қоспасын жақсы көретінін анықтадым. Әр күні тамақтарын алмастырып беріп отыру керек. Ұлуларға берілетін тағамдар дәрумендерге бай тағамдар.
Ахатин ұлуларының пайдасы
Ұлу шырышының бет күтіміне пайдасы мол. Бет терісіне қоймас бұрын ұлуларды бөлме температурасында жылы сумен жуу қажет. Ұлу шырышының құрамында коллаген, гликоль қышқылы, табиғи антибиотиктер мен дәрумендер бар. Олар беттің әрін келтіріп, әжімді кетіреді. Денеге түскен тыртықтарды, безеудің, жараның орнын емдейді. Күйген теріні қалпына келтіреді. Сонымен қатар, жүйке жүйесін тыныштандырып, күйзелістен арылтады. Ең бастысы, ұлу шырышы аллергия туғызбайды.
Қорытынды
Осы ғылыми жобамды қорытындылай келе, ахатин ұлуларын өсіруге және күтуге қатысты келесі тұжырым жасадым:
1. Террариумның ең аз көлемі 15-20 литр болуы керек.
2. Ұлуларды күн сайын тамақтандыру керек. Террариумдегі топырақтың ластануына жол бермеу үшін тағамды ыдысқа қою керек.
3. Күн сайын террариумды тамақ өнімдері мен қалдықтардан тазалау керек.
4. Террариумның ылғалдылығы мен ауа температурасын бақылау керек.
5. Күнделікті тамақтандырғанда кальций беру оның қабығының беріктігін өсіруге және ұстап тұруға өте маңызды.
6. Ұлуларды тамақтандырғанда тұзды, тәтті қышқыл тамақтарды беруге болмайды.
7. Ұлуларды қатты суыққа немесе қатты ыстыққа қалдыруға болмайды.
8. Ұлулар ауырса, оны емдеу керек.
Ахатин ұлулары балаларға арналған ойыншық емес, оларға ерекше күтім керек. Ерекше күтім жасаған кезде ұлулар өз қалпында жақсы өседі.
Құрбы-құрдастарыма ұсыныс:
1.Жан-жануарларды жақсы көру керек.
2.Уақыттарыңызды тиімді әрі пайдалы өткізу үшін ұлумен дос болыңдар.
Қолданылған әдебиеттер:
Балаларға арналған энциклопедиялар
«Балдырған» журналдары
Интернет желісі
Достарыңызбен бөлісу: |