Күнделікті сабақ жоспарын құруда назар аударатын мәселелер:
1) ұзақ мерзімді жоспарда көрсетіген оқу мақсаттары арқылы оқушылардың тілдік дағдылары дамытылып, жетілдіріліп отырады және тарау аяқталған соң сол дағдылар бойынша бағаланады;
2) бір тарау барысында оқу мақсаттарының ретін, оларға ұсынылатын сағат санын мұғалім өзі таңдап жоспарлай алады және мектеп журналына белгілі бір тарау бойынша ұсынылған тақырыпшаларды жазған дұрыс;
3) бір сабаққа таңдалатын оқу мақсатының саны 1-3 аралығында болуы қажет, үштен артық мақсат таңдалса оқушыға қиын тиеді және оны жүзеге асыру мүмкін болмайды;
4) қалыптастырушы және жинақтаушы бағалау оқу мақсаттарында көрсетілген дағдылар бойынша жүзеге асады;
5) күрделі деп танылған оқу мақсаттарын мұғалім сабақ мақсатына қарай бейімдейді және бірнеше бөлікке бөліп, бірнеше сабаққа жоспарлай алады;
6) бір сабақта сөйлеу әрекетінің бір немесе екі түрі ғана таңдалады. Егер сөйлеу әрекетінің екі түрін таңдаған кезде рецептивті (тыңдалым, оқылым) продуктивті дағдыға шығып отыруы қажет. Яғни оқушы тыңдаған не оқыған материал негізінде ауызша/жазбаша тапсырмалар орындауы қажет;
7) тыңдалым және оқылым дағдыларын қалыптастыру барысында мәтін кезеңдерін (мәтіналды кезең, мәтінмен жұмыс кезеңі, мәтінсоңы кезеңі) қатаң сақтау қажет;
8) жазылым және айтылым дағдыларын қалыптастыру барысында оқушыларға тақырып бойынша үлгі мәтіндер берілуі керек;
9) айтылым (диалог, монолог, полемика), жазылым (хат, хабарлама, мақала, т.б.);
10) грамматика коммуникативтік контексте оқытылады, яғни грамматика теориясынан гөрі оның функционалдығына, оқушылардың тілдік бірліктерді ауызша және жазбаша түрде орынды қолдана білуіне аса мән беріледі;
11) лексикалық тақырыптар бойынша материал таңдау барысында қазақ тілі пәні мұғалімінің басты міндеті оқушының сол тақырып бойынша тілдік қорын байыту, тақырып бойынша ақпараттар бере отырып, шынайы өмірмен байланыс орнату, пәнралық байланысты жүзеге асыру барысында оқушылардың академиялық сөздерді орынды қолдана білуіне ықпал ету.
«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде)
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 5, 7-сыныптарда оқу процесі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша қамтылатын шығармалар, сағат саны, оқу мақсаттары нақты көрсетілді.
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр, кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай, салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады. Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География» пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен байланыстыра отырып, жүзеге асыру көзделеді.
Негізгі орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
«Қазақ әдебиеті» пәні бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады:
1) түсіну және жауап беру;
2) анализ және интерпретация;
3) бағалау және салыстыру.
1) түсіну және жауап беру дағдысы шеңберінде оқушы ұсынылған әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды, кейіпкерлер портреті мен образын ашады; шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады; әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын түсініп, пікір алысады;
2) анализ және интерпретация дағдысын игеру арқылы білім алушы салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады; шығармадағы тілдік бейнелеу: теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер мен қайталауларды табады, өлең құрылысын талдап үйренеді; эпикалық шығармадағы автор бейнесін табады; көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады;
3) бағалау және салыстыру дағдысы арқылы шығарманың тарихи құндылығын бағалайды; кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды; шығармадағы мәселеге өз ойын қосып әдеби эссе; сыни хабарлама жазып үйренеді.
Жалпы бағдарлама бойынша 5-сыныпта оқушылар бірнеше шығармалармен танысады. Олар: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі; «Қобыланды батыр» жыры; Асан қайғының «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы; Дулат Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі; Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» , «Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері; Ахмет Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» мысалы, «Адамдық диқаншысы» өлеңі; Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаяты; Марат Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесі; Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Анасын сағынған бала» әңгімесі; Нұрдәулет Ақыштың «Нағыз әже қайда?" әңгімесі; Джек Лондонның «Мексика ұлы» әңгімесі.
7-сыныпта оқытылатын көркем шығармалар тізімі: Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»; Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры; «Қыз Жібек» жыры; Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»; Ш.Қанайұлы «Зар заман»; С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»; Жамбыл Жабаев «Июнь жарлығы»; М.Жұмабаев «Батыр Баян»; М.Әуезов «Көксерек»; Қ.Қайсенов «Жау тылында»; С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»; М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»; Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі; Т.Әбдіков «Қонақтар»; А.С.Пушкин «Ескерткіш».
Қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын жоғалтпай келе жатқан туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. Оқу мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген тізімге сай жүзеге асады.
«Орыс тілі мен әдебиеті» (оқыту қазақ тіліндегі мектептер үшін)
Важность учебного предмета «Русский язык и литература» для школ с нерусским языком обучения определена приоритетным статусом русского языка как средства межнационального общения в Республике Казахстан и его значимостью в создании полиязычного пространства.
Изучение учебного предмета «Русский язык и литература» способствует развитию коммуникативных навыков в устной и письменной речи.
Учебный предмет «Русский язык и литература» способствует становлению мировоззрения учащегося, дает возможность пользоваться информацией различных сфер: социально-бытовой, социально-культурной, научно-технической, учебно-профессиональной; помогает ориентироваться в общемировом образовательном пространстве.
Содержание учебной программы значительно расширяет взгляды учащихся на традиции и обычаи, образ жизни, историю своего и других народов, воспитывает толерантное отношение к другим народам, формирует представление об универсальных общечеловеческих ценностях.
Овладение русским языком поможет учащимся адаптироваться к условиям современного мира, успешно регулировать речевое поведение в соответствии с коммуникативной ситуацией; научит пользоваться различными источниками информации и современными информационными технологиями для выражения и обоснования собственного мнения.
Целью учебной программы по учебному предмету «Русский язык и литература» является формирование коммуникативных навыков, основанных на владении системой разноуровневых языковых средств, соблюдении правили норм русского литературного языка, правил речевого этикета, употреблении языковых единиц в речевой деятельности, ориентированной на ситуацию общения, что способствует развитию функциональной грамотности учащихся. Учебная программа направлена на развитие всех видов речевой деятельности: слушания, говорения, чтения и письма.
Задачами учебной программы по учебному предмету «Русский язык и литература» являются:
- развитие навыков слушания, говорения, чтения, письма, необходимых для общения в социально-бытовой, социально-культурной, научно-технической, учебно-профессиональной сферах жизни;
- формирование знаний о единицах языковой системы, правилах их сочетания, функционирования, навыках и умениях конструирования синтаксических структур в соответствии с нормами и правилами русского языка;
- формирование и развитие навыков мышления высокого порядка, направленных наанализ, синтез, оценку, интерпретацию полученной информации;
- формирование навыка поискового, ознакомительного, исследовательского чтения, переработки прочитанной информации;
- обогащение словарного запаса учащихся коммуникативно-актуальной лексикой и фразеологией русского языка;
- формирование толерантного отношения к языкам и культурам разных народов;
- формирование и развитие навыков использования информационно-коммуникационных и компьютерныхтехнологий.
Содержание учебной программы организовано по разделам обучения, включающим виды речевой деятельности и использование языковых единиц.
Разделы разбиты на подразделы, которые содержат в себе цели обучения по классам в виде ожидаемых результатов по классам.
Цели обучения, организованные последовательно внутри каждого подраздела, позволяют планировать работу и оценивать достижения учащихся, а также информировать их о следующих этапах обучения.
Грамматический материал изучается в контексте лексических тем на основе текстов художественных произведений.
В структуру учебной программы включен долгосрочный план, в котором отражены темы изучаемых разделов, цели обучения, изучаемые произведения художественной литературы на учебный год.
Цели обучения в учебной программе направлены на изучение темы урока, содержание и выработку навыков, которые учащиеся должны освоить на конкретном уроке.
Цели обучения содержатся в учебной программе, учебных планах. Учебная программа по предмету содержит цели обучения.
Краткосрочный план – это предложенные действия на основе целей обучения. При составлении краткосрочного плана учитель может руководствоваться следующими рекомендациями:
- при организации урока необходимо руководствоваться целями, указанными в учебной программе и в учебном плане;
- следует детализировать формулирование целей урока, то есть ставить конкретные, измеримые, достижимые цели;
- на уроке должны быть организованы все виды деятельности;
- при необходимости следует дополнить виды деятельности по усмотрению самого учителя.
В план урока следует включить следующие пункты:
- пишите четко сформулированные и подходящие цели урока;
- включите детали различных компонентов плана урока;
- предоставьте подробную информацию о стадиях учебной деятельности и достижения задач обучения, которые логически упорядочены и алгоритмированы для выполнения учащимися;
- определите соответствующие стратегии для разработки целевых знаний и навыков, предусмотрите проблемы и предложите решения, касающиеся необходимых навыков;
- спланируйте использование соответствующих материалов и ресурсов.
Наиболее эффективными в повышении успешности учащихся являются следующие стратегии:
- активное обучение (когда учащиеся выполняют задания и реализуют практические навыки);
- обратная связь (дискуссия об обучении, включающая в себя предоставление личного мнения, которая может происходить либо между сверстниками, либо между учителем и учащимся);
- укрепление уверенности (использование похвалы для мотивации и придания уверенности учащемуся);
- качество обучения (планирование дифференцированных заданий).
При изучении учебного предмета «Русский язык и литература» рекомендуется:
- создавать позитивную атмосферу обучения, вовлекать всех учащихся;
- воспитывать у учащихся уверенность, ответственность, активность и направлять на самоанализ, рефлексию и инновационную деятельность;
- использовать эффективные методы преподавания, направленные на развитие навыков учащихся;
- организовывать, управлять и планировать групповую (фронтальную или работу в малых группах), индивидуальную, парную или коллективную формы работы, эффективно использовать материалы, ресурсы и дополнительные материалы для проведения запланированных уроков, согласно установленным целям;
- использовать простой, понятный язык для объяснения учащимся идей, для инструктирования, в разъяснении значений слов;
- наблюдать за учащимися и предоставлять обратную связь.
В обучении русскому языку как второму рекомендуется исследовать методы активного чтения и письма, что в дальнейшем сформирует эффективные навыки говорения и аудирования.
Некоторые моменты, которые следует учитывать при использовании различных заданий:
- рекомендуется планировать множество различных заданий в рамках одного урока. На одном уроке необходимо включить четыре, пять или более различных заданий. Предусмотреть работу в коротких промежутках времени, например, 10 минут. Время, за которое учащиеся могут сосредоточить свое внимание, часто довольно короткое;
- обращать внимание, что каждое задание следует за предыдущим, и постоянно напоминать учащимся о главных учебных целях. Повторяйте задание по-разному. Например, сделать задание в устной форме, а затем попросить класс сделать ту же самую задачу в письменной форме. Это помогает учащимся понять задачу, приводит к плавному переходу, укрепляет предыдущее обучение и позволяет учащимся практиковать более одного навыка;
- включать индивидуальные, парные, групповые задания в деятельность всего класса.
Объем учебной нагрузки по учебному предмету «Русский язык и литература» составляет:
1) в 5 классе – 3 часа в неделю, 102 часа в учебном году;
2) в 7 классе – 3 часа в неделю, 102 часа в учебном году.
При оценке языковых компетенций необходимо учитывать следующее:
Языковые ошибки учащихся следует отмечать и обращать их внимание на совершенные ошибки доступным для них способом, однако ошибки не могут повлиять на оценку, если ученик может доступно продемонстрировать свои знания. Главная задача ученика передать свое сообщение, грамматика при этом может страдать. Постепенно самовыражение становится более точным и корректным.
Ученики, отвечая на вопросы, могут использовать и первый язык. Поскольку вначале ограниченный словарный запас и знание целевого языка могут стать препятствием при высказываниях и ответах, то на первой стадии обучения это (по крайней мере, частично) разрешается. При этом следует договориться, в какой момент все ученики перейдут на ответы на неродном (целевом) языке и, начиная с того момента, применение первого языка становится скорее исключением.
Как правило, в устной речи учитель исправляет возникшую ошибку с помощью перефразирования, повторения правильной формы от ученика не требуется, потому что это может прервать выражаемую мысль, а также ученик может потерять уверенность в выражении мыслей на неродном языке.
Если одна и та же ошибка повторяется вновь, в конце объяснения соответствующей темы учитель приводит примеры правильных форм и при необходимости делает ударение на грамматике. Помимо этого, либо педагог, либо класс в целом, в виде совместной деятельности, могут привести некоторые соответствующие теме примеры выражений, имеющие то же самое лингвистическое содержание.
При проверке письменных работ языковые ошибки также не учитываются (если выраженная мысль или текст понятны), но педагог указывает это в своих комментариях.
На встрече учителя-предметника с учителем языка передается проблемный языковой материал, чтобы учитель языка мог повторить тему на следующем уроке.
Ағылшын тілі
Негізгі орта білім беруге арналған «Ағылшын тілі» пәнінің деңгейлік курсы жалпы еуропалық тілді меңгеру деңгейлеріне сәйкес жалпы орта білім беру деңгейін дайындауға арналған.
1) 5 –сынып – А2 (ортадан төмен)
2) 7 – сынып – В1 (төмен)
Негізгі орта білім беруге арналған шет тілін деңгейлеп оқытудың мақсаты білім алушылардың негізгі мектепті аяқтағанда В1 деңгейінде тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған:
шығармашылық ойлауы мен бағалауын, талдау дағдыларын дамытуды қалыптастыратын әртүрлі тапсырмалар;
кең ауқымды ауызша және жазбаша дереккөздермен жұмыс жасау.
Оқу бағдарламасы шиыршық принципіне негізделіп жасалған. Бұл тәсілдің негізгі мақсаты оқу барысында белгілі бір уақыт өткен соң қайталап отыруды қарастырады (оқу жылы немесе келесі сынып), алған білімдері мен дағдыларының тереңдігі, көлемі мен күрделілігі бойынша біртіндеп кеңейіп отырады. Сөйлеу әрекеті бойынша мақсатқа жетуі ойлау іс-әрекетінің дамуындағы «біледі, түсінедіден» «айырады, салыстырадыға» алға басуын жобалайды. Қарапайымнан бастап жоғары ойлау дағдыларына дейін ойлану арқылы білім, білік және ойлау дағдылары дамиды және қалыптасады (Блум таксономиясы бойынша).
5, 7 - сыныптардағы бағдарлама мазмұны 6 бағыттан тұрады:
Strand 1:
Content, Strand 2:
Listening, Strand 3:
Speaking, Strand 4:
ReadingStrand 5:
Writing, Strand 6: Useof English, әрқайсысы оңайдан қиынға қарай даму қағидаты бойынша қойылған оқу мақсаттарына бөлінеді, дағдыларының дауына қарай сыныптан сыныпқа, бір деңгейден екінші бір деңгейге көшкен сайын мақсаттар күрделене түседі.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша қамтылатын шығармалар, сағат саны, оқу мақсаттары нақты көрсетілді. Ұзақ мерзімді жоспар қысқа мерзімді жоспар жасауға негіз ретінде қолданылады.
5, 7 - сыныптарға арналған оқу бағдарламасы оқу процесінің әдіснамалақ әлеуетін кеңейтуге бағытталған. Шығармашылық және жобалық іс-әрекет, оқыту әдістерімен, әлеуметтік, мәдени білім алу жолымен өзіндік пәндік білімді саналы меңгеруді қамтамасыз етеді.
5,7-сыныптарға арналған оқу бағдарламасына тән сипат білім алушылардың әртүрлі жан-жақты дағдылары мен пәндік білім, біліктерін дамытуға арналған. Осылайша оқу мақсаттары жүйесі коммуникацияның түрлі тәсілдерін,зерттеушілік, сыни ойлау, АКТ, функциональдық және шығармашылық білімдерін, командалық жұмыс, өзіндік жұмыс, проблеманы шешу мен шешім қабылдау тәрізді түрлі тәсілдерді қолдануға және оларды дамытуға негіз болады. Бұл жан-жақты дағдылар білім алушының өмірде және мектепте табысқа жетуін қамтамасыз етеді.
5, 7 - сыныптарға арналған оқу бағдарламасында дәстүрлі гармониялық байланысы бар дәстүрлі нормативтік білім беру құжаттары мен инновациялық әдіснамалық стратегиялар кіреді. Оқу бағдарламасы өзінің ерекшелігі бар инновациялық құрылымды болып келеді.
Оқу бағдарламасы түрлі аудиторияларда тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Білім алушылар мектеп ортасында өз қатарластарымен, мұғалімдерімен интерактивті тапсырмалар, ресми және ресми емес ауызша, жазбаша презентациялар кіретін осы бағдаламаның мүмкіндігі арқасында қарым-қатынас жасау арқылы мақсатқа жетеді. Сонымен қатар ағылшын тілін тасымалдаушыларға онлайн тәртібіндегі, өзара қарым-қатынасқа, сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінеді.
Жаңартылған бағдарлама оқушылардың шынайы өмір жағдаятында функциональдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Ағылшын тілі бойынша жаңартылған бағдарлама лексикалық жиынтық, құрылымдық талаптар мен коммуникативтік конвенцияларды пайдалану шеңберінде ғана үйренуге шек қоймайды. Прагматикалық аспектісі барлық мүмкіндіктерді қарастырады, тілдік бояу мен қарым-қатынас жағдайларына, контекске, коммуникацияға қатысушылардың өзара қарым-қатынасында пайда болған ережелерге баса назар аударылады. Білім алушының лексикалық және грамматикалық материалдарды контексте оқып үйренуі аталған жағдаятқа өзіндік қарым-қатынасын білдіреді. Пән бойынша оқылып жатқан тақырыпқа деген оқушылардың табиғи ішкі уәжі мен қызығушылығы кірігіп кетеді. Белсенді ойлау процесін техникалар мен тәсілдемелер қолдану арқылы белсенді оқыту түрлері тиімді және саналы түрде қолдануға болады деп болжанады. Оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сәйкес түрлі әдебиеттер мен ресурстарды қолдану ұсынылады.
5,7-сыныптардың тақырыптық мазмұны 2013 жылы бекітілген бағдарламаның тақырыптық мазмұнын толығымен жалғастырады. Сонымен қатар , келесі тақырыптар оқытылады:
5-сынып – Creativity (Art, Music, Stories and poems);
7- сынып – Communication and Technology, Space and Earth, Natural disasters.
Бағдарламаның міндетті компоненті ретінде ұсынылатын IndependentProject бөлімі («Жобалық жұмыс»), зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін (оқушылардың қызығушылығын тудыратын) ReadingforPleasure бөлімі, осының аясында оқушылар көркем шығармаларды және ғылыми-публицистикалық әдебиеттерді оқиды; әдеби шығармалардың түрлі жанрларымен танысады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес ағылшын тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі::
5, 7 - сыныптарда – аптасына 3 сағат, жылына –102 сағат.
Ұсынылады:
1.Білім алушылардың шығармашылық дағдысын қалыптастыруға бағытталған «Independent project», юнитына назар аудару қажет. Жобалау жұмысы арқылы түрлі мақсаттар мен сөйлеу сөйлеу әрекетіне мұғалім фокус бойынша қалыптастырушы бағалауды жүргізеді. Жобалау жұмысының форматы мен мазмұны және (тақырыптық мазмұны, іс-әрекет формалары, күтілетін нәтижесі, әрекетті бағалау формалары және т.б.) мектеп ішінде әдістемелік бірлестіктерде әріптестермен талқыланады.
2. «Reading for pleasure» бөлімінде оқу дағдыларын дамыту аясы бойынша әдістемелік нұсқауларды қолдану. Ағылшын тіліне оқытудың көркем және оқу әдебиет мәтіндерімен жұмыс жасау міндетті элементі болып табылады және оқушылардың алған дағдыларын бекітуге мүмкіндік береді.
Заманауи коммуникативтік әдіс-тәсілдер арқылы ағылшын тілін оқу оқушыларға бірі-бірімен қарым-қатынас, жақсы коммуникатор болу арқылы интерактивті дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Қазақстандық компонентті бағдарламаға қосу оның барлық деңгейіндегі тақырыптар мазмұнының ажырамас бөлігі болып табылады. Білім саласында осы пән үшін оқу мақсаттар жүйесі және іс-әрекет нәтижесі бар оқу бағдарламасы өзара байланысқан құндылықтар арқылы білім мен тәрбиенің бірізділігін қамтамасыз етеді
Шет тілі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің үлкен білімдік, тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар. Бұл жұмыс тек шет тілі туралы білімдерін арттырып қоймай оқушының мәдениеттану ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін тереңдетуге мүмкіндік береді, эстетикалық талғамын, өзге елдің тілі мен мәдениетін үйренуге деген қызығушылығын тудырады. Міндетті курспен қатар толық практикалық, тәрбиелік, дамыту мақсаттарын жүзеге асыруға толық жағдай жасайды. Шет тілін сыныптан тыс оқытуды моделдеу іс-әрекетінің негізгі тәсілдері :
тақырыптық ойын кештері;
елтануға арналған кіріспе үйірмелері;
шет тілдері апталығы;
бейнеклубтар, тілдік орталықтар;
шет тіліндегі театрландырылған қойылымдар және т.б.
Тілдік құзыреттілікті бағалауда ескерілетін жағдайлар :
1. Білім алушылардың жіберген тілдік қателерін оларға түсінікті қарапайым тәсілдермен жеткізуге көңіл аудару қажет. Егер білім алушы өз білімін көрсете алған болса бағалауда әсері болмау керек. Білім алушының ең басты мақсаты өз ойын қарапайым сөзбен бере білуі керек. Сөйлеуде грамматикалық талаптар дұрыс сақталмауы мүмкін. Біртіндеп өзіндік сөйлеу дағдысы қалыптасып, нақтылана әрі дұрыстала түспек.
2. Сұраққа жауап беру барысында білім алушылар бірінші тілді қолдануы мүмкін. Олардың бастапқы шектеулі сөздік қорлары және мақсатты тіл бойынша білімдерінің аздығы сөйлеуі мен сұраққа дұрыс жауап беру барысында кедергі болуы мүмкін. Сондықтан барлық білім алушылар мақсатты тілге қашан көшуге болатынын келісіп алуға болады.
3. Мұғалім ережеге сәйкес ауызекі сөйлеу тілінде кеткен қателерді, сөйлемдерді қайта құру көмегімен дұрыстауға болады, бірақ білім алушыға дұрыс түрін қайталату міндетті емес, себебі өзге тілде ол өз ойын сенімді жеткізе алмауы мүмкін.
4. Егер бір рет жіберілген қате тағы да қайталанса, сәйкес тақырыпты түсіндіру соңында мұғалім дұрыс үлгідегі сөздерге мысалдар келтіреді және қажет болған жағдайда оның грамматикасына баса назар аударады. Бұдан өзге, сынып білім алушылары немесе мұғалім барлығы ынтымақтасқан іс-әрекет негізінде кейбір тақырыптарға байланысты лингвистикалық мазмұндағы сөйлемдерге мысалдар келтіре алады.
5. Жазба жұмысын тексеру барысында тілдік қателер ескерілмейді (егер білдіретін ойы мен мәтіні түсініксіз болса), бірақ педагог оны өзінің түсініктемесінде көрсетеді.
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
«Математика және информатика» білім саласы бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады:
1) «Математика» – 5-сынып;
2) «Алгебра» – 7-сынып;
3) «Геометрия» – 7-сынып;
4) «Информатика» – 5, 7 -сыныптар.
Оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі төмендегі кестеде көрсетілген.
64-кесте – Оқу жүктемесінің көлемі
№
|
Сынып
|
Оқу пәнінің
атауы
|
Жалпы жүктеме, сағат
|
Апталық
|
Жылдық
|
1
|
5
|
Математика
|
5
|
170
|
2
|
5
|
Информатика
|
1
|
34
|
3
|
7
|
Алгебра
|
3
|
102
|
4
|
7
|
Геометрия
|
2
|
68
|
5
|
7
|
Информатика
|
1
|
34
|
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқытудың мақсаты - пән мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, ғылыми-жаратылыстану пәндерін игеруге қажетті математикалық білім мен дағдылардың негіздерін игеру, оқу пәні материалдары негізінде оқушылардың интеллектуалдық деңгейін дамыту.
Оқу пәнін оқытудың мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталған:
- «Сандар», «Алгебра», «Геометрия», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;
- әртүрлі мәнмәтіндідегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, санды қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге мүмкіндік беру;
- есептерді шешу мақсатында оқушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және керісінше, шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді түсіндіруге бағыттау;
- өздігінен оқуға және болашақ таңдаған мамандығы бойынша білімін жалғастыруға қажетті физика, химия, биология және басқа да теориялық облыстарда зерттеулер мен есептерді шешу үшін және практикалық іс-әрекеттерінде математикалық әдістерді қолданудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;
- практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен анықтылығын орнатуда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатар әртүрлі ақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;
- өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, бастамашылдық, табандылық, шыдамдылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;
- математиканың даму тарихымен, математикалық ұғымдардың пайда болу тарихымен таныстыру;
- математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.
«Информатика» оқу пәнін оқудың мақсаты оқушылардың бойында заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
«Информатика» пәнінің оқу бағдарламасы компьютердің жұмыс істеу қағидаларын түсінуді, объектілер мен жүйелерді талдау қабілеттерін, алгоритмдер әзірлеу және бағдарламалауды, шешімдер мен программалық қосымшаларды модельдеу және жобалауды, сондай-ақ түпкілікті өнімді бағалауды оқушылардың бойында қалыптастыруды көздейді.
Оқу мақсаттарына сәйкес келесі міндеттер анықталған:
- білім алушылардың бойында ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін, адамзат қызметінің әр түрлі саласында ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуін қалыптастыру;
- ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс – әрекетінде тиімді қолдану біліктерін дамыту;
- білім алушылардың жүйелерді талдауда, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды қалыптастыру және өз өнімдерін бағалауда компьютерлердің жұмыс істеуі негізгі қағидаларын меңгеру;
- талдау, абстракция, модельдеу және программалау арқылы әр түрлі міндеттерді шеше білулерін дамыту;
- білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрі оңтайлы тәсілдер табу мүмкіндіктерін қамтитын есептік ойлауды дамыту;
- білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;
- білім алушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету.
Оқушылардың оқу-ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту мақсатында жобалау жұмысы арқылы ғылыми-зерттеу іс-әрекетін жүргізуге көңіл бөлу керек. Жобамен жұмыс істейтін оқушылар одан әрі жүргізетін жұмыстарын жеке немесе топпен жоспарлауы, мақсат қойып, қажетті ақпарат іздеп, гипотеза ұсынулары және дәлелдеулері, эксперименттер жүргізулері, атқарылған жұмыстың нәтижелерін ұсынып, талдау және бағалау жасап, сондай-ақ өз жобаларын шебер қорғаулары керек. Оқушылар, Интернет көптеген қол жетімді ақпарат көздерінің бірі екенін, олар оған қол жеткізіп және әр түрлі көздерден деректер жинай алатынын біледі.
Сонымен қатар проблемаларды өнертапқыштықпен шешу теориясы ерекшеліктерін дамыту және проблемалық-бағдарланған оқыту технологиясын пайдалану, оқу курсы мазмұны арқылы өз білімін толықтыру мен бағдарламаның құрамдас бөліктерін өздігінен қолдана білу қабілетін, оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, когнитивтік мүдделерін дамытуға назар аудару керек.
Бұл білім саласы пәндерінің мазмұны бөлімдер бойынша берілген. Бөлімдер атаулары төмендегі кестеде келтірілген.
65-кесте – Оқу бағдарламалары бөлімдерінің атаулары
Математика,
5-сынып
|
Алгебра,
7-сынып
|
Геометрия,
7-сынып
|
Информатика,
5-сынып
|
Информатика,
7-сынып
|
Сандар
|
Геометрия
|
Компьютерлік жүйелер
|
Алгебра
|
Ақпараттық процестер
|
Статистика және ықтималдықтар теориясы
|
Компьютерлік ойлау
|
Математикалық тіл және математикалық модель
|
Денсаулық және қауіпсіздік
|
Бөлімдер бөлімшелерге бөлініп, әр бөлімшені оқып игеру сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқу мақсаттары жүйесінде көрсетілген: дағдылар немесе біліктер, білім немесе түсініктер.
Сонымен қатар, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдрламаларында барлық пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспар берілген. Онда курс материалы тоқсандарға бөлініп көрсетілген. Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптарды игеруге және бөлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат санын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылып болуы тиіс.
2013 жылғы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда оқу пәндердің базалық мазмұнында аздаған өзгерістер бар.
1. 5-сынып, «Математика» оқу пәні.
2017-2018 оқу жылы 5-сыныпқа бастауыш сыныптарда қолданыстағы бағдарлама бойынша оқытылған оқушылар келеді. Сондықтан, 5-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұны, шамалы өзгерістерді қоспағанда толығымен бұрынғыдай қалды. Атап айтқанда, қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында «Жиын» тарауы және «шиыршық» принципін сақтау мақсатында «Кеңістік фигураларының жазбалары» тарауы қосылған, оларды оқуға оқу жылына берілген 170 сағаттан сәйкесінше 5 сағат және 3 сағат бөлінеді.
Сонымен қатар базалық мазмұн тарауларын оқып игеруге бөлінген сағаттарда айырмашылық бар. «Натурал сандар және нөл саны» тарауын игеруге шамамен 15 сағат бөлінген. Қалған тарауларды игеруге бөлінген сағат сандары өзгеріссіз. «Математикалық моделдеу және анализ» бөліміне баса назар аударылған.
Әр бөлімді игерген кезде мәтінді есептерді шығару ұсынылады.
Статистикалық мәліметтерді ұсынуға арналған тапсырмаларды орындауға көңіл бөлінген. Бұл практикаға бағытталған есептерді қарастыруға байланысты.
2. 7-сынып, «Алгебра» оқу пәні.
Оқу пәнінің базалық мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда елеулі өзгерістер жоқ. Егер, қолданыстағы оқу бағдарламасында 5 тарау оқытылатын болса, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында 6 тарау оқытылады. Бұл, «функция» ұғымына қатысты материалдар жеке «Функция. Функцияның графигі» тарауы етіп берілген және бұл тарауға 6-сыныптан «Функция ұғымы», «Функцияның графигі», «Сызықтық функция және оның графигі», «Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы», «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу» тақырыптары көшірілген. Бұл тақырыптар 6-сынып оқушыларының игеруіне қиындық туғызады деп есептеп, практик-мұғалімдердің ұсыныстары бойынша ауыстырылған.
Практикаға бағытталған, зерттеушілік және шығармашылық тапсырмаларды шешу қажеттілігіне баса назар аудару керек.
3. 7-сынып, «Геометрия» оқу пәні
7-сыныпта оқушылар «Геометрия» оқу пәнін оқуға енді ғана кіріседі, сондықтан қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында өзгерістер жоқ.
Бұл арада пәнінің практикалық бағыттылығы күшейтіледі.
4. 5-сынып, «Информатика» оқу пәні.
Ширшықтық ұстанымын сақтау үшін 5-сыныпта «Ақпараттық процестер» бөліміндегі «Модельдеу» бөлімшесі «Компьютерлік ойлау» бөліміне ауыстырылды.
5. 7-сынып, «Информатика» оқу пәні.
Қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында өзгерістер жоқ.
5,7-сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту кезінде үштілділік саясатына ерекше көңіл бөлінуі керек. Пән үшін айрықша болып танылатын оқушылардың академиялық тілін дамыту ұсынылады. Бұл процесс әрбір сабақ үшін оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдарын анықтауды қамтиды. Мысалы: «Оқушылар әлеуметтік желіні пайдалану мен атрибуттарын ауызша талқылай алады».
Программалау тілі ағылшын тілі болып табылатынын, көптеген компьютерлерлік интерфейстер де ағылшын тілінде берілгенін айта кету керек. «Информатика» пәні жоғары сыныптарда білім алушылардың калауы бойынша ағылшын тілінде оқып игеруіне болатынын пән мұғалімдері әрдайым естерінде сақтаулары керек. Мұғалімдер оқушылардың назарын, информатика бойынша (http://tinyurl.com/NIS-CS-Lexicon) лексиконда сипатталғандай академиялық тілді пайдалануға аударту, сондай-ақ ұқсастықтар мен метафораларды пайдалана отырып күрделі жүйелерді түсіндіру мүмкіндігі сияқты информатика саласындағы жұмыстарға қажетті тілдік дағдыларға аудартулары керек. Одан бөтен, мұғалімдер оқушылардың бойында бай академиялық тіл қалыптастыру мақсатында, диалог/жазу үшін пайдалы сөздерді пайдалануды қамтитын мұқият және жүйелі түрде тілдік қолдау көрсетулері керек.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Жаратылыстану ғылымын оқыту білім алушылардың бойында табиғи құбылыстар мен заңдылықтар туралы түсініктерді қалыптастырып, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашып көрсетеді. Ол табиғаттың бір бөлігі ретінде адамға, табиғат әлемін ұғыну ғана емес, осы өзгергермелі әлемдегі өз орынын сезінуге бағытталған және жеке тұлғалық құндылық қасиеттер жүйесін тәрбиелеуге, жеке тұлғаның дүниетанымдық, мәдени, тәжірибеге бағдарланған қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша «Жаратылыстану» білім саласының оқыту ерекшеліктері:
- өмір бойы оқыту үшін білім мен дағдылар негіздерін қалыптастыру және тұлғаны дамыту;
- әртүрлі оқу, жобалау, зерттеу және сабақтан тыс іс-әрекеттерді үйлесімді байланыстыру арқылы өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамыту;
- өзін-өзі тану және социумдағы өзара іс-әрекеттер үшін негіз ретінде сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту;
- оқу бағыттарын таңдауда оқушылардың өз тағдырын өзі шешуін қамтамасыз ету (бағыттар бойынша одан әрі тереңдетіп оқу үшін пәндерді анықтау).
«Жаратылыстану» білім саласының мазмұны кіріктірілген. Оның құрамына жаратылыстану ғылымының пәндері: жаратылыстану, география, биология, химия, физика кіреді.
Негізгі орта білім деңгейінде «Жаратылыстану» білім саласы бойынша келесі пәндер оқытылады:
5-сыныпта – «Жаратылыстану»;
7-сыныпта - «География», «Биология», «Химия», «Физика».
Пәндер бойынша оқу бағдарламалары «шиыршық» принципі арқылы құрастырылған, білім алушылар оқу процесі барысында бастапқы проблеманы назарынан шығармау, сонымен қатар мәселеге қатысты білімді біртіндеп кеңейту және тереңдету, қажетті дағдыларды қалыптастыру мен дамыту мүмкіндігіне ие болады.
Оқу бағдарламасы оқу жылы барысында бағдарламаның бөлімдерінің зерделену жүйесін анықтайтын ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тоқсан ішіндегі тақырыптардың оқытылу реті және сағат санын бөлу мұғалімнің қалауынша өзгертілуі мүмкін. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі болып саналады.
Білім алушылардың жобалық, ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттерін қалыптастыру «Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті. Білім алушылардың жобалау және ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін мақсатқа бағыттап дамыту, олардың өзбетімен жұмыс істеуге ұмтылыстарын белсендіреді, интеллектуалдық әлеуеттерін ашады, адамгершілік және моральдық нормаларға қарсы келмейтін өзіндік өмірлік мақсаттарын қоюға және осы мақсаттарға жетудің тиімді жолдарын қарастыруға жетелейді. Жобалық және ғылыми-зерттеушілік әрекеттер арқылы білім алушылар тек міндетті оқу пәндері аясында ғана емес, сонымен қатар сабақтан тыс іс-әрекетті ұйымдастыру барысында да жаңа білімдерді меңгереді.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің тәрбиелік мақсаты - заманауи өркениетте және ғылымда мақтануға тұрарлық еңбектер арқылы, әртүрлі елдердің ғалымдары ашқан ұлы жаңалықтарды, жұмыстарды, ғылыми көзқарастарды зерттеумен жүзеге асады.
Осындай жұмыстардың жүргізілу нәтижесінде білім алушының бойында дүние жүзі халықтарының салт-дәстүрлері туралы жаңа білімі, қызығушылығы пайда болады, оларға деген құрмет сезімі қалыптасады, толеранттылық дамиды. Жаратылыстану ғылымдарының пайда болуы, заңдардың қалыптасуы, ғалымдардың ашқан жаңалықтары мен қорытындылары туралы сабақтардың тақырыптары мәдени білім беру ортасын қалыптастыру үшін үлкен әлеуеті бар.
«Жаратылыстану» оқу пәні бастауыш мектепте оқытылған «Жаратылыстану» пәні бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. 5-сыныптың оқушыларына жаратылыстану бағытында білім беру, олардың білім құмарлықтарының дамуына, әлем туралы ой-өрістерін кеңейтуге, ғылымды ұғыну мен қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.
5-сыныпта «Жаратылыстану» курсын оқудың мақсаты білім алушыларды жаратылыстану ғылымы тұрғысынан табиғат пен қоғамның өзара байланысы, табиғаттағы заңдылықтардың біртұтастығы туралы білім, ұғым, түсінік қалыптастыру және білімдерін күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану біліктігін дамытуға бағытталған.
«Жаратылыстану» пәні:
1) әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру, жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды идеялар және жетістіктерімен таныстыруға;
2) білімдерін қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін бұқаралық ақпарат құралдары, интернет ресурстары, арнайы және ғылыми-көпшілік әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан және өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қолдану және қабылдау біліктіліктерін меңгеруге;
3) интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамытуға;
4) күнделікті өмірде өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдануға бағытталған.
«Жаратылыстану» пәні негізгі мектептегі «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін зерделеу негізін қалауға бағытталған кіріктірілген курс болып табылады.
Бағдарлама халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес, білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы әзірленген.
Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімнен тұрады:
- «Ғылым әлемі»;
- «Ғалам. Жер. Адам»;
- «Заттар және материалдар»;
- «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер»;
- «Энергия және қозғалыс»;
- «Экология және тұрақты даму»;
- «Әлемді өзгертетін жаңалықтар».
Білім алушыларға қоршаған әлемнің көптүрлілігін, табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, тірі және өлі табиғатта болатын табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін, табиғаттағы нысандар мен процестердің көптүрлілігін жүйелеу принциптерін, адамның көптеген іс-әрекеті үшін ғылыми-жаратылыстану білімінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді.
Аталған пәннің бірнеше негізгі мақсаты бар. Олардың бірі бақылау, ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді зерттеушілік, ойлау және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру және дамыту болып табылады. Мысалы, түрлі тақырыптарды зерделеу арқылы, білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, жіктеуді, бақылауды, эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді сипаттауды және бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Пән үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды түсіндіру үшін, алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану біліктерін дамытады.
«Жаратылыстану» оқу пәнінің басты мақсаты – білуге құмарлықты, баланың ой-өрісін, қоршаған әлемді ғылым тұрғысынан түсінуді, табиғи және адамның қолымен жасалған мұраларды бағалау және қорғау білігін дамыту. Аталған пәнді оқу қоршаған әлемнің түрлі нысандары мен құбылыстары туралы білім қорының жинақталуына, түрлі практикалық және зерттеушілік іс-әрекеттер арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Жаратылыстану» оқу пәні веб-сайттан ақпаратты іздеу, іріктеп алу, оқу және қойылған мәселені шешуде қолдану үшін; деректерді графикалық түрде ұсыну және оларды сипаттау барысында мәтінмен, кестелермен, слайдтармен жұмыс істеуде базалық офистік бағдарламаларды қолдану үшін интернетте жұмыс істеуді; ақпаратты өңдеу, оны қағаз және электрондық тасымалдағыштарда сақтау үшін ұйымдастыру техникаларын қолдануды қарастырады.
«Жаратылыстану» оқу пәні бойынша 5-сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
«География» – жаратылыстану, қоғамдық, әлеуметтік нысандар мен құбылыстарды зерделейтін оқу пәні. География табиғи және антропогендік нысандар арасындағы өзара байланысты және өзара тәуелділікті зерделейді.
География ғылымдар жүйесінде ерекше орын алады, себебі ол әлеуметтік, экономикалық, жаратылыстану және техникалық ғылымдардың тоғысқан шегінде дамиды. Географияның өзіне тән теориясы, әдіснамасы және зерттеу әдістері бар.
Жалпы білім беретін мектептердің 7-сыныбында «География» оқу пәнін оқудың мақсаты: дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдайтын, географиялық ойлау қабілеті дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін және қолданатын, географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу.
«География» оқу пәнінің міндеттері:
1) географияның ғылыми пән ретіндегі рөлі мен оның қазіргі замандағы адамзат мәселелерін, сондай-ақ ғаламдық мәселелерді шешудегі әлеуетін түсінуге мүмкіндік беру;
2) оқушылардың бойында табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарға, осы байланыстардың кеңістіктік ерекшеліктеріне ғылыми көзқарастарды қалыптастыру;
3) қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін ашу;
4) оқушылардың географиялық зерттеу әдістері мен зерттеу дағдыларын игеруіне ықпал жасау;
5) оқушылардың география ғылымының түсініктері мен терминдерін меңгеруіне ықпал жасау;
6) кеңістіктік ойлау мен картографиялық дағдыларды қалыптастыру;
7) географиялық білімді күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
«География» оқу пәнінің мазмұны 6 бөлімді қамтиды: «Географиялық зерттеу әдістері»; «Картография және географиялық деректер базасы»; «Физикалық география»; «Әлеуметтік география»; «Экономикалық география»; «Елтану және саяси география негіздері».
Пәннің бөлімдері мен тақырыптары «шиыршық» принципі негізінде әзірленген, бұл принцип сәйкес әр сынып сайын тақырыптар бойынша білім мен дағды көлемі тереңдетіліп, қиындатып беріледі.
Бірінші және екінші бөлімдерге қатысты оқытудың ортақ мақсаттары, зерттеушілік және картографиялық дағдыларды қалыптастыру мақсатында, әр оқу жылының басында жеке сабақтар түрінде өткізіледі. Басқа бөлімдерді оқу барысында ортақ оқу мақсаттары оқылатын бөлім мәнмәтінінде зерделенеді. Оқудың мақсаттары тақырыптық бөлімді оқу барысында жүзеге асырылуы тиіс. Әр сабақты оқыту барысында мақсаттарды қайталап, яғни өткен мақсатпен толықтырып отыру қажет емес. Мысалы, атмосфера бөлімшесін оқу барысында білім алушылар бір далалық зерттеу (мысалы, бақылау және өлшеу), бір картосхема құрастыру, бір номенклатура тапсыру және деректер базасы формасындағы бір кесте құрастырулары тиіс, яғни бұл жұмыстарды әр сабақта жасау қажетті емес. Тақырыпты ортақ оқу мақсаттарымен толықтыру реті мұғалімнің қалауынша жүзеге асырылады.
Ортақ оқу мақсаттарын бағалау оқытудың негізгі мақсатын бағалау аясында жүзеге асырылады. Мысалы, «7.3.3.6 - мұхит суының қозғалыстарын жіктеп, түсіндіреді» мақсатын, «7.2.1.1 - тақырып бойынша картосхемаларды жасай алады» мақсатымен толықтырған жағдайда, білім жетістігін бағалау негізінен 7.3.3.6 мақсатын бағалау арқылы жүзеге асырылады, ал ағыстар географиясын көрсететін картосхеманың болуы, бағалау критерийлерінің бірі рөлін атқарады. Сонымен қатар іс-әрекеттің бір түрінің көмегімен екінші өтпелі мақсатты да қамтуға болады, мысалы, 7.2.1.2 - географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді. Білім алушының өзі құрастырған картосхемасынан ағыстарды көрсетуі негізгі оқу мақсатын бағалаудың бір критерийі болып саналады.
Оқудың әр мақсаты бойынша тапсырмалар әзірлеу міндетті емес. Мұғалімдер оқудың бірнеше мақсатын қамтитын бір тапсырма әзірлеулеріне болады.
Жүйелі-әрекеттік тәсілді жүзеге асыру жағдайында әр тапсырма тәжірибеге бағытталған болып табылады. Бірінші және екінші бөлімдердің ортақ оқу мақсаттары бұл тәсілді күшейтуге мүмкіндік береді (бұл өтпелі мақсаттардың топтамасы әр тақырыпты оқытудың ұзақ мерзімді жоспарында анықталған). Демек, бағдарламада міндетті практикалық жұмыстар тізімі қарастырылмаған.
Білім алушылар мұғалімнің басқаруымен географиялық ақпарат көздерімен, географиялық зерттеу әдістерін қолданумен (далалық әдіс, бақылау әдісі), схемалар, графиктер, диаграммалар, профильдер құрастыру, географиялық карталармен жұмыс істеу арқылы орындайтын зерттеушілік жұмысқа көп көңіл аударылады.
Пән мұғалімдеріне әр білім алушыға қажетті білімді алуға жағдай жасайтын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану ұсынылады. «Геограия» пәнін оқу барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану:
білім алушының оқу-танымдық қызығушылығын арттыру;
оқу процесін тиімді ұйымдастыру;
білім алушының оқу-танымдық әрекеттерін белсендендіру мүмкіндіктерін береді.
«География» оқу пәні бойынша бағдарламада қарастырылған далалық зерттеу, бақылау және эксперименттік жұмыстарды мұғалімдер сыныптан тыс орындарда өткізе алады.
«География» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің 7-сыныптағы көлемі – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
«Биология» пәні жаратылыстану ғылымдарының құрамдас бөлігі ретінде оқушыларға қоршаған ортаның көп түрлілігі мен эволюциясы туралы білім береді, тірі ағзалардың даму заңы мен заңдылықтарын қарастырады, сонымен қатар әлемнің таңғажайып құбылыстарын оқып-тануға және зерттеуге мүмкіндік береді.
7-сыныпқа арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқушыларға алған білімдерін нысандар мен ақпаратты бақылау, топтастыру, жүйелендіру, салыстыру, талдау, себеп-салдарлық байланыстарды орнату сияқты дағдыларын дамыту үшін қолдануға көмектеседі.
«Биология» пәні: биологияның оқу құрал-жабдықтарын пайдалану бойынша, эксперименттік зерттеу жоспарын құру, зерттеулер жүргізу, алынған мәліметтерді жинау, өңдеу және түсінік беру сияқты бірқатар практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Биологияны оқу, оқушыларға алған білім, білік пен дағдыны күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.
«Биология» пәнінің мақсаты – оқушыларға органикалық дүниенің көптүрлілігі, ондағы болып жатқан құбылыстар мен үдерістердің заңдары мен заңдылықтары, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы білім мен түсінік жүйелерін беру.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) жер бетіндегі барлық тірінің құндылығын түсіну үшін өмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшалықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін асыру;
2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;
3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру - салауатты өмір салты негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;
4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу;
«Биология» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының негізі оқытудың төрт бөлімін қамтиды: «Тірі ағзалардың алуан түрлілігі, құрылымы және функциялары»; «Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік»; «Эволюциялық даму, ағза және қоршаған орта»; «Кіріктірілген қолданбалы ғылымдар».
Биология бойынша білім беру бағдарламасы оқытудың бастапқы сатыларының өзінде пән туралы бүтіндей түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Биология бойынша оқу бағдарламасына мынадай бөлімшелер енгізілді: «Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары», оның шеңберінде тұқым қуалайтын және жүре пайда болған белгілері қаралады, «Микробиология және биотехнология» – микроорганиздер, антибиотиктер және антисептиктер туралы түсініктер енгізіледі.
Аталған бөлімшелерді оқыту оқушыларды қоршаған ортаны түсіну, сонымен қатар жоғары сыныптарда пәнді барынша тереңірек одан әрі зерделеуге көмектеседі.
Биология бойынша бағдарламаның негізгі ерекшеліктері болып биология бөлімдерін зерделеу жүйелілігінде оқытудың «шиыршық» принципін пайдаланылады. Бағдарламада 7-сыныптан бастап біртіндеп мазмұнының тереңдеуімен және күрделенуімен биология курсының барлық негізгі мәселелері оқытылады.
Демек, оқушылар ағзалардың әртүрлі топтарына тән биологиялық процестер мен құбылыстарды бір мезгілде зерделеу және салыстыру мүмкіндігін алады.
Оқу бағдарламасының мынадай бөлімдері бойынша тақырыптарды зерделеудің күрделілік және тереңдік деңгейіне назар аудару керек:
«Тірі ағзалардың әралуандылығы» – оқушыларды ағзалардың әр түріне арналған анықтау-кілттерін құрастырған кезде дихотомия әдісіне оқыту.
«Қорек» – адамның ас қорыту жүйесі бойынша білім негіздерін қалау (аталған тақырыпты оқушылар 9-сыныпта барынша толық зерделейтін болады).
«Жасушалық цикл» – генетикалық материал туралы түсінікті енгізу (химиялық формуланы ғана және ДНҚ-мен байланысты оқушылар 10-сыныпта жан-жақты зерделейтін болады).
Сабақтарды жоспарлаған кезде практикалық дағдыларды дамытуға бағыталған белсенді оқыту әдістерін көбірек қарастыру керек.
«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Мектепте «Физика» пәнін оқыту заманауи технологиялық әлемдегі өмірге дайындауда маңызды мағынаға ие.
Жаңартылған мазмұндағы 7-сыныпқа арналған «Физика» пәнін оқытудың мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
Оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгерту;
білім алушылардың интелектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын дамыту;
оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.
7-сыныптың физика курсында табиғат құбылыстарын қарастырады, физиканың негізгі заңдарымен танысады және осы заңдарды техникада және күнделікті өмірде қолдану деңгейінде оқытылады.
Физика мен оның заңдары барлық жаратылыстану саласының өзегі екендігіне басты назар аударылады. Сондықтан, курстың ең маңызды міндеттердің бірі - оқушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізін және табиғатты танудың ғылыми әдістерді туралы түсініктерін қалыптастыру.
Қазіргі заманауи физика қарқынды дамып келе жатқан ғылым, оның жетістіктері адам қызметінің көптеген салаларында әсер етеді. Бағдарламаның мазмұны физика эксперименттік ғылым болып табылатына, оның заңдары фактілерге, тәжірибелер көмегіне сүйенетіне негізделеді.
Физика - нақты ғылым және құбылыстардың заңдылықтары сандармен зерттеледі, сондықтан басты назар физикалық заңдарды тұжырымдау мен оларды түсіндірудің математикалық аппарататын қолдануына аударылады.
7-сыныптың физика курсына кіріспе «атом», «зат», «материя» және «физикалық термин», «физикалық шама», «гипотеза» және «эксперимент», «өлшем» және «өлшеу қателігі» сияқты негізгі ұғымдарды оқытады, одан әрі оқу материалын оқыту кезінде қазіргі ғылымның заманау деңгейі мен қоршаған ортамен байланыстың үзілмеуіне мүмкіндік береді.
Оқушылардың алған білімі қоршаған ортаға шығармашылық көзқарасын және оны дамытуға ықпал ететін болады және қоршаған орта туралы шындықты дұрыс талдауына көмектеседі.
Мектепте «Физика» пәнін оқыту заманауи технологиялық әлемдегі өмірге дайындауда маңызды мағынаға ие. Оқушылар оқу процесінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйренулері тиіс. Ерекше басымдылық ғылыми мәселелерді әлеуметтік және тұлғалық маңызды міндеттер мәнмәтінінде қарастыра алатын ақпараттанған және сыни ойлайтын азаматты тәрбиелеуге аударылуы тиіс.
Оқушылар оқу процесінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйренулері тиіс.
Жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның ерекшелігі келешек мамандығында жетістіктің маңызды критерий болып табылатын білім алушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру, өйткені проблеманы зерттеу, идеяларды сынақтан өткізу, жақсартудың жолдарын ұсыну қандай да болмасын проблеманы шешу үшін әмбебап операциялар болып табылады
Алған білімдерін практикада қолдану үшін оқушылар технология, коммуникация, медицина, ауыл шаруашылығы, түрлі өнеркәсіп және энергетика сияқты, адам қызметінің әртүрлі салаларындағы физиканың жетістіктері мен рөлін түсінуі қажет.
Физика пәні сабақтарында оқушылар тәжірибелер өткізіп қоймайды, мәліметтерді жинақтайды, жазып алады және талдайды; градиентті тәуелділігі мен табуға қатысты кестені құрастырады, соның ішінде Корнфильд әдісін пайдалана отырып ақаулықтарды табады, тәжірибені өткізуге әсер ететін факторларды анықтайды және оны жақсарту жолдарын ұсынады. Осының арқасында, әрбір оқушы зерттеу жолын жеке меңгереді және қандай да болмасын физика заңдылығына қатысты қорытындыны жасай алады. Мысалы, сұйықтықтың кинематика саласындағы зертханалық жұмыстар кешенін орындау оқушылардың қазіргі күні сұранысқа ие «Мұнай-газ ісі», «Жылуэнергетика», «Сумен қамтамасыз ету» мамандықтарын сәтті игеруіне дайындай алады.
«Орындалуға міндетті тәжірибелік және зертханалық жұмыстар тізілімі» оқушыларға пән бойынша жаңа білім алып, зерттеу машықтарын дамытуға мүмкіндік беретіндей етіп іріктелген.
Жаңартылған бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – физика шамаларын тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау. Осыған байланысты, бұл қосылған тәжірибелік есептердің есесінен, оқу бағдарламасының әрбір бөлімшесі кем дегенде 3 практикалық жұмыстардан тұрады:
ауырлық күшін зерттеу («Кинематика негіздері» бөлімшесі 7 сынып);
түрлі денелердің созылуын зерттеу («Кинематика негіздері» бөлімшесі 7 сынып);
жұмыстың мәнін график бойынша анықтау («Кинематика негіздері» бөлімшесі 7 сынып);
ауырлық күші мен үйкеліс күшінің жұмысын салыстыру («Динамика негіздері» бөлімшесі 7 сынып);
көлік түрлерінің қуатын бағалау («Сақталу заңдары» бөлімшесі 7-сынып);
үстел теннисіне арналған шариктің тебілу биіктігін анықтау («Сақталу заңдары» бөлімшесі 7-сынып);
күштің айналу осіне дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу («Статика» бөлімшесі 7-сынып);
7-сыныптарға арналған «Физика» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 10 зертханалық жұмыс және 22 практикалық жұмыстан тұрады.
7-сыныпта физиканы оқыту математикадан өтілген білім мазмұнымен байланысына негізделеді. Мұғалім оқушылардың 6-сыныпта математиканы оқығанда қандай білім алғанына, 7-сыныпта математика сабақтарында нені қарастыратынына сүйенеді. Мұнда 7-сынып оқушылары қазірдің өзінде координаталық жазықтық және теріс сандармен, әріппен белгілеумен таныс екендігі, формуланы жаза аладытыны есте болу керек. Олар бүтін және бөлшек сандармен әрекеттерді орындауды біледі, арифметикалық ортаны таба алады, сызықтық теңдеулерді шешеді. Оқу жылының ішінде оқушылардың математикалық дайындығы екі белгісізі бар теңдеулер туралы білімімен толықтырылады, олар функция ұғымын және оның графикалық көрсетілімін меңгереді.
Физика және химияда көптеген ортақ ұғымдар зерттеледі: атом, молекула, физикалық және химиялық құбылыстар, масса, дененің агрегаттық күйі. Осы шамаларды және оларды қолдану мен түсіндіруде бірдей анықтаманы қолдану қажет.
Физика мен биологияда өзарабайланысы ретінде жалпы және ішінара пайымдау болады. Табиғаттың біртұтастығын түсіну қабілеті және физика заңдарының әсері туралы білімі оқушылардың биологиядан алған білімдерін кеңейтуі мүмкін. Ол биологияның әдістерін физикамен байланыстырып пайдаланануды қарастыруға ықпал етеді.
Жаңартылған білім беру мазмұнында жетістікке қол жеткізу үшін мыналарды жасау ұсынылады:
ғылыми тілді қалыптастыру мақсатында оқушылардың сөздік қорын байыту, үш тілдегі физикалық терминологиямен таныстыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу;
физикалық процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және талдау кестелерін жасай білу дағдыларын, баяндау, сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды жасау және жалпылама қорыту (жазбаша және ауызша); дағдыларын қалыптастыру
есептердің шешімін сауатты ресімдеуге назар аудару;
жүргізілген тәжірибелік және зертханалық жұмыстар бойынша кеңейтілген жазбаша есептерді немесе ауызша баяндамаларды дайындай білуді дамыту;
оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыру.
Оқу бағдарламасының келесі бөлімдері бойынша тақырыпты оқу күрделілігі және тереңдігі деңгейіне назар аудару қажет:
«7.2.1.4 үдеудің не білдіретіндігін түсіну» - есептерді шешуде формулалар қолданбай, «үдеу» түсінігінің өзін ғана енгізу. 7-сынып деңгейінде үделген қозғалыс және «үдеу» түсінігі тек негізгі деңгейде оқытылады, сәйкесінше жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигінің астында ауданды есептеу, тікбұрыштың ауданын есептеуге келтіріледі.
«7.1.1.7 графикалық әдіспен бір түзу бойымен бағытталған векторды қоса және ала білу» - оқушыларға қиын емес есептер ұсыну және әр түрлі денелердің қозғалысының нақты мысалында жақсы меңгерілетін «вектор» бастапқы түсінігін енгізу ұсынылады.
7.3 «Қатты денелердің, сұйықтықтар мен газдардың қысымы» бөлімінде «Торричелли тәжірибесі» және «Атмосфералық қысым» тақырыптары қаралады.
«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«Химия» пәні білім алушылардың дүниетанымдық көзқарасын дамытуда, әлемнің тұтас ғылыми бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл пән оқушыларға заттардың әртүрлілігі мен олардың өзгерістерінің маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Жаңа заттарды алу мүмкіндіктерін аша отырып, оқушыларды қоршаған ортаның экологиялық жағдайын берілген мәліметтер негізінде нақты бағалауға үйретеді.
7-сыныпқа арналған «Химия» пәнінің жаңартылған мазмұндағы оқу мақсаттары оқушыларға заттар мен олардың айналымы, заттар қасиеттері, олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, оқушыларға химиялық процестердіңң мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк беру.
Химияны меңгергеннен кейін білім алушылар:
атомдар мен заттар молекулаларының құрылысын, химиялық үдеріс барысында олардың қасиеттерінің өзгерісін;
химиялық реакциялар кезінде заттың жалпы массасы мен энергиясының сақталуын;
химиялық реакцияның жылдамдығының химиялық процесс шартының ауысуына байланысты өзгеруін;
техникалық қауіпсіздік ережесін сақтап, қоршаған ортаға қауіпсіз химиялық айналымдарды жүргізуге болатындығын;
ғылыми әдістер мен эксперименттерді жоспарлауға;
шығармашылық әдіс-тәсілдер арқылы химиялық ақпаратты пайдаланып, өмiр сапасын жақсартуға болатындығын түсінуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріліп әзірленген.
Оқу пәнінің мазмұны бес бөлімді қамтиды:
- «Заттардың бөлшектері»;
- «Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары»;
- «Химиядағы энергетика»;
- «Химия және қоршаған орта»;
- «Химия және өмір».
Білім алушылардың химиялық процестердің мәнін, заңдар мен заңдылықтардың мағынасын жетік түсінуге және оларды өмірде қауіпсіз қолдануға; проблемаларды шешуге, жағдайды сын тұрғысынан бағалауға және шешім қабылдауға, сондай-ақ, түрлі әдістермен тиімді коммуникация орнатуға мүмкіндік беру болып табылады.
Қоршаған ортада әртүрлі құбылыстар мен процестер болып жатады, олардың көпшілігі химия ғылымы түсіндіретін заңдар мен заңдылықтарға бағынады. Химия пәні оқушыларға Жерде адамның тiршiлiк әрекетiне өте маңызды көптеген табиғи заттар бар екендігін және табиғат байлықтарына ұқыпты қарау қажеттiлiгiн түсiнуге тәрбиелейтін мүмкiндiк бередi. Химияны оқу қоршаған ортада болып жатқан химиялық құбылыстардың мәнiн түсiнуге жетелейді.
Оқушылардың сыни және шығармашылықпен ойлауын, сонымен қатар көптеген эксперименттік және тәжірибелік дағдыларын дамыта отырып, проблеманы шешуде шығармашыл тәсілдерді қолдануды қолдайды. Бұл пәнді оқу барысында оқушылардың зетханалық құрал-жабдықтарды қолдану мен эксперимент жүргізу дағдылары дамиды.
Басты назар әлеуметтік және тұлғалық маңызы бар мәселелерді, ғылым жетістіктері мен ашылымдарды түсінуге қабілетті жан-жақты ақпараттанған, сын тұрғысынан ойлайтын азамат тәрбиелеуге, назар аудару қажет.
Жаңартылған оқу бағдарламасы оқушылардың келесі білігі мен дағдыларын дамытуға бағытталған:
қауіпсіздік техникасын пайдалана отырып құрылғылар мен құрал-жабдықтарды қолдану, тәжiрибе жүргізу, химиялық заттарды анықтау, есептеулер жүргізу, моделдерді жинау;
табиғи құбылыстар, үдерістер, заңдардың мәнін түсіну үшін лабораториялық тәжірибе және зерттеу жұмыстарын жүргізу, эксперименттік есептер шығару;
қоршаған ортада болатын өзгерістердің себеп-салдарын анықтау, оларды берілген жағдаятты шешу үшін түсіндіру және әдістерді ұсыну.
Бұл оқу бағдарламасы табиғаттағы, адамзаттың іс-әрекетіндегі химиялық үдерістерді, экологиялық проблемаларды шешудегi химиялық технологиялардың мүмкiндiктерi, химиялық өнімдер өндірісінің принциптері мен қоршаған ортаның сақталу тепе-теңдігі туралы білім береді.
Химияның оқу бағдарламасы оқушыларға:
атомдар мен заттар молекулаларының құрылысын, химиялық үдеріс барысында олардың қасиеттерінің өзгерісін;
химиялық реакциялар кезінде заттың жалпы массасы мен энергиясының сақталуын;
химиялық реакцияның жылдамдығының химиялық процесс шартының ауысуына байланысты өзгеруін;
ғылыми әдістер мен эксперименттерді жоспарлауға;
қоғам үшін химияның кең ауқымды мүмкіндіктерін бағалауға;
жағдайды шынайы бағалау, нәтижелерді қорытындылау, эксперименталды жұмыстар жүргізу кезінде қорытынды жасау маңыздылығын;
техникалық қауіпсіздік ережесін сақтап, қоршаған ортаға қауіпсіз химиялық айналымдарды жүргізуге болатындығын;
химияның маңызды заңдылықтарын пайдаланып химиялық процестер мен заңдылықтарды болжауға және түсіндіруге болатындығын;
шығармашылық әдіс-тәсілдер арқылы химиялық ақпаратты пайдаланып, өмiр сапасын жақсартуға болатындығын түсінуге мүмкіндік береді.
Оқушылар «Химия» пәнін 7-сыныптан бастап оқитын болғандықтан, оқушыларда негіз қалаушы түсініктерді, заңдар мен заңдылықтарды дұрыс түсіндіруді қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Оқушылардың кейінгі сыныптарда осы пәнді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру үшін барынша әртүрлі практикалық және лабораториялық жұмыстар жүргізу ұсынылады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу бағдарламаларын тиімді жүзеге асыру үшін оқу мақсаттарымен анықталған, сәйкесінше сыныптарда оқытудың күтілетін нәтижелеріне ерекше назар аудару қажет.
Мысалы: «Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі» тақырыбы бойынша заттардың бір агрегаттық күйден екіншісіне өтуі бойынша білім негізін салу қажет. Оқушылар графикалық бейнелердегі өзгерістерді көрсете білуі, өзгерістерді анықтауы, қисықтың өзгеру немесе өзгермеу себебін түсіндіруі тиіс. Физикалық және химиялық құбылыстардың өту ерекшеліктерін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан терең түсінуді қалыптастыру үшін оқушылардың оқу жоспарларында ұсынылатын барлық практикалық жұмыстарды немесе олардың баламаларын орындауы міндетті. Бұл жоғары мектепте оқушыларға қоршаған ортада, сондай-ақ тірі ағзаларда өтетін үдерістердің себептері мен салдарын түсіндіруге бағытталған «Термодинамика», «Энергетика», «Кинетика», «Тепе-теңдік» бөлімдерін тиімді меңгеруге мүмкіндік береді.
Бағдарламада Блум таксономиясында белгіленген барлық дағдыларды дамыту көзделген. Дағдыларды таксономиялық әдістемеге сәйкес жеңілден күрделіге қарай дамыту нақты оқу мақсаттарында, сонымен қатар оқу жоспарларындағы мұғалімге арналған оқу үдерісін ұйымдастыруға байланысты ұсыныстар беріледі.
Әртүрлі сыныптарға жататын қосылыстардың қасиеттерін түсінуді жақсарту үшін 7-сыныпта барлық химиялық реакция теңдеулері сөзбен жазылады. Оқушылар жиі кездесетін қосылыстардың химиялық формулаларын олардың химиялық және физикалық қасиеттерімен танысу кезінде жаттайды.
«Ерітінділер және ерігіштік» тақырыбы бойынша 7-сыныптың оқушылары заттардың суда ерігіштігін анықтай білуі тиіс. Оқу бағдарламасы қауіпсіз зертханалық тәжірибелер, практикалық жұмыстар, көрсетілімдер, үй эксперименттерін жүргізіу және ұйымдастыру арқылы зерттеу дағдыларын қалыптастырады.
7-сыныптарға арналған «Химия» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 4-практикалық жұмыс, 12 зертханалық тәжірибелер мен көрсетілімдерден тұрады.
«Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының мазмұндық ерекшелігі: білім мазмұны хронологиялық реттілікпен берілген (көне дәуірден бүгінгі заманға дейін) және әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы, мемлекеттің дамуы, экономикалық даму бөлімдерін қамтиды.
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
тарихи пәндер мазмұнының қөлемі тақырыптық бөлімдерді біріктіру арқылы ықшамдалған;
тарихи пәндер арасындағы пәнаралық байланыс іске асырылған. Бұл өз кезегінде оқу материалдарын қайталамауға және Қазақстан тарихын әлемдік тарихи үдерістер контекстінде қарастыруға мүмкіндік береді;
тарихи ойлау дағдыларын (тарихи үдерістер мен құбылыстарды зерттеу, талдау, түсіну және түсіндіру) дамытуға бағытталған;
білім алушыларда тарихи сана, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға септігін тигізетін материалдарды зерделеуге ерекше көңіл бөлінген;
пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» принципі негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады.
Білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
Күтілетін пәндік нәтижелер әр бөлімдер мен тақырыптар бойынша анықталған оқу мақсаттары түрінде берілген. Күтілетін нәтижелердің (оқу мақсаттарының) тақырыптық мазмұнға сәйкес нақыталануы білім алушыларда пәндік білім мен дағыдыларды нақты оқу материалы негізінде қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша тарихи концептілер (түсініктер) негізінде оқыту ұсынылады:
Оқыту келесі концептілердің (түсініктердің) негізінде құрылуы тиіс:
өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады)
себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси үдерістерге әсер етті);
дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);
ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар);
маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы неде);
интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай сипаттайды).
Тарихи концептілер негізінде оқытудың қүтілетін нәтижелері:
«Өзгеріс пен сабақтастық»:
Білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдауы және бағалауы; сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер мен тақырыптарға дейін біріктіруі; тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіре білуі тиіс.
«Себеп және салдар»
Білім алушылар: бір немесе бірнеше себептердің және/немесе ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдауы және бағалауы; ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсінуі; тарихи құбылыс, оқиға немесе процесті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырудың әдістерін түсіндіре және бағалай білуі тиіс.
«Дәлел»:
Білім алушылар: қарастырылып отырған дәлелге қатысты: аудитория, мақсаттар, көзқарастар, формат, аргумент, шектеулер және контекст сынды тарихи айғақтың ерекшеліктерін талдауы; тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасауы; өткен заман туралы объективті түсінік қалыптастыру мақсатында түпнұсқалық және қосалқы деректерден әртүрлі, қарама-қайшы айғақтарды талдай білуі тиіс.
«Ұқсастық пен айырмашылық»
Білім алушылар: белгілі бір жерде, белгіленген бір уақыт кезеңінде және/немесе әртүрлі қоғамдарда, немесе бір қоғамның ішіндегі өзара байланысқан тарихи оқиғаларды салыстыруы тиіс.
«Маңыздылық»
Білім алушылар: қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің маңыздылығын анықтауы тиіс.
«Интерпретация»
Білім алушылар: белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты әртүрлі көзқарастарды түсіндіруі және бағалауы тиіс.
Әр тақырыпқа сәйкес келетін нақты тарихи концептіге (түсінік) құрылған оқыту оқу материалдары негізінде білім алушылардың тарихи ойлау дағдысын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл зеттеуге негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Әр сынып бойынша күтілетін нәтижелер білім алушылар жетуі тиіс минимум болып табылады, сонымен қатар, білім алушылар келесі сыныптарда қалыптасуы көзделген дағдыларды игереді.
Негізгі орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері мазмұнының жаңа құрылымы (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бөлу) ұсынылады:
- сынып – ежелгі заман (шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр)
- сынып – ортағасырлар кезеңі (V - XVII ғасырлар);
- сынып – жаңа заман кезеңі (XVIII -XIX ғасырлар);
- сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың бірінші жартысы);
9 - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін).
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша білім мазмұны жаңартылған бағдарламаға сәйкес, «Қазақстан тарихынан әңгімелер» пәні оқытылмайды. Себебі, бастауыш сыныпта «Дүниетану» (1-4-сынып) пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасында білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі маңызды тарихи оқиғаларын оқытуға ерекше назар аударылған.
Сондықтан 2017-2018 оқу жылында білім мазмұны жаңартылған бағдарлама бойынша 5-сыныпта отандық тарихтың барлық курсы емес, тек қана Қазақстанның ежелгі заман тарихы (дүниежүзі тарихымен қатар) оқытылады.
Сонымен жаңартылған бағдарламаға сәйкес тарихты оқу пәні ретінде жүйелі оқыту толықтығы және логикалық аяқталуына қатысты тұтастығымен сипатталатын 5-сыныптан басталады.
Назар аударыңыздар!
2017-2018 оқу жылында тарих пәндері бойынша бір мезгілде
5,7-сыныптарда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларын енгізу барысында қолданыстағы және жаңартылған оқу бағдарламалары мазмұнында хронологиялық кезеңдердің сәйкессіздігі орын алады.
66-кесте – Оқу бағдарламаларын салыстыру
Қолданыстағы бағдарламалар
|
Білім мазмұны жаңартылған бағдарламалар
|
5-сынып – Қазақстан тарихынан әңгімелер
|
5-сынып – Ежелгі заман тарихы
|
6-сынып – Ежелгі заман тарихы
|
6-сынып – Орта ғасырлар тарихы
|
7-сынып – Орта ғасырлар тарихы
|
7-сынып – Жаңа заман тарихы
|
8-сынып – Жаңа заман тарихы
|
8-сынып – Қазіргі заман тарихы (ХХ ғасырдың бірінші жартысы)
|
9-сынып – Қазіргі заман тарихы
|
9-сынып – Қазіргі заман тарихы
(ХХ ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін )
|
Алдағы уақытта жаңартылған білім беру мазмұнын кезең-кезеңімен енгізу кезінде мазмұнының сабақтастығын сақтау мақсатында:
7-сыныпта 6-сыныптың (орта ғасырлар) жаңа бағдарламасы енгізіледі, бұл тарихи кезеңдерді оқытуда сабақтастықты сақтап қалуға мүмкіндік береді;
8-сыныпта 7-сыныптың (жаңа кезең) жаңа бағдарламасы енгізіледі, бұл да тарихи оқиғаларды оқытуда сабақтастықты сақтауға мүмкіндік береді;
9-сыныпта 8-9-сыныптардың (қазіргі заман тарихы) мазмұнын қамтитын өтпелі бағдарлама енгізіледі;
Барлық жалпы білім беретін мектептерде 9-сыныптың өтпелі бағдарламасы екі оқу жылында қолданылатын болады.
«Қазақстан тарихы» пәнін оқудың ерекшеліктері:
Оқу пәнінің мақсаты: білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:
5- сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
7-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
5,7-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қазақстан қоғамының ежелгі дәуірдегі және орта ғасырдағы әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады. Қазақстан тарихы ата-бабалар мәдениетінің бірегейлігі, тарихи процестердің біртұтастығы мен сабақтастығын түсінуге мүмкіндік береді. Көшпелілердің әлемдік тарихтағы орны мен ролін, адамзат өркениетіне қосқан үлесін жаңа өркениеттік тұрғыдан қарастырады. Оқу пәнінің өткенді саралау, бүгінгі күнді сипаттау және болашақты бағдарлаудағы маңызы ерекше.
Тарихты оқыту – оқу мақсаттарын анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес материалдарды саралау, оқытудың тиімді әдістерін анықтауды және т.б. құрайтын күрделі процесс
Оқу пәнінің мазмұны төрт бөлімді қамтиды:
1) Әлеуметтік қатынастардың дамуы;
2) Мәдениеттің дамуы;
3) Мемлекеттің дамуы;
4) Қазақстанның экономикалық дамуы. Аталған бөлімдер сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
Мысалы,«Мәдениет» бөлімі бойынша оқу мақсаттары
Бөлімше
|
5-сынып
|
6-сынып
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
Өнер мен әдебиет
|
5.2.2.1
Археологиялық ескерткіш-терді салыстыру
|
6.2.2.1
күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылы-ғын айқындау
|
7.2.2.1
халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау
|
8.2.2.1
қазақ зиялыларының шығармашы-лық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру
|
9.2.2.1
кеңестік әдебиет пен өнер туындыларында қоғамдық өмірдің бейнеленуін талдау
|
Пәнді оқытуда білім алушылардың тарихи ойлау дағдыларын дамыту және олардың тарихи процестердің мәнін түсінуіне көңіл бөлу ұсынылады.
Сонымен қатар оқу процесін ұйымдастыру барысында оқу мақсатында нақты көрсетілмеген дағдыларды да дамытуға болады. Мысалы, «ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру» оқу мақсаты білім алушылардың ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіруді қажет етеді. Оған қоса мұғалім білім алушыларға тарихи картадан ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің орналасқан жерлерін көрсетуге тапсырма бере алады, бұл өз кезегінде білім алушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді.
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқудың ерекшеліктері:
«Дүниежүзі тарихы» пәні білім алушылардың бойында тарихи сана, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрметті қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерту және зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:
5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
7-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінің білім мазмұны төрт бөлімді қамтиды:
1) Әлеуметтік қатынастардың дамуы;
2) Мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі;
3) Саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі;
4) Экономикалық қатынастардың дамуы. Аталған бөлімдер сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
Жаңартылған бағдарламаға сәйкес тарихты оқу пәні ретінде жүйелі оқыту толықтығы және логикалық аяқталуына қатысты тұтастығымен сипатталатын 5-сыныптан басталады.
Бағдарлама білім алушылардың ежелгі дәуір өркениеті туралы жүйелі түсінігін қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан адамға, оның өмір салтына, өзіндік ерекшелігіне, тұрмыс-тіршілігіне және мәдениеттің маңызды көріністері: дін, мифология, ғылым мен мәдениетке ерекше мән бере отырып, ежелгі қоғам тарихын кешенді сипаттауға басымдық берілген.
Сабақ мазмұны және оқытудың қолданылатын формалары мен әдістері білім алушылардың білімді толық меңгеруіне, білім алушының жеке тұлғасын қалыптастыруға және Ежелгі дүние тарихының тәрбиелік әлеуетін іске асыруға бағытталуы қажет. Тарихты зерделеу нәтижелерінің бірі өткен оқиғалардың жарқын және әсерлі бейнелері негізінде құрылған білім алушылардың тарихи түсінігін қалыптастыру болып табылады.
Оқыту процесінде білім алушылардың бейнелік түсігінігін дамытуда көрнекіліктерді түрлендіріп қолданудың маңызы зор. 5-сынып білім алушылары сурет желісін, бейнефрагментті сипаттау, ерекшеліктерді анықтау, оған сұрақ қоя білу, қысқа әңгіме құру және онда тарихи ұғымдарды қолдана білуі қажет. Білім алушыларда тарихи картамен жұмыстың негізі 5-сыныптан қаланады, ол картаның шартты белгілерін қолдана білуі, тарихи және географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет.
Жаңартылған оқу жоспарлары оқыту процесінің тиімділігі мен өнімділігін арттыруға бағытталған. Сонымен, тарихи ойлау дағдыларын пәндік (мазмұн) мақсаттармен байланыстыру оқыту мақсаттарын біршама қолжетімді және өлшемді етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар оқу процесін ұйымдастыру барысында оқу мақсатында нақты көрсетілмеген дағдыларды да дамытуға болады. Мысалы, «Қоғамдағы діннің рөлін шектеуге қатысты адамдар өміріндегі өзгерістерді анықтау» (7-сынып) оқу мақсаты білім алушылардан міндетті түрде осы мәселе бойынша тарихи деректерге салыстырмалы талдау жасау негізінде себеп-салдарлық байланысты анықтауды қажет етеді.
Оған қоса мұғалім білім алушыларға тарихи картадан ислам мен христианның таралу динамикасын көрсетуге және сол арқылы білім алушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді.
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерін оқытуға
әдістемелік ұсынымдар.
Мұғалім оқыту процесінің әдісі мен ұйымдастырылуын анықтайтын ұйымдастырушылық-әдіснамалық принциптер: білімнің зерделілігі, толықтығы, тұтастығы, сабақтастығы, өзара байланыстылығы мен білім алушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігіне сүйену қажет.
Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары ұсынылады:
мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;
білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;
білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;
білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану ұсынылады.
Пәндерді оқытуда білім алушылардың басқа пәндерден алған білімдеріне сүйену қажет.
Пән мазмұнына сәйкес «Дүниежүзі тарихын» оқытуда тарихи зерттеу жүргізу (гипотезалар ұсыну, зерттеуге арналған сұрақтар құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, қорытындыларды тұжырымдау,өз көзқарасын анықтау) дағдыларын қалыптастыру мен дамыту ұсынылады.
Мұғалімнің сабаққа арнайы әзірлейтін тапсырмалары келесі критерийлерге сәйкес болуы қажет:
тапсырманың мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;
саралауға негізделуі;
сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік туғызуы;
проблемалық оқытуға негізделуі;
бағалау мүмкіндіктерінің болуы .
Жұмыстың келесі түрі – оқушының уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізетін тарихи карталарды қолдануы болып табылады. Бұл тарихи оқиғаларды, олардың өзгерісі мен даму жағдайын картада белгілеуге берілетін тапсырмалардан көрінеді.
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар беру ұсынылады.
Тарихи тұлғаға сипаттама бергенде мынадай арнайы жадынаманы қолдану ұсынылады:
- тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу;
- тұлғалық белгілерін сипаттау;
- өмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау;
- тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.
Бұл тарихи тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттерінің білім алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.
Тарих пәні ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамдардың құқығы мен бостандығын құрметтейтін және қабылдайтын, Отанының дамуына өз үлесін қосуға ниетті тұлғаны тәрбиелеуден көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық біріктіруші идеясын іске асыруда маңызды рөл атқарады..
Білім алушылардың тарихи білімін тәжірибеде нақтылау мақсатында мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған немесе тарихи-археологиялық орындарға экскурсиялар ұйымдастыру ұсынылады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:
http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым-қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.
Тәрбиелік компонент
Пән мазмұны біздің ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, Қазақстанның әлемдік тарихтағы орны мен рөлін, оның әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсінуге, мүмкіндік береді.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
1) Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдығы (1667-1764);
2) Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрестегі әйгілі батырларының бірі Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығы (1667-1749);
3) Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл (1917-2017);
4) Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 80 жыл (1937-2017);
5) Белгілі қолбасшы, қазақ халқының батыры Қабанбай батыр Қожақұлұлының 325-жылдығы (1692-1770);
6) Бірінші ресми емес қазақ Конституциясына «Қазақ елінің Жарғысы» 105 жыл (1912-2017);
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл (1992-2017);
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-2017);
9) «Астана ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық мамандандырылған көрмесі (маусым-қыркүйек, 2017);
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:
- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;
- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;
- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
«ӨНЕР»БІЛІМ САЛАСЫ
Музыка
5-сыныпқа арналған «Музыка» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Пәнді оқытудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасы, әлем халықтары шығармашылығы, әлемдік классика және заманауи музыканың үздік үлгілері негізінде оқушылардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту
Пәнді оқытудың міндеттері:
- өзге өнер түрлері мен оқу пәніне музыка өнерін кіріктіре отырып әлем тұтастығының бейнесі жөнінде түсінігін қалыптастыру;
- музыка өнерінің жалпы адамзаттық қажеттілікті құбылыс ретінде, оның адам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастыру;
- сын тұрғысынан ойлауы мен музыкаға жағымды қарым-қатынасын, музыкалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру;
- музыкалық шығармалар мен тапсырмаларды талдау, зерттеу және орындаушылық пен импровизациялау, презентациялау оқу пәндік-тақырыптық білім, білік, дағды аясында дамыту;
- музыкалық қабілеттілігін, белсенді шығармашылығын, орындаушылығы мен зерттеушілік дағдысын дамыту;
- музыка өнері негізінде коммуникация формалары жөнінде білімін қалыптастыру;
- музыкалық-шығармашылық жұмыстарға идеялар қосу негізінде өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуын қалыптастыру (шығармалар жазу, импровизация және өңдеу);
Достарыңызбен бөлісу: |