Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағыҰлттық білім академиясы



бет12/14
Дата27.02.2020
өлшемі3,13 Mb.
#57459
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Оқу процесі заманауи педагогикалық технологиялардың енгізілуі мен технологизациялануын ғана емес, сонымен қатар оқытудың дәстүрлі түріне қарағанда, оқушыны дамытуда басымдыққа ие мектептегі білім беру барысында күрделеніп отыратын және материалды қайта қарауды көздейтін оқытудың шиыршық түрінің дамуын да ескере отырып, кешкі мектептің оқу бағдарламаларының мазмұны барлық пәндер бойынша қайта қаралуы керек.

Оқу бағдарламаларына «теориядан тәжірибеге» тәсілін, оқу материалының пәнішілік және пәнаралық сабақтастығын қарастыратын әдіс негізге алынуы қажет. Мұндай әдістің енгізілуі жобалау, зерттеу, тәжірибе және зертханалық жұмыстарды жүргізу нәтижесінде жаңа білімнің меңгерілуі мен функционалдық сауаттылық дағдыларының қалыптасуын қарастырады.

Білім беру процесіне оқытудың белсенді әдістерін енгізу функционалдық сауаттылықты өз бетінше дамытуды, білімді белсенді «игеруді», коммуникативтік дағдыларды дамытуды, тілдерді үйренудегі коммуникативтік тәсілді, тәжірибеде білімді шығармашылықпен қолдануды және мәселені шешуде шығармашылық әдісті қарастырады.


Кешкі мектеп жылдық күнтізбелік оқу кестесін белгілеуде, бағалау жүйесін, білім алушыларды аттестаттау тәртібі мен мерзімін таңдауда дербес.

Жазба жұмыстарының орындалуына қойылатын талаптар:

«Тіл және әдебиет» білім саласы

«Қазақ тілі», «Орыс тілі» пәндері бойынша жазба жұмыстары тоқсанына бір рет жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 жазба жұмысы.

Қазақ және орыс тілдері бойынша эссе– жылына 2 рет.

Қазақ және орыс тілдері бойынша тест жұмысы – жылына 2 рет.

Қазақ және орыс әдебиеті бойынша шығарма – жылына 2 рет.

Эссені қазақ және орыс әдебиетінен білім алушылар жылына 2 рет жазады.



«Математика и информатика» білім саласы

«Алгебра», «Геометрия», «Физика» пәндері бойынша бақылау жұмыстары тоқсанына бір рет жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 бақылау жұмысы.



«Физика» пәні бойынша зертханалық жұмыстар:

8 сынып – жылына 4;

9 сынып – жылына 4;

10 сынып – жылына 4;

11 сынып – жылына 4 рет жасалынады.

«Физика» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары:

8 сынып – жылына 4;

9 сынып – жылына 4 рет өткізіледі.

«Информатика» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары – әр сыныпта жылына 4 рет.

«Жаратылыстану» білім саласы

«Химия» пәні бойынша бақылау жұмыстары тоқсанына бір рет жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 бақылау жұмысы.

«География» және «Биология» пәндері бойынша бақылау жұмыстары – жылына 2 рет (тест түрінде).

«Биология» пәні бойынша зертханалық жұмыстар:

8 сынып – жылына 4;

9 сынып – жылына 4;

10 сынып – жылына 4 рет өткізіледі.



«Химия» пәні бойынша зертханалық жұмыстар:

8 сынып – жылына 4;

9 сынып – жылына 4;

10 сынып – жылына 4;

11 сынып – жылына 4 рет өткізіледі.

«Химия» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары:

8 сынып – жылына 2;

9 сынып – жылына 2;

10 сынып – жылына 2;

11 сынып – жылына 2 рет өткізіледі.

«География» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары:

8 сынып – жылына 4;

9 сынып – жылына 4;

10 сынып – жылына 4;

11 сынып – жылына 4 рет өткізіледі.

Сырттай оқу нысаны бойынша сыныптарда қазақ тілі, орыс тілі, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, алгебра, тарих, (адам, қоғам, құқық),АҚҚ, география, биология, физика, химия пәндері бойынша апта сайын өтілген материал бойынша сынақ тапсырылады.

Сынақтар ауызша, жоба, зерттеу жұмысы, бақылау, зертхана, тәжірибе жұмыстары, тест түрінде тапсырылады.

Кешкі мектептің тәрбие жұмысы әлеуемттік жағдайы төмен кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді оңалту, бейімдеу, әлеуметтендіру және тұлға ретінде дамытуға бағытталған, яғни оқушыларға тәрбие жүйесінің ықпалы, негізінен, оқушылардың бойындағы адамгершілік және құқықтық тәртібін түзетуге бағытталған.

Кешкі мектептің және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдердің негізгі міндеті– түрлі себептермен күндізгі мектепте, колледждерде оқи алмаған, мысалы, педагогикалық бақылаусыз қалу, ауру себептері, оқуға деген ынтасының болмауы, отбасындағы ауыр тұрмыс жағдайы және т.б. байланысты келген «қиын» жасөспірімдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу болып табылады.

Кешкі мектеп ұстаздарының міндеті – жаңартылған бағдарламаны қолдану барысында оқушылардың бойында негізгі адами нормалар мен өнегені қалыптастыру, толеранттылық пен басқа мәдениет пен көзқарастарға құрмет көрсету, жауапкершілігі жоғары, дені сау баланы тәрбиелеу.

Кешкі мектептің ерекшеліктерінің бірі –«проблемалық (қиын)» балалармен жұмыс. Олар жұмысқа қабілеттерінің төмен болуы, оқуға ынтасының болмауы мен тәртіпсіздігімен ерекшеленеді.

Тәрбие жұмысының басым бағыттары:

– қазақстандық патриотизм мен азаматтылыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие, тарихи таным, ұлттық дәстүр мен мәдениет, әлеуметтік әрекеттестік дағдыларын дамыту, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы негізінде азаматтық және құқықтық жауапкершілікті дамыту;

– рухани-адамгершілік тәрбиесі;

– салауатты өмір салты;


– ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім;


–құқық бұзушылық пен кәмілетке толмағандар арасында бақылаусыздықтың алдын алу;

– кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу;

– кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық, токсикомания, маскүнемдік пен темекі тартудың алдын алу;


      • жасөспірім қыздар тәрбиесі;

      • оқушыларды кәсіби бағдарлау;

      • ата-аналармен әлеуметтік әріптестік.

Кешкі мектептің және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдердің ерекшеліктеріне сай оқу процесі мен мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру үшін мектеп әкімшілігі үшін төмендегі нормативтер бекітілген:




Бақылау нысанасы

Нормасы

1

Сабақтарға және сыныптан тыс іс-шараларға қатысу және оларды талдау

Айына 8-10 сабақ (директордың орынбасарлары үшін);

Айына 2-3 сабақ (мектеп директорлары үшін)



2

Сынып журналдарын тексеру

Тоқсанына 1 рет

3

Пәндер бойынша оқу бағдарламалары-ның орындалуын тексеру

Тоқсанына 1 рет

4

Оқушылардың жеке іс құжаттарын тексеру

Жылына 2 рет

5

Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру

Жылына 2 рет

6

Алфавиттік кітапты тексеру

Жылына 2 рет

Кешкі мектеп және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдер кәсіпорындармен уағдаластық бойынша, қосымша білім беру қызметін, оның ішінде ақылы қызмет ретінде білім алушылардың кәсіптік дайындық жұмысын жүргізе алады.

Сырттай немесе кешкі оқыту сабақтарын сессиялық режимде ұйымдастыру кезінде сессиялардың уақытын Мектептің педагогикалық кеңесі белгілейді.

Негізгі орта және жалпы орта білім беру курстары бойынша бағдарламаларды меңгеру бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады. Кешкі мектеп бітірушілеріне олар қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін тиісті білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

Кешкі мектептегі білім беру процесін жетілдіру мақсатында Әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер, психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет құрылады. Олардың қызметі мектеп Жарғысында және қолданыстағы білім беру саласындағы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

9 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерге сәйкес даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық білім беру деңгейлерінде білім алу үшін, даму бұзылысын түзеу үшін және әлеуметтік бейімдеу үшін арнайы жағдайлар қамтамасыз етіледі.

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (2002 жылғы 11 шілдедегі №343) мүмкіндігі шектеулі балалар үш жастан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш және негізгі орта білімді жеті-он жастан бастап алатыны анықталған.

Білім беру саласындағы нормативтік және құқықтық актілер жалпы білім беретін мектепте денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін балалар үшін қалыпты және арнайы сыныптардың ашылуы қарастырылған.

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылармен бірлесе оқытатын қалыпты (бұдан әрі - инклюзивті) және арнайы сыныптарын жалпы білім беретін мектепте құру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) берілген.

Үлгілік қағидалардың 18 тармағына сәйкес жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті және арнайы сыныптар халықтың қажеттілігін, оның ішінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүгедек баланы тәрбиелеп жатқан ата-аналардың мүддесін есепке ала отырып, білім беруді жергілікті басқару органдарының келісімі бойынша ашылады.

Инклюзивті және арнайы сыныптардың толымдылығын анықтауда келесілерге назар аударған жөн:



  • әрбір инклюзивті сыныпта екі даму мүмкіндігі шектеулі баладан артық оқытылмауы тиіс (Үлгілік қағидалардың 18 т.);

  • арнайы сыныптар бұзылыс түрлері бойынша ашылады және сыныптағы білім алушылардың саны бұзылыс түріне байланысты болады. Арнайы сыныптардың толымдылығын анықтауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 3-тармағын және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын (9-қосымша, 2-кесте) басшылыққа алу ұсынылады;

  • жалпы білім беретін мектептердегі инклюзивті және арнайы сыныптарға балаларды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» (1-қосымша) мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы білім беретін мектептегі арнайы сыныптар жұмысы ұзартылған күн тәртібінде ұйымдастырылады, яғни бұзылған қызметтерді еңсеру мен орнын толтыру және қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайларды құру. Қажет болған жағдайда, ұзартылған күн тәртібіне жалпы білім беретін сыныптардың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары да қатыса алады.

Жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ ҚР МЖБС негізінде жасалған арнайы білім беру бағдарламалары бойынша ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) ұсынымдарына сәйкес білім алады.

2017-2018 оқу жылында 1, 2, 5, 7 сыныптарының білім алушыларын оқыту жаңартылған білім мазмұнына кезеңдеп өту аясындағы ҚР МЖБС және ҮОЖ сәйкес іске асырылатынын ескерген жөн.

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгерудің ерекшеліктеріне байланысты мұғалім олар үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бейімдей алады. Ал сабақтар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуға жеке ықпалды қолдану арқылы жүргізіледі.

Білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын сақтау, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім алу және қосымша білім беру қызметтерін алудағы олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жайлы жағдай құру қамтамасыз етіледі.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді.



Оқытудың түзете-дамыту бағыттылығы жалпы білім беретін цикл пәндері, түзету пәндері аясында, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде іске асырылады.

Назар аударыңыз!

Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті толығымен түзету пәндері бойынша жүргізілетін сабақтарға бөлінеді. Ерекше білім беружі қажет ететін балаларға арналған элективтік курстар, мектеп компонентінің курстары өткізілмейді.

Инклюзивті және арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтер Жеке бағдарламаларына сәйкес іске асырады.

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру үшін инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының штатында келесі мамандардың болуы ұсынылады: психолог, арнайы педагогтер (тифлопедагог, сурдопедагог, логопед, олигофренопедагог), ЕДШ нұсқаушысы, әлеуметтік педагог.

Жоғарыда аталған мамандар болмаған жағдайда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзету-педагогикалық қолдау психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде және оңалту орталықтарында көрсетіледі.

Мигрант, оралман балаларды оқу-тәрбие процесіне кіріктіру және қазақ тілі мен орыс тілдерін меңгерту мақсатында қосымша сабақтар, тілдік үйірмелер, факультативті сағаттар ұйымдастырылады. Оларға қолдау қызметі мамандарының психологиялық-педагогикалық және тілдік көмек жасауы қажетті шарт болып табылады.

Инклюзивті білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне тиімді жету үшін жалпы білім беретін мектептер оралмандарды бейімдейтін және кіріктіретін орталықтармен, ресурстық орталықтармен, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдейтін орталықтармен, арнайы білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ, ПМПК, оңалту орталықтары және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерімен өзара әрекеттестікті ұйымдастырады.



Мұғалімдерге арналған ұсынымдамалар

Тіл мен әдебиет пәндерінің мұғалімі оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілі кемшіліктерін ескеріп, сөздердің дұрыс дыбысталу, сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағы, байланыстырып сөйлеу дамуының деңгейіне назар аударған жөн. Сонымен қоса мұғалімге жасына сай тұрмыстық міндеттерді шешу үшін балалардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қолдану іскерлігін дамытқан дұрыс.

Математика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың танымдық әрекеті мен эмоциялық-ерік саласындағы ерекшеліктерін ескеру қажет.

Адам және қоғам білім саласына қатысты пәндердің мұғалімі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда оларды қоғамға бейімдеу және мінез-құлықтарын түзету үшін бұл пәндердің жағымды әлеуметтендірушілік және тәрбиелік әлеуеттерін ескереді.

Музыка және бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі тірек-қимыл аппараты және сөйлеу, есту, көру бұзылыстары бар балаларды оқыту процесіндегі қиындықтарын, оңтайлы психологиялық-эмоциялық күйге келтіруін, жалпы және ұсақ моториканы дамытуын және танымдық іс-әрекетін белсендіруін ескерген жөн. Сонымен қоса, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларда жасырын таланттар мен шығармашылық әлеуетін таныту ықтималдығы жоғары болғандықтан , олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл бөлген маңызды.

Технология пәнінің мұғалімі жеке тәсілдерді қолдану және жеңілдетілген тапсырмалар беру арқылы білім алушылардың сенсорикасын (сезімталдығын) және ұсақ моторикасын, танымдық әрекеті мен қабілеттерін ескерген дұрыс.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі тірек-қимыл аппаратындағы бұзылыстарын ескеріп, жалпы және ұсақ моторикасына назар аударуы, сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың денсаулығын нығайту мен дене дамуына арналған арнайы жаттығуларды жоспарлауы қажет. Сонымен қатар, сабақ өткізу кезінде есту, көру бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктерін ескеру (анық және нақты командалар беру, әрекеттерді арнайы көрсету және т.б.) және емдік дене шынықтыруды ұйымдастыру керек.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдардағы тәрбие процесінің ерекшелігі мектеп деңгейінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға толерантты қарым-қатынасты тәрбиелеу, сондай-ақ негізгі құндылықтармен таныстыру, білім беру процесінің барлық субъектілерінің инклюзивті білім беруге жағымды көзқарасын қалыптастыру, ересектердің «ерекше балаларға» ұстанымын өзгерту болып табылады.



Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау

Жаңартылған білім мазмұнына өтуге байланысты 1, 2, 5, 7 сыныптардағы білім алушылардың оқыту нәтижелерін бағалауда оқу жетістіктерін бағалау жүйесі қолданылады.

Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бағалау кезінде ҚР МЖБС-да көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлануы қажет. Алайда, кейбір білім алушыларда бағдарламаны меңгеру мерзімі ұзағырақ, оның нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіне сәйкес келетін деңгейге жетеді.

Білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары және олар орындауы қажет міндеттері тең болуы маңызды. Осы орайда, олардың жетістіктерін бағалаудың негізгі мазмұны шектеуді, яғни бұзылысты (көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, әлеуметтік-эмоциялық сала) ескере отырып, қалыпты дамыған құрбыларымен бірдей болуы қажет. Ьұл жағдайда бағалануы керек:



  • арнайы оқу дағдыларының қалыптасқандығы, мысалы, көру бұзылыстары бар балалардың Л. Брайль шрифтін меңгеріп және/немесе тегіс баспалы шрифтпен жазу мен оқу;

  • білім беру салалары бойынша құзырет: ауызша және жазбаша коммуникацияны қолдану, саналы оқу мен жазуға қабілетті болу; математикалық білімнің элементтерін практикалық қолдану іскерлігі, олардың өмірге қажетті мәнін түсіну және т.с.с.;

  • әлеуметтік-тұлғалық нәтижелерді бағалау: өз күшін адекватты бағалай алу, физикалық жүктемеде, медициналық препараттарды қолданғанда, аз таныс заттық-кеңістіктік ортада (бөлмеде, көшеде) өз бетінше қозғалу кезінде ненің болатынын және болмайтынын түсіну.

Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады.

Білім беру ресурстары мен технологиялары

Қазақстанда инклюзивті білім беруді ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік қолдау мақсатында бірқатар әдістемелік ұсынымдар мен құралдар әзірлену үстінде. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік ресурстар академияның сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді http://nao.kz/blogs/fromorg/2/22:

1. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері.

2. Инклюзивтік білім беруде әдіснамалық және оқу-әдістемелік сүйемелдеу бойынша тәсілдеме ұстанымдарын табысты ендірудің әлемдік тәжірибесін талдау.

3. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар.

4. Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Әдістемелік ұсынымдар.

5. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру процесіне енгізу үлгілерін дайындау. Әдістемелік ұсыныстар.

6. Білім беру ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивтік педагогика мен енгізу жүйесінің қағидаларын дайындау. Әдістемелік ұсынымдар.

7. Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар.

8. Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету.

9. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі

10. Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын ұйымдастыру

11. Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқытуын ұйымдастыру

12. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық консилиум ережесі

13. Инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығының ережесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет