Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педогогикалық Университеті
Өнер және Білім факультеті
ЭССЕ
Тақырыбы: «Зейіннің қызметі мен қасиеті»
Тобы:2101-11 Дизайн
Қабылдаған: Досанова М
Орындаған: Ахмет А
Шымкент 2022
Зейіннің негізгі қасиеттері
Зейін жөнінде әңгіме болғанда оның мына төмендегі қасиеттерін ecke алады:
Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы,
өндіріс озатының не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады. Зейiндi бiр жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп отырған iсiн тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды.
Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеңе алудың басты бір белгісі болып табылады.Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не
белгілі бір әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек.
Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиiстi объектіге жинақтай алатын болады.
Ересек адамдар жұмыс үстінде зейінін 40 минуттай бір объектіге тұрақтата алады. Осындай 10-20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу,
жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді. Адам
соншалық ерік-жігермен зейін
салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын-оқтын ойы бөлініп, басқа бір затқа ауып
отырады. Осылайша зейіннің бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұруын зейіннің толқуы дейді. Толқу -зейіннің табиғи қасиеттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кітап оқыған адам да
анда-санда бөтен ойға түседі, басын көтеріп жан-жағына қарайды. Зейіннің
мұндай толқуы, әрине, адамның көңіл аударған нәрсесіне ойының бөлінуіне,
зейінін тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |