2 Оқыту қазақ тілінде емес мектептерде қазақ тілін дамыта оқытудың
әдістері мен амалдарының жүйесі
Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Әдіс деген сөз
гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа,
шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздікте «әдіс» — мақсатқа қол
жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет»- деген
анықтама берілген.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау
үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.
Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту
әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады,
ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе –
оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді
қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін
сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-
ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына
көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту,
тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар,
оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар,
оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру,
тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім
алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік,
тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы
білім алу мүмкіндігі бар.
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа
жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және
36
дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту,
білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша
оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп,
ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған
міндеттермен сәйкестендірілген.
И.Я.Лернер,
М.Н.Скаткин
оқыту
әдістерін
оқушылардың
танымдық
жұмыстарының
түріне
қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой
жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.
Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық
белсенділігі әртүрлі.
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін
қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің
танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған.
Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу
мүмкін бола бермейді.
Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол
іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап
көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау
әдістері деп бөледі.
М.И. Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін төмендегідей
іріктеді:
ақпарат беру әдісі,
түсіндіру әдісі,
ынталандыру әдісі,
тәжірибелік әдіс.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін
(хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы,
жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап
етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді хабарлайды,
заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар қояды. Егер
оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек айтсақ фактілерді талдау,
салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту әдісін түсіндірмелі деп атауға
болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды, фактілерді ұсынумен шектелсе,
(мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді жаттауды ұсынады, бірақ ереженің
мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін айтады), онда оқыту әдісі ақпараттық-
хабарлау, немесе оны жай ғана хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес бірінші
жағдайда оқушылар заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің
түсіндіргенін тыңдайды және ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап
іздейді. Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені
37
оқушылар дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер
шығармайды). Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау,
оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде
орындаушылық деп атаймыз.
Сондықтан оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып
табылады. Егерде оқушы мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда
кітаппен жұмыс оқу әдісі болып табылады. Егер монологтық баяндау әдісі
қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын,
ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін
көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық әдісті қолданғанда
мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық
әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық тапсырмалар
қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен «жаңалық» ашады, бірақ негізінен
оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім
оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша
ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қорытындылау, өз ойын
дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді. Оқушылар оларды өз
бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз
тумайды.
Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған
кезде жүреді. Ол дидактикалық
мақсатқа, оқушылардың
білім деңгейіне
мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты.
Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов «Сөзден әдемілеп
әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас» дейді. Сөз өнерінің айшықты болуы
сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл тазалығына
байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу (ұқсату), әсірелеу
тәсілдерінің мәнін ашады. Міржақып Дулатов оқытудың баяндау, әңгіме,
түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты
тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп берді. Ол «баланы толық
жауап беруге әдеттендіру керек», - дейді. Сөйтіп, оқытушы көркемдеп оқытудың
жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-әрекеттерді талап етеді.
«Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім өзі оқып, көрсету лайық», -
дейді.
Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты,
көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір
талаптар қойылады. Олар:
әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың,
фактілердің жеткіліктілігі;
38
әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
әңгіменің әсерлілігі;
тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.
Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс
істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, қазақ тілі сабағында жаңа мәтінді
өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім
оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа
алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді.
Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту
кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;
себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
жүйелілік.
Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең
қолданылады. Бірақ негізгі орта және жоғары деңгейлерде оқу материалының
күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс
кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият
ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын
меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін
тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде
қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Білім мазмұнында оқушының өзіндік ойлау қабілеттерін, жеке көзқарастарын
дамытуға тірек болар негізгі өзекті тауып, барлық ұғым-түсініктерді соған
сәйкестендіре жүйелеу
қандай маңызды болса, сабақта, сабақтан тыс
ұйымдастырылатын оқу процесінде баланың білімді өздігінен меңгеруіне, өзіне
деген сенімділігін арттыруға, әртүрлі өмір жағдаяттарына дұрыс жол табатындай
қажетті іскерліктерді қалыптастыруға бағытталатын жұмыстарды үйлестіре
жүргізудің де мәні соншалықты үлкен. Соңғы жылдары отындық та, шетелдік те
әдіскерлердің еңбектерінде тіл пәнін оқытуға қатысты айтылып жүрген ой-
тұжырымдарын саралап
қарағанда, мынадай
әдіснамалық ұстанымдардың
ерекшеленіп көрінетіні байқалады:
білім беруді қоғамның сұранымына сәйкестендіру;
білімді оқушының өміріне ең қажетті біліктіліктерін жетілдірудің базасы
ретінде жүйелеу;
39
білімді оқушының дүниетанымының, болмыс мәдениетінің коммуникативтік
іскерліктерінің дамуының тетігі ретінде қолдану, оның ішкі мотивациясының
негізі ретінде ұсыну.
Әлбетте, дара тұлғаның қабілеттерін дамытуды көздейтін бүгінгі заманның
мектебі үшін оқушының бойында «қозғалыссыз» білім қорын емес, керісінше
оның келешек өміріне қажетті дағдыларды сіңіру, оқушыны болашақ үлкен өмірге
дайындау маңызды болып саналады.
Академик Д.С. Лихачев тілдің халықтық құндылық екенін: «Самая большая
ценность народа – это его язык, язык, на котором он говорит, пишет, думает. Это
значит, что вся сознательная жизнь человека проходит через родной ему язык...
Вернейший способ узнать человека – его умственное развитие, его моральный
облик, его характер – прислушаться к тому, как он говорит. Язык человека –
гораздо более точный показатель человеческих качеств, его культуры», - деп
тұжырымдады [27].
Әрбір жеке тұлға – мемлекеттік, елдің бүгіні және ертеңі. Елдік психология,
елдік қасиет, елдікті құрметтеу – мемлекет тілін білумен шектес келетін қасиетті
ұғымдар. Сондықтан, ең алдымен, қазақ тілін оқытудың мәртебесі де осы аяда
түсіндірілуі керек. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана
сіңіріліп, мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық
беріледі.
Қазақ тілін оқытудың бірізділігі мен жүйелілігін арттыру үшін, әлеуметтік
тапсырыстарға жауап беруде, атқарылатын істер көп. Қолданыс құралы ретінде
әлемдік мәнге ие болып отырған ағылшын, неміс, француз, орыс т.б. тілдерінің
оқыту жүйесінің әдіс-тәсілінен үйренеріміздің мол екені де жасырын емес. Әсіресе
шет тілдерін оқыту әдістемесін қазақ тілін оқыту барысында тиімді пайдалану
бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін атап айтқымыз келеді. Соңғы жылдары бұл
мәселе төңірегінде де біршама жетістіктер бар екені рас. ХХІ ғасыр сұранысына
жауап бере алатын тілді үйренудің басты тәсілдерінің бірі – деңгейлік оқыту
жүйесі, қатысымдық әдіс қазіргі уақытта көптеген жоғары оқу орындарында
оқытылатын қазақ тілінің әдістемелік негіздемесіне айналып та үлгерді. Бұл
тұрғыда ерекше атап өтерлік жағдай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің профессоры Ф.Ш. Оразбаеваның басшылығымен жарық көрген
оқулықтар кешенін айтсақ та жеткілікті.
Сонымен бірге М.М. Жанпейісованың қазақ
тілін модульдік оқыту
технологиясы арқылы үйрету әдістемесін, осы технология негізінде жарыққа
шыққан оқулықтар мен оқу құралдарын, әдістемелік нұсқауларды да атап өтуге
болады. Осындай шығармашылықпен жазылған жақсы оқулықтар мен оқу
құралдарының таралымын көбейте отырып, еліміздің барлық оқу орындарына
жетуін көздесек, көп жақсы инновациялық жаңалықтарға бастау боларымыз
сөзсіз.
40
Тілді үйретуде қатысым әдісінсіз тілді жылдам әрі сапалы меңгерту, оны кез
келген ортада еркін тілдік қатынасқа түсе алатын дәрежеге жеткізу мүмкін емес.
Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері туралы айтқанда қатысымдық әдіс
(коммуникативный метод) деген әдіс туралы айтқан дұрыс. Өйткені қазіргі кезде
қазақ тілін үйретудегі басты кемшілік тіл үйренушіні мемлекеттік тілде сөйлете
алмай отыруымызда болып отыр. «Шет тілін меңгертудегі негізгі әрекет – қарым-
қатынас үрдісі, сөйлеу қатынасы» [26] екендігі бүгінгі күнде бұлтартпас ақиқат
екендігі белгілі. Сол себепті де мемлекеттік тілімізді басқа ұлт өкілдеріне
меңгертуде дүние жүзінің әдістеме ғылымында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп
жүрген қатысымдық бағытты ұстану бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің бірі.
Тілді оқытудың ұтымды әдістерін іздестіру ғылымда қатысым әдісін алға
шығарды. «Коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас,
араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп,
адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің
әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты,
өзара түсінушілікті көрсетеді.
Сонымен, «коммуникация» - қарым-қатынас, өзара байланыс деген ұғымды
білдіреді. Тілді үйретуге қатысты әдісті сөз еткенде, арнайы қарастырған тілші-
әдіскер – Е.И. Пассов [14].
Ол қатысымдық әдісті сөз етпестен бұрын, жалпы оқыту әдісіне тән бірнеше
белгілерді бөліп шығарды.
Мұндай белгілер мыналар:
әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады.
Қатысымдық әдістің негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым,
жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу.
әдіс оқыту процесіндегі тактиканы емес, стратегияны анықтайды, сондықтан
да ол (әдіс) оқытудың шартына тәуелді болмайды.
оқыту әдісінің аумағы өте кең, сондықтан сөйлеу әрекетінің қай түрінде
болсын оқытудың барлық жақтары қамтылады.
әдісте барлық қағидалардың басын біріктіретін ең басты, негізгі идея
болады. Басты идея методологиялық рөл атқара келіп, әдістің жүзеге асуы үшін
барлық мәселелердің басын біріктіреді.
Сөз болып отырған әдіске қатысты негізгі идея, басты өзек – қатысым болып
табылады.
Қазақ тіл білімінде қатысымдық әдістің негізін қалаған профессор Ф.
Оразбаева берген анықтамаға жүгінсек, «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен
оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде
сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен қағидалардың жүйесінен
тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас
құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі» [15].
41
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың мақсаты – коммуникативтік,
тілдік, мәдени-танымдык біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік
туғызу. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың пікір айту, ауызша, жазбаша
сауатты сөйлеу, қоғамның өзге өкілдерімен дұрыс қарым-қатынас жасау, яғни
әрбір адамға керекті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін
шешуге міндеттіміз. Тілді мазмұнсыз, мағынасыз меңгеру мүмкін емес. Тіл
арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, әдет-
ғұрпы, болмысы танылады.
Оқушының өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындауы үшін тиісті
деңгейде сөздік қорды меңгеруі қажет. Қазіргі таңда мұғалімдер іс-тәжірибеде
инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жақсы нәтижелерге жетіп
жүргені аян. Солардың бiрi - сын түрғысынан ойлау. Сын тұрғысынан ойлауды
дамыту бағдарламасы әлемнiң түпкiр-түпкiрiнен жиылған бiлiм берушiлердiң
бiрлескен еңбегi. Тәжiрибенi жүйеге келтiреген Джинни Л. Ситл, Кутис С.
Меридит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негiзi Ж.Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын
басшылыққа алады.
Мақсаты - барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан
қарап, екi ұйғарым бiр пiкiрдiң бiреуiн таңдауға саналы шешiм қабылдауға
сабақтарда үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарламаның
iшкi құрылымында ерекшелiк бар. Құрылымқ деңгейден тұратын оқыту мен
үйретудiң
моделi.
Бiлiмнiң
болашақта
пайдалануын,
қажетке
жарауын
қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, iшiнен қажеттiсiн
алуға үйретедi.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану,
ой толғаныс кезеңдерiнен түзiледi.
Осы бағдарлама әдістерін мұғалімдер әр сабақтың ерекшелiгiне, ауыр-
жеңiлдiгiне қарай лайықтап қолдануына болады. Олар: «бес жолды өлең», «Венн
диаграммасы», «Еркiн жазу», «Семантикалық карта», т.б.
Сондай-ақ «Ақыл–ой Одиссеясы» технологиясын арқылы қазақ тiлiнде
қолданудың өзі тиімді . Бұл бағдарлама 1978 жылы Американың Нью Джерси
штатында басталды. Ол оқушының бiлiмiне деген белсендiлiгiн арттырады. Бұл
бағдарламаның теориялық негiзi ретiнде жоғарыда аталған әлемдiк деңгейдегi
ғалымдардың тұжырымдамаларымен бiрге Д.Гилфорд, Е.Торренс, А.Осборн
сияқты шығармашылық теориясын жасаған кезде ғалымдардың еңбегi алынады.
Жаңа технологияларды пайдаланып ұйымдастырылатын дамыта оқытуда
пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық
жұмыстарды жүргізуге
болады. Оның тиімділігін төмендегідей көрсетеміз:
оқушылардың дербес ізденісіне, білімді өз бетімен алуына пәрменді ықпалы;
оқушылардың шығармашылық ойлауын жетілдіру;
42
олардың қабілеті, дарынын, шығармашылық білімін дамытуға түрткі
жасауы;
шығармашылық тұлға қалыптастыруға әсері, жеке бас ерекшеліктерін жан –
жақты дамытуы;
оқушының өзін-өзі тануы мен «Мен» менталитетін жетілдіруге жағдай
жасауы;
ғылыми ізденіске, ғылыми еңбекке баулуы.
Бұл жүйемен дәстүрлi оқытуды салыстыру төмендегідей қорытынды жасауға
негiз болды (3-кесте). Дәстүрлi сабақтар әдiстерiнiң мәнi төмендегiдей үш
құрамдас бөлiктермен анықталады: үлгiнi көрсету; түсiндiру; бақылау, бағалау,
яғни мұғалiм сабақ мазмұнын жақсылап айтып түсiндiрiп шығады. Содан соң оны
меңгеруге арналған жаттығулар орындалады.
3-кесте – Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің
салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық процесс
компоненттері
Мазмұнындағы
басымдылық
Дамыта оқыту
Мақсат
Дәстүрлі иллюстрациялық
түсіндірме әдісі
Байқампаздығын,
ойлауын,
практикалық
әрекетін дамыту
Бастапқы мазмұн
Оқушыларда білім, білік,
дағды қалыптастыру
Заңдылықтарды,
теорияларды, ұғымдарды,
ережелерді қорыту
Оқытудың формалары
Факторлар,
мысалдар,
тақырыптар, дәлелдер
Бірлескен
ұжымдық
іс-
әрекет
Оқыту әдістері
Жеке,топтық,фронтальді
ауызша
түсіндіру,
көрнекілік, практикалық
Проблемелық
баяндау,
ізденушілік, зерттеушілік,
ойлау
Бақылау, бағалау
Оқытудың
нәтижесін
мұғалімнің
бақылауы,
бағалауы
Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі
бағалау, рефлекция
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық)
әдіснама,
ал
дамыта
оқыту
технологиясының
негізінде
диалектикалық
(интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснама жатыр деп айтуға болады.
Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп
есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту
бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат
43
тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал
дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта оқытуда оқушы құбылысты танудың принциптерін меңгереді. Ал
ондай дағдыларды игеру
үшін оқушы берілген жаттығуды орындаудың,
тапсырманы орындаудың шарттарын зерттеп тани алатын дәрежеде болуы керек.
Қарастырып отырған құбылыстың, нәрсенің бойындағы белгілерді бар қылып
тұрған ішкі қасиеттерді, заңдылықтарды және олардың арасындағы тұтас қылып
тұратын байланыстар мен қатынастарды зерттеп тани алатын дәрежеге жеткен
оқушы – дамыта оқыту технологиясының күтетін нәтижесі болып табылады.
Дамыта оқыту жүйесiнде
қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды,
пайымдауды қажет ететiндей етiп берiледi. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз
пiкiрiн бiлдiре жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бiрнеше нұсқада болуұ
мүмкiндігі қарастырылады. Дидактикада салыстыру негiзгi тәсiл болып табылады.
Заттарды салыстыра отырып түсiну - тек адамға ғана тән. Балалар салыстыру
тәсiлдерiмен мектепке келгенге дейiн де бiршама таныс болады. Ал мектепке
келген соң, оқудың алғашқы күнiмен бастап, бұл тәсiлді пайдаланыла бастайды.
Мұғалiм салыстыру әдiсiмен сабақ жүргiзе отырып, оқу материалын оңай,
көрнекi етiп меңгертуге мүмкiндiк алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру
белгiлi мен белгiсiз арасындағы көпiр сияқты, оқушыларға өмiрiнен тысқары
бiлiмдi меңгеруге көмектеседi. Салыстыра отырып, оқушы
заттар мен
объектiлердiң байқамай, көрiнбей
қалатын белгiлерiн анықтауға
үйретедi.
Баланың байқампаздығынан артады. Ал байқамсыздық - баланың жалпы
дамуындағы негiзгi психологиялық
компонент болып табылады. Оқушы
салыстыра отырып бұрынғы өтiп кеткен материалдар мен жаңа бiлiм арасындағы
логикалық байланыстарды анықтауға үйренедi.
Дамыта оқыту жүйесiнiң маңызды тағы бiр ерекшелiгi сынып оқушыларын
«жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшiн қолайлы
жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенiнше,
қабiлетi жеткен жерге дейiн еңбек етуi ойластырылған. Сол арқылы ол да өзiн
мүмкiн дәрежеге дейiн дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуi, жаңылуы әбден
мүмкiн. Тек мұғалiм тарапынан көрсетiлген сабырлылық, байсалдылық оның өз
күшiне деген сенiмiн арттырып, алға жетелейдi деп есептеледi.ұ
Сонымен, дамыта оқыту технологиясының нәтижелерін төмендегідей
көрсетуге болады:
түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
оқушыларды ізденіске баулып, өз бетіменжұмыс істеуге үйретеді;
44
оқушылардың
қабілеттері,
сөз
саптау
еркіндігі,
ұйымшылдығы,
шығармашылық белсенділігі артады;
жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген
кәсіби сенімін қалыптастырады.
Дамыта оқыту технологиясы идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің
əр қилы жағдайларында үйренушілердің қажет болғанды өзінше танып, содан
өздігінен жауап əрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді.
Жауап əрекетке (рефлексия) келу дегеніміз адамның өз əрекеттерін сезінуі мен
түсінуі, оқу іс-əрекеттерінің тəсіл, əдістерін өзінше байқап, тануы. Рефлексиялық
əрекет-қимылдар əрқашан өзіндік қадағалау жəне бағалаумен тығыз байланысты
болатындықтан, дамыта оқыту технологиясы шарттарына орай оларға да көп мəн
беріледі.
Аталған
жүйе бойынша сабақтарды даярлау және
өткізу кезеңдерін
төмендегідей құрастыруға болады:
І. Әдістемелік іс - әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі
сабақтың мазмұны;
оқу жағдайын ескеру;
әдістемелік тәсілдерді қолдану.
ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау
сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары);
сабақтың әр кезеңіндегі оқушының негізгі әрекет түрлерін анықтау;
оқушы әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін таңдау.
ІІІ. Сабақты жүргізу.
әр сабақтағы баланың іс - әрекетін ұйымдастыру;
оқушымен жанама қарым-қатынас;
жұмыс барысын бақылау жұмысы.
IV. Рефлексия (Сабақтың қорытынды бағасы)
қойылған мақсатқа жету;
тақырып бойынша өзгерістер енгізу;
оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер).
Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған
тән сипаттар:
оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек,
іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет
жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою,
осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі
көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне таратуы
қажет ол үшін екі шартты орындау керек.
45
1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу
керек.
2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек,
оларға дұрыс шешім көрсету керек.
3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын
ұйымдастырып оның басқа міндеттерді шешу үшін қаншалықта пайдалануға
болатынын түсіндіреді.
Міне, осындай ерекшеліктерінің болуына байланысты оқыту қазақ тілді емес
мектептерде қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы арқылы меңгерту тиімді,
өйткені қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды белгілі
дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген
сөзін, жазғанын түсіне алатын деңгейге жеткізу болғандықтан, бұл технология
арқылы оқушы қазақ тілінің сөз байлығын толық игеріп, тілдің фонетикалық және
сөзжасам жүйесін жақсы меңгереді, морфологиялық, синтаксистік тәсілдерді
игерумен қатар оларды практикалық тіл жасау дағдысында дұрыс пайдалануға
үйренеді. Оқушы тілді күнделікті өмірінде дұрыс пайдаланумен қатар тілдің
қатысымдағы стильдік, эмоциялық, көріктеу, көркемдеу қызметтерін де түсініп
қолдана алады. Яғни, дамыта оқыту технологиясы,біріншіден, оқушылардың
тілдерін дамытып,екіншіден, әдеби тілдің нормасында сөйлемдерді дұрыс
құрауды үйретуге, үшіншіден, ойларын ауызша жеткізе білу дағдылары мен
шеберлігін қалыптастыруғамүмкіндік береді.
Дамыта оқыту жүйесi оқу материалдарының, логикалақ жағына бiрiзбен
сатылай құрылу тәртiбiн қарастырады. Жеңiлден ауырға қарай, деректiден
дерексiзге қарай жүйелене орналасуын көздейдi. Мысалы, сауат ашу кезеңi дыбыс
пен әрiптi ажыратудан басталады. Дыбысты танымай, әрiптi жазбай тұрып, буын,
сөз туралы айтып, не жаздыраалмаймыз. Сол сияқты қазақ тiлi пәнiнен
қосымшалы сөздi бiлу үшiн, негiзгi түбiрдi, буын үндестігiн бiлу үшiн алдымен
дауысты дыбыс деген не, оның жуан, жiңiшке түрлерiн ажыратып алу керек.
Демек, оқу материладарының, логикалық iшкi заңдылықтарын жүйелi оқып
үйренген жағдайда ғана оның ғылыми негiздерiн шын мағынасында меңгеруге
болады.
Сонымен бiз дамыта оқыту мен дәстүрлi оқыту жүйелерiнiң ерекшелiктерi мен
өзгешелiктерiне тоқталып кеттiк. Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлi оқыту
әдiстемесi негiзiнде метафизикалық (экстенсивтiк, сандық, мазмұндық) әдiснама,
ал дамыта оқыту технологиясының негiзiнде диалектикалық (интенсивтi, сапалық,
мәндiлiк) әдiснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлi оқыту балада бiлiм, бiлiк
дағды алуға қажеттi ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын бiлiмдi құю
керек деген көзқарасқа, ал, дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабiлеттердi
жаңа белестерге көтерудi мақсат тұтатын принциптерге негiзделген. Дәстүрлi
46
оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал, дамыта оқыту дербес жұмыс iстеуге алған
бiлiмдi пайдалана бiлуге үйретедi.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай
жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен
оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас.
Сабақта дамыта оқыту технологиясын пайдаланудың тиімді жағы оқушы іс -
әрекетін ұйымдастыру, яғни ақыл – ойы мен өзіндік тұжырымы арқылы жаңа
тақырыпты саналы түрде меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Оқушыларды
шығармашылық жұмыстарға баулап, олардың белсенділігі мен дербестігін,
қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға
болады.
Шығарма – жазба жұмыстарының ішіндегі ең күрделі түрі, өйткені тіл
үйренуші өздігінен тақырыптың мазмұнын ашып, керекті қатысымды тұлғаларды
таңдауды өз бетімен ойланып іске асырады. Оқытушы оқушылардың әрекетіне
бағыт – бағдар беріп жетелейді, ойлаудың жолдарын дамытады, яғни оқушы
белсенді субъектіге айналады да, мұғалім көмек беруші, ұйымдастырушы, бағыт
беруші деңгейінде болады.
Дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Шығарма жазуды меңгеру- оқушылардың білім, білік, дағдыларына негізделеді.
Бұл білім, білік, дағдылар негізінде оқушы тақырыпқа байланысты негізгі ойды
айқындайды, материалды жинап, жүйелей отырып, шығарманы арнайы
композициялық
тұлғада
құрастырады.
Оқушы
шығарма
жазу
үстінде
шығармашылық еңбектің қуанышына кенеліп, өзінің ойын бейнелі, көркем сөзбен
жеткізуге талпынады. Сөйте отырып, тілдің көркемдік кестесін молынан
меңгерудің қажеттілігін саналы түрде ұғынады.
Дәлірек айтқанда, шығарма жұмысының ойдағыдай шығуы үшін сөздік қорды
молайтып, тіл мәдениетіне жетелеудің қажеттігін таниды.
Оқушылар қазақ тілі сабақтарында еркін тақырып бойынша және көргендеріне
бақылау жасау арқылы шығарма жазуға үйренеді. Шығарма жазуға дайындық
бақылау экскурсиясы кезінде оқытушының көмегімен іске асады. Оқушылар
тақырып бойынша ой – пікір білдіре отырып, тірек сөздер мен тіркестерді,
синонимдерді
қолдануға жаттығады. Бұл бағытта ерекше орын алатын
жұмыстардың бірі –шағын ертегі, әңгіме құрастыру. Алдымен бұл жұмыс түрі
ауызша түрде өткізіледі де, кейін оқушылар өз ойын, қиялын қағаз бетіне түсіруге
жаттығады. Сондықтан алдымен үлгі көрсету немесе тірек жоба беру арқылы
шығарма жазуға үйрету тиімді. Әңгіменің мазмұны күнделікті өмірдегі қоршаған
құбылыстардан бастап, оқушы қиялын, арманын суреттейтін тақырыптарды
қамтиды. Бұл жерде мұғалімнің негізгі мақсаты - әңгіменің тақырыбын таңдауға
бағыт беріп, қиялын дамытуға мүмкіндік туғызады. Ал ертегі құрастыруда ең
алдымен оқушылардан білетін, оқыған ертегілерінің мазмұнына өзгерістер енгізіп,
47
ертегінің соңын өздерінің аяқтауы талап етіледі. Кейін оқушылар түрлі
мазмұндағы ертегілер құрастыруды еркін меңгеріп, өз бетімен шығармашылық
бағытты ізденіп жұмыс жүргізе алады.
Мамандықтары бойынша оқыған немесе естіген
әңгіменің
жоспарын
құрастыру – жазылымға және сөйлесім әрекетінің басқа түрлеріне (айтылым,
оқылым, тыңдалым, тілдесімге) дайындық жұмысы болып табылады. Жоспар
жасау оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға әсер етеді. Оқығанды
бірізділікпен тиянақты түрде айтуға не жазуға септігін тигізіп, негізгі ақпаратты
түсінуге көмектеседі. Психологтар жоспар жасауды есте сақтаудың тірегі деп
есептейді. Жоспар шығарманың
мазмұны мен тақырыбын, идеясын, тіл
құрылысын, кейіпкерлердің ішкі сезімдерін толық талдау үшін қажет. Жоспар
шығарманың бөліктеріне ат қою мақсатын көздейді және ол мәтінді оқып,
талдаған соң құрастырылады. Жазба жұмыстары (мазмұндама, шығарма, әңгіме,
т.б.).жоспар негізінде жазылғанды тиянақты ойды білдіреді. «Жоспар жасау - бұл
аналитикалық ойлауды талап етеді, яғни мәтіннің тақырыбын және оның басты
ойын түсінуге, мәтінді логикалық бөліктерге бөлуге мүмкіндік береді». Оқыту
қазақ тілінде емес мектептердегі қазақ тілі сабақтарында жеңіл, шағын жоспарлар
құруға болады.Көркем (мәтін) шығармаға жоспар жасау арқылы ойдың себеп –
салдарлық,
мезгілдік
–
мекендік байланыстылығы меңгеріледі. Осыған
байланысты оқушы сөз қолдану, сөйлем құрау шеберлігін арттырады, алдыңғы
оймен соңғылардың байланысын сақтап жазуға жаттығады. Сонымен, жоспар
жасау – жүйелі жазудың кепілі. Жоспар жасау арқылы оқушы жеке сөздерді дұрыс
жазу, сөйлем құрау тетігін меңгереді.
Дамыта оқытуда оқушылардың пікір жазып үйренуі үлкен рөл атқарады.
Оқыған әңгіме, мақала, баяндама, реферат түрлеріне пікір жазуға үйретуде
оқытушы түрлі әдіс – тәсілдерді дұрыс қолдануы қажет. Оқушылардың
қабылдауын, ойлануын, қиялдануын, сөйлеуін дамытуға тікелей бағыттауда
шығармашылық жұмыстың бұл түрі үлкен ізденісті, еңбектенуді қажет етеді.
Жазбаша орындалатын тапсырмалардың бір түрі – аннотация. А.А. Леонтьев
аннотация жазу түпнұсқа мазмұнын байланыстыра отырып тұжырымды түрде
қысқаша мазмұндау, мәтінде берілген ақпаратты, оның бағыттылығы, құндылығы
және кімге арналғандығы жөнінде қысқаша мағлұмат беру екендігін ерекше атап
көрсетеді. Аннотация жазуда оқушы оқыған не тыңдаған материалдың негізгі
жағын аңғарып, мазмұнын жазуға жаттығады. Түпнұсқаның мазмұнын автор өз
сөзімен жазуға мүмкіндік алады. Мәтіннің негізгі ойын қысқа түрде мазмұндау
арнаулы сөздер мен сөйлемдерді қолдануды талап етеді. Мысалы:
Мәтіннің жалпы тақырыбына қатысты: Мәтінде ...туралы айтылады? Бұл
тарауда ... жөніндегі маңызды мәселелер қарастырылады?
Басты ойды, мәтіннің идеясын ашатын сөйлемдер: Автор ... атап көрсетеді.
48
Автордың оқырмандарды қандай қорытындыға жетелейтініне байланысты:
Автор мынадай қорытындыға келеді: ... Мақаланы оқи отырып, біз ... түсінеміз.
Қорытындыда ... ... айтылады.
Бұл тапсырмалардың мақсаты – мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндауға
үйрету, ойды байланыстырып жазуда тілдік тұлғаларды дұрыс қолдануға, олардың
сөйлемдегі орын тәртібін сақтауға, сауатты жазуға дағдыландыру.
Тіл үйренушілерге мәтінмен жұмыс жүргізу барысында мәтін туралы, оның
негізгі ерекшеліктері, құрылымы мен байланысу тәсілдері туралы түсіндірген жөн.
Бұл олардың кез келген мәтінді түсініп, қабылдауында үлкен рөл атқарады.
Мысалы, мәтін құрылымы жағынан кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер болып
бөлінетінін білу тіл үйренушіге кіріспеде тақырыпқа байланысты жалпы баяндау
болатынын, негізгі бөлімде тақырыптағы негізгі ой ашылып, жан – жақты
түсіндірілетінін,айтылған ойдың қорытындысы жасалып, тұжырымдалатынын
алдын ала біліп отыруына көмектеседі.
Сонымен қатар мәтіндегі таныс емес сөздер мен сөз тіркестерін түсіндірудің
де маңызы зор. Мұндай жұмыс түрі сөздік қорын молайтып, сөздердің бір –
бірімен байланысын меңгеруіне септігін тигізеді. Мәтін арқылы тіл үйренушінің
дүние танымы кеңейеді, түрлі ақпараттармен танысады, ойын жүйелеп айтуға
дағдыланады, түптеп келгенде, сөйлеу тілі дамиды. Мәтін бойынша сұрақ – жауап
әдісімен жағдаяттық сұхбат құруға болады. Мамандығына байланысты алынған
мәтін арқылы кәсіби терминдермен танысып, сөздік қоры артады. Мәтін атауын
дұрыс қоя білу - мәтін мазмұнын дұрыс ашудың кепілі. Мұндай жағдайда оқушы
өз ойын дәл әрі жүйелі түрде жеткізе алатын болады.
Мәтінді меңгерту сөйлеу жағдаятын тудырудың маңыздылығы зор.
Мысалы: 1. Сіз театрға келдіңіз. Белгілі әншілер: Ермек Серкебаев, Роза
Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаевалармен кездесіп, олардың өнер
жолы туралы сұраңыз;
2. Қазақ ән өнері туралы өз пікірлеріңізді айтыңыз;
3. Қазақ ән өнерінің түрлеріне тоқталыңыз.
Мұндай жағдаяттық тапсырмалар қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастырып,
ой - өрісін дамытады. Тапсырмаларға лайық өз бетімен сөйлемдер құрастырып,
ізденуіне мүмкіндік тудырады. Бұл тұста тілге ғана тән ерекшелік көрініп
қоймайды, сол тілде сөйлеушінің тілдік мәдениеті де байқалады.
Шығармашылық ізденісті дамытуды талап ететін тапсырмалардың ішінде
тезис жазудың орны ерекше. Тезис жазуда мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу, әр
бөліктің басты ойын айқындай отырып жазу керектігін оқытушы айтып отырады.
Ақпараттың көлемін қысқартуда біріктіру, жалпылау тәсілдері қолданылады. Тіл
үйренуші мамандықтары бойынша мақаланы не әңгімені оқығаннан кейін
автордың көтерген мәселесін анықтайды, оған мәтінді қолдана отырып жауап
береді.
49
Күрделі ой еңбегін қажет ететін оқушылардың өзіндік жұмыстарының бірі –
реферат жазу. Жазылым әрекеті арқылы іске асатын бұл жұмыс оқушының
басшылығымен дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ғана өз шешімін табады.
Реферат – мәтіндегі негізгі ақпаратты ықшам түрде жазбаша мазмұндау, оны
жүйелеп
қорытындылау және бағалау болып табылады. Р.К. Миньяр
–
Белоручевтің сөзімен айтқанда: «Рефератты екінші құжат деп те атайды, өйткені
ол түпнұсқа мәтіндерін қайта өңдеудің нәтижесінде алынады. Реферат керекті
мәліметтерден, кейде референттің қорытындысынан тұратын өзекті ақпаратты
қысқа түрде тез жеткізу үшін қолданылады». Реферат жазу мәтіннің мазмұнымен
танысудан басталады. Түйінді ойларды тауып жазу тақырыптың біртіндеп дамуын
абзац бойынша байқауға мүмкіндік туғызады. Бұл ой жұмысы ізденімділік
оқылыммен тікелей байланысты. Ізденімділік оқылым жөнінде Г. Бейсенбекова
былай деп жазған еді: «Ізденімділік оқылым тіл үйренушінің мәтіннен өзін
қызықтыратын ақпаратты айқындауымен және оны керегіне қарай пайдалануымен
ерекшеленеді. Ізденімдік оқылым арқылы тіл үйренушіде тапқырлық алғырлық
сияқты қасиеттер қалыптасып, ол танымдық оқылымға ұласады». Жұмыстың бұл
түрі оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға, мамандығына байланысты түрлі
ақпараттармен танысуға және мақала, баяндама, хабарлама дайындауға үйретеді.
Шығармашылық жұмыстарды оқушыларға жазып үйретуде тапсырма түрлерін
орындау арқылы олардың өзіндік шеберлігі мен дағдысы қалыптасып дамиды.
Шығармашылық жұмысты орындауда ескеретін мәселе – оқушылардың еңбегін
бағалау. Оқушы ең алдымен оқушының ізденісін, өздігінен ой қорытып, шешім
шығаруын бағалай отырып, оның адамгершілік, мақтаныш сезімін, дербестік
қасиетін дамытуы керек. Шығармашылық жұмыстар арқылы дамыта оқыту
оқушылардың дүниетанымын, ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға ретінде
қалыптасуына ықпал етеді.
Әр мұғалім жаңа сабақты жоспарлағанда тек тақырыпты мазмұндау міндетті
емес, оқушы ойын қалай дамыту керек, оқушыға не берем деген мақсат
тұрса,қазіргі оқытудың жаңа технологиялық әдіс, тәсілдерін қолдана білсе,
оқытушы аз сөйлеп, көп білім мен тәрбие бере алады.
Дамыта оқытудың негiзгi түрлерiнiң бiрi – проблемалық әдiстi бала дамуының
негiзгi iс- әрекетiне пайдаланған жөн.Бiрнеше нақтылы заттарды алып, оның түр-
түсiн, көлемiн, сапасын, әр түрлi сындық ерекшелiктерiн анықтатып, ой
қорытындысын оқушының өзiне шығартуға жетелеу керек.
Дамыта оқытуда көрнекiлiк принципi жаңа материалды меңгертуде үлкен
орын алады. Көзбен көрiп, қолмен ұстаған жағдайда ғана мәнiн, иiсiн сезiм
мүшелерiмен сезiнгенде ғана немесе, олардың бейнесiн көрiп бақылағанда ғана
бiрiншiсынып оқушыларының танымдық әрекетi жоғары деңгейде болады.
Қазақ тiлi сабағында көрнекi құралдар көбінесе таблица түрiнде, жеке
дидактикалық материалдар түрiнде де берiледi.
50
Ойын сабақ т.б. – барлығы да оқушының сабақтағы белсендiлiгiн арттыруға,
дамыта оқытуға бағытталған сабақтардың түрлерi.
«Ойынсыз, музыкасыз, ертегiсiз, қиялсыз толық мәнiндегi ақыл-ой тәрбиесi
деген болмайды», - деп атақты педагог В.А. Сухомлинский ойынға ерекше мән
берген. Ойын арқылы бала ой дамытатындығын, оқушының бар ынта –ықыласы
сабақта болатындығын дәлелдеген. Кiшкентай адамдарды қоршаған ортаны
танып- бiлу әлемiне қалай енгiзу керектiгiн өз тәжiрибесi арқылы көрсете бiлген.
1-11-сыныптарда
оқушыларды
қазақша
сөйлеуге
үйретуде
ойын
элементтерінің үлкен әсері бар.Сабақ үстінде оқушы ойынды ойнай отырып,тілдік
материалды меңгеру мақсатында сөздерді (аудармаларымен) жаттайды. Сюжетті
суреттер арқылы сөйлемдер құрастыру, сергіту ойындары, жаңылтпаш, жұмбақ,
Алфавиттік
жұмбақтар
метаграмма,
анаграмма
кроссворд
ойындары
ұйымдастырылады.
«Кім жылдам ойнайды?» ойыны
Ойынның мақсаты:Үй жануарлары мен үй құстары, жабайы аңдар мен
құстардың атын дұрыс айта білуге және есте қалдыруға үйрету.Ойынға керекті
заттар: жануарлар мен құстардың суреті.
Ойынның шартты:
Ненің даусы? Не қалай дыбыстайды? деген сұрақтарға жауап беруге
жаттықтыру.
Нелер? Тауықтар, қаздар, қойлар, лақтар.
Үй жануарлары қалай дыбыстайды? (Үй жануарларықайтеді?).
- Қой маңырайды.
- Сиыр мөңірейді,т.б.
Не калай дыбыстайды? деген сұрақты оқушыларға қайта қойған кезде, олар
дыбыстап көрсетеді, бұл ненің даусы екенін хормен айтады.
Қазақ тілі сабақтарын дамыта оқыту технологиясы арқылытөменде берілген
әдіс-тәсілдер арқылы өткізуге болады. Мысалы:
І Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқушыларды топтарға бөліп,
әр орталықтарға тиісті тапсырмалар беріледі.
1.
Фонетикаға
байланысты
тапсырмаларды
зерттеу
орталығы.
Тапсырма: берілген дыбыстардан 20 сөз құрастыру.
Ә, ұ, н, а, қ, о, ш, с, і, м, б
2. Лексикаға байланысты тапсырмаларды зерттеу орталығы. Тапсырма:
Берілген сөздерге мағынасы жуық сөздерді тауып, мағынасын түсіндіріңдер. Осы
сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар:
Уақыт, өтті, күнтізбе
3.
Морфологияға байланысты тапсырмаларды
зерттеу
орталығы.
Тапсырма: «Қосымша» тақырыбына қосымшаның түрлері туралы шағын әңгіме
жазыңдар.Онда жұрнақ пен жалғау-өздеріңнің жақсы достарыңдай сипатталсын.
51
Мұғалім тек басшылық жасап, қорытындылап отырады.
ІІ Проблемалық сұрақ тастап, содан шығу жолдарын іздеу,жауап беру.
ІІІ Рөлдік жағдаяттар.
Дамыта оқыту технологиясының тапсырмалары мен сұрақтарын құрастыру
үлгісі.
Себебі не?
Қалай түсінесіздер, бұл не?
Бұл ережені қалай, қайда қолданамыз?
Ол не үшін керек?
Айырмашылығы не?
Қандай қорытынды шығарамыз?
Біз сендермен қандай қорытындыға келдік?
Неге...?
Сұрақтар мен тапсырмалардың құрылуына қойылатын талаптар.
1. Нақты құрылымы
2. Оқушылардың базалық білімін ескеру.
3. Ойлау қабілеттерін бағыттау (салыстыру, бақылау, пікірлесу, синтездеу
және т.б.).
4. Сұраққа жауап іздеу, оқушыларды ойлауға жетелеп, ойға берілуге қызығуын
туғызу.
5. Эмоциялық көрініс, қойылған сұраққа оқушылар дұрыс жауап бергенінше
шектемеңіз. Оқушыдан толық жауап алғаннан кейін неге мұндай қорытындыға
келгенін сұрау.
Бір сабақтың өзінде
қолданатын
әдістерді кезектестіріп, оқушыларды
шаршатпай, материалды қызықты жеткізе білуді де ескерген жөн. Өзара қарым-
қатынасқа және сөйлесуге құрылған оқыту оқу процесінде белсенді формаларды
қолдану арқылы іске асырылады. Олар: топтық, жұптық, ұжымдық.
Оқытудың бұл формалары жалпы немесе құрылымдық деп аталады. Бұдан
басқа нақты немесе арнайы формалары да бар: семинар, оқу конференциялары,
диспут, топтық пікірталас т.б.
Дамыта оқытуда оқушы құбылысты танудың принциптерін меңгереді.Ал
ондай дағдыларды игеру
үшін оқушы берілген жаттығуды орындаудың,
тапсырманы орындаудың шарттарын зерттеп тани алатын дәрежеде болуы керек.
Қарастырып отырған Достарыңызбен бөлісу: |