Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет9/36
Дата16.05.2020
өлшемі1.23 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
4.2.3 -

тапсырма.  

1) Үш абзацтан тұратын мәтін теріңіз, мәтінді екі бағанға бөліңіз.  

2)  Төмендегі параметрлерді бетке орнатыңыз: 

бет бағдары:  кітап  беті түрі;  өрісі:  барлығы 1,5 см;   парақ түсі: ақшыл 



көк;   

3)  Мәтін  қаріппін  өзгертіңіз:  бірінші  абзац:  әріптер  өлшемі  14,  Arial,  К 

қаріпі, мәтін ені бойымен орналасады; екінші абзац: әріптер өлшемі 16, Comic 

Sans, қаріп, мәтін беттің ортасында орналасады   

4) Жоларалық интервал – 1,5  

5) Абзацтан кейін аралық – 0  

 

Теңге алу. 



 

Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат 

құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп 

алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып 

қолындағы  қылышымен  жерде  жатқан  тезекті  түйреп  алып  көкке  лақтырып 

 

13 




жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін. «Қыз қуу». 

Ол – ұлттық ат спорты ойыны.  

Қазір  бұл  ойынның  ережесі  жасалып,  бір  жүйеге  келтірілді.  Қазақстанда 

қыз  қуудың  алғашқы  спорттық  жарыстары  1923  жылы  өткізілді.  Содан  бері 

мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт 

айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып 

жетіп,  оның  бетінен  сүюге  тиісті.  Бұл  –  жігіттің  жеңгені.  Қуып  жете  алмаса, 

қайыра  шапқанда  қыз  жігітті,  оның  атын  қамшының  астына  алады.  Бұл  – 

қыздың жеңгені. Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі 

атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк 

бөріні  соғып  алғанда  өлігін  ат  үстінде  сүйрелеп,  бір-бірінен  ала  қашып,  мәз-

мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған.  

Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс 

және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының 

жаңа  ережесі  бекітілді.  Алаң  көлемі  қатысушылар  санына  сәйкес.  Егер  әр 

команда  5  адамнан  болса,  алаңның  аймағының  ұзындығы  300  метр,  ені  100 

метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам 

болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет