13 Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Табиғат қорғау
Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары. Африканың жер бедері оның көпшілік бөлігінде біртектес, қарапайым болып келуімен ерекшеленеді. Материктің негізін Гондванадан бөлініп шыккан ежелгі Африка платформасы алып жатыр. Оның біраз бөлігі майысуларға ұшырап, теңіз табаны болған. Сондықтан онда қалың шөгінді жыныстармен жабылған ірі қазан шұңқырлар (Чад, Конго, Калахари) қалыптасқан. Қалқанды кұрылымдар жер бетіне шығып жатқан бөліктерде таулы үстірттер мен таулы қыраттар түзілген. Шығыс және Оңтүстік Африка жері мезозой мен кайнозойда өте күшті қозғалыстарға ұшырап, биік жақпарлы таулы қыраттар және өте тар өрі терең ойыстар түзілді. Ойыстардың көпшілігі сумен толтырылып, терең көлдерге айналған. Терең жарықтарды бойлай көтерілген лава таулы қыраттарды тегіс жауып жатыр. Жанартаулық өрекеттер әлі де жүруде, осы аймақта материктің ең биік нүктесі — Килиманджаро (5895 м) қалыптасқан.Жерорта теңізі жағалауында Африкадағы ең жас тау жүйесі — Атлас тауы орналасқан. Африка біршама көтеріңкі дүние бөлігі, орташа биіктігі — 750 метр. Оның 70%-дан астам жерін биік баспалдақты жазықтар, үстірттер, таулы үстірттер мен таулы қыраттар, 20%-ьш биік таулар, ал қалған 10%-ын ойпаттар алып жатыр.
Африканың жер қойнауы минералды ресурстарга, яғни пайдалы қазбаларға ерекше бай. Мұнай мен газдың ірі кен орындары Ливия (барланған коры — 4 млрд т), Нигерия (2,8 млрд т), Алжир (1,3 млрд т), Египет жерінде; ал тас көмірдің мол қоры Оңтүстік Африка жерінде шоғырланған. Кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода; марганец Оңтүстік Африка мен Зимбабведе; боксит Гвинея мен Камерунда; платина, алтын және темір Оңтүстік Африкада (алтын өндіруден дүние жүзінде бірінші орында); алмас Конго, Ботсвана, ОАР, Намибия, Ангола, Ганада; фосфорит Марокко, Тунис, ОАР-да; уран Нигер, ОАР, Намибияда орналасқан. Минералды шикізаттар сапасы жоғары әрі ашьщ өдіспен өндіріледі.Ол Африканың дәл ортасы арқылы экватор сызығының өтуімен байланысты. Жылдық орташа ауа температурасы барлық жерде дерлік +20°С-тан жоғары, ең салқын деген жерлерде +8°С-тан төмен болмайды. Яғни, вегетациялық кезең бүкіл жыл бойына созылады. Африка климатындағы басты айырмашылық жылдық жауын-шашын мөлшері мен оның түсу режімінен айқын көрінеді. Экватор маңында жауын-шашын жыл бойы 2000—3000 мм-ге (максимум Камерун тауының оңтүстік-батысында 9000 мм-ден артық) дейін жетсе, ал тропиктік шөл аудандарында ол 50—150 мм шамасында ғана кездейсоқ жаңбырлар түрінде жауады. Батыс пен шығыс жағалаудағы ылғал айырмашылығы өсерінен белдеу ішінде климат ылғалды сипаттан континенттік шөлді сипатқа дейін ауысады. Бұл жағдай өз тарапынан елдердегі агроклиматтық жағдайдың үлкен айырмашылығын туғызады. Жылу қорымен жеткілікті, тіпті артығымен қамтамасыз етілуіне қарамастан Африканың агроклиматтық ресурстары шаруашылықты барынша дамытуға мүмкіндік бермейді. Ол әсіресе шөлді аудандарда су ресурстарының жетіспеушілігімен түсіндіріледі.
Жалпы, Африка жерінде су ресурстарының қоры жеткілікті, бірақ оның материк бойынша таралуы біркелкі емес. Материктегі су ресурстарының тең жартысы Конго (Заир) өзенінің үлесіне тиеді, сондай-ақ Ніл, Нигер, Замбези, Оранж өзендерінің де су ресурстары едәуір. Өзен сулары жер суаруға кеңінен пайдаланылады, өзен ағысы бөгеттер арқылы реттеліп отырады. Ірі езен бойларында су көлемі 15 м3-ге жететін 12 бөген салынған. Ең ірілері: Нілдегі Насер және Кариба, Замбезидегі Кабора-Басса бөгендері. 1971 жылы Асуан бөгеті іске қосылғаннан кейін пайда болған Насер бөгені суымен 800 мың гектардай жерді қосымша суарып, егістік жерлерден жылына екі-үш рет енім алуға мүмкіндік туды. Құрғақ аудандарда жер асты суының маңызы зор. 1300 метрлік тереңдіктен Сахарадан табылған (жалпы қоры 70 млрд м3-ден астам) тұщы судың аса үлкен коры бүкіл Сахара жерін 500 жыл бойы таза сумен қамтамасыз ете алады. Аса ірі артезиан алаптары Алжир жөне Ливия Сахарасына тән ("Саворнина" теңізі, су коры — 50 млрд м3).
Конго өзенінде 390 млн кВт, Замбезиде 137 млн кВт, Нілде 50 млн кВт, Оранж өзенінде 31 млн кВт, ал Батыс Африка өзендерінде 130 млн кВт-қа дейін гидроэнергетикалық қор жинақталған. Бірақ бұл ресурс әлі өз дәрежесінде пайдаланылмай келеді. Конго өзені Амазонкамен салыстырғанда мұхитқа бес есе кем су әкелгенімен, оның гидроэнергетикалық қуаты өте жоғары. Өзен төменгі ағысындағы 300 км-лік аралықта 275 м құламамен ағады, 32-ге жуық сарқырама мен тік кұздар кездеседі. Онда орасан зор бөгет пен Инга СЭС-і салынды. Африканың тұщы сулы көлдерінің балық аулаудағы маңызы жоғары. Түщы судан балық аулау жөнінен Африка тек Азиядан ғана кейін тұр.Африканың жер қоры да айтарлықтай. Жан басына шаққанда өңделетін жер үлесі Оңтүстік-Шығыс Азия немесе Латын Америкасы елдеріндегі көрсеткіштен өлдеқайда жоғары. Бірақ жарамды жердің 1/5-і ғана өңделеді. Ніл, Нигер өзендері бойындағы және Мозамбик ойпатындағы аллювийлі топырақтардың егінпшгік үшін маңызы өте зор. Субтропиктер мен тррпиктік белдеу топырақтары біршама кұнарлы болып келеді, тек қосымша суаруды қажет етеді. Ал ылғалды экваторлық ормандардағы ферралитті топырақ, керісінше артық ылшл әсерінен шайылу мен үгілуге оңай беріледі. Соңгы жылдары Африка жерінде топырақ әрозиясы апатты сипатта белең алуда. Шөл және шөлейтті жерлер үлесінің жоғары болуы (материктің 1/3-і) жер өңдеудің дамуына кедергі келтіреді. Жер шарындағы ең үлкен Сахара шөлі (ауданы 7 млн км2-ден астам) мен оның оңтүстігіндегі өте құрғақ Сахель жерінде қуаңшылық бірнеше жылға созылатын жағдай жиі болып тұрады.
Африка жерінің 10%-ға жуығн орман алқабы алып жатыр. Орман әсіресе Шығыс (287 млн ға) және Экваторлық Африкада (500 млн ғ) кең таралған. Бірақ орман ағаштарын аяусыз кесу нәтижесінде оның аумағы жылдан-жылға азаюда. Тек Габон, Заир, Конго сияқты елдерде ғана шаруашылық маңызы сақталған. Африканың өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі де оның басты байлыгы болып саналады. Өсіресе гүлді өсімдіктер мен тұяқты сүтқоректілердің маңызы ерекше.Африка жері жалпы алғанда табиғат ресурстарына бай болғанымен, оның елдер бойынша таралуы біркелкі емес. Ол өз тарапынан әр елдің шаруашылығының өркендеу дәрежесіне күшті әсерін тигізеді.
Экологиялық жағдайы мен табиғат қорғау. Африканың қазіргі экологиялық жағдайының өте нашар болуының себебі әріде жатыр. Ұзақ жылдар бойы отарлық езгіде болуы, оның табиғат ресурстарының есепсіз талан-таражға салынуына себепші болды, әсіресе минералды ресурстар көп ысырапқа ұшырады. Ылғалды тропиктік ормандардағы бағалы ағаштар (әбен, шарап пальмасы, қола ағашы) аяусыз кесілді. Орман алқаптары өртеп-кесу арқылы тропиктік дақылдар өсірілетін плантацияларға айналдырылды. Ондай плантациялар бірнеше жылдан кейін агротехникалық шаралар сақталмағандықтан жарамсыз жерге айналады. Сондықтан плантация үшін жаңа жер аршу қажеттілігі туындайды. Міне, осы аталған шаруашылық әрекеттер онсыз да қарқынды жүріп жатқан топырақ эрозиясын күшейтеді. Соңғы 50 жылда Сахараның ауданы 650 мың км2-ге артты. Тек қана Суданда шөл зонасының шекарасы жыл сайын 6—7 км-ге жылжиды және куатты желдер (самум) 60 млн т-га жуық топырақтың жоғарғы құнарлы қабатын ұшырып әкетеді. Миллиондаған гектар ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер зиянкестерге қарсы қолданылатын улы химикаттармен ластанады. Еуропадан апарылган "лас" өндіріс орындары айналадағы орта мен адам денсаулығына зиян келтіруде.
Көптеген елдерде ауыз суы өте тапшы. Сахельде орналасқан елдерде, қуаңшылық ұзаққа созылған кезеңдерде, шөл мен аштықтан ондаған мың адам жаппай азап шексе, сонымен бірге мал шығыны да болып тұрады. Осы заманғы ғылым мен техниканың жетістіктері қуаңшылықпен күресуге толық мүмкіндік береді, бірак Африка елдерінің даму деңгейшің біршама төмендігі, қаржының жетіспеушілігі және шетелдік қаражатқа тәуелділігі мұндай шараларды өрістетуге мүмкіндік бермейді.Қазіргі уақытта Африка елдері табиғат байлықтарын зерттеу мен қорғау жұмыстарына кірісе бастады. Солтүстік Африка елдері жылжымалы құмдарға тосқауыл болатын 1500 км орман алқабын отырғызды.
Халқы
Қазіргі Африка халқының жалпы саны 2004 жылы 800 млн адамнан асады. Бірақ Африка халкы елдер бойынша біркелкі таралмаған. Тек Нигерияньщ халқы ғана 120 млн-нан асады, тағы да бес елдің халкы 25—60 млн аралығында. Осы алты елдің халқы аймақ халқының 56%-ын құрайды. Африка халқына тән басты белгінің бірі — халық санының жедел өсуі. Халықтың табиги өсуінің карқыны жөнінен Африка басқа аймақтарды басып озуда.Орталык, Оңтүстік Африка түгелге жуық, сондай-ақ Батыс Африканың аздаған бөлігінде христиан діні мен жергілікті діндер түрліше арақатынаста қатар кездеседі. Жергілікті дінді ұстаушылар саны Орталық Африка Республикасы мен Либерияда өте жоғары (жалпы дінге сенушілердің 3/4-і). Аралдарда орналасқан Кабо-Верде, Сан-Томе, Принсипи сияқты шағын мемлекеттердің барлық дерлік халқы — христиандар. Ірі елдердің ішінен христиан діні Намибия, Лесето, Экваторлык Гвинеяда басым таралған.Халықтың ұдайы өсуі мен орналасуы, урбандалу дәрежесі. Африка дүние жүзінде халықтың удайыөсуі жөнінен ең жоғары қарқынға жеткен дүние бөлігі екенін сендер жақсы білесіңдер.Бұл осы аймақтағы көп балалы болуды қолдайтын ежелгі дәстүрлерге де байланысты. Сонымен қатар Африкадағы елдердің көпшілігі белсенді демографиялық саясат жүргізбейді, сондықтан мұнда бала туу көрсеткіші ен жоғары дәрежеде болып отыр. Мысалы, Кенияда, Бенинде, Угандада, Нигерияда, Нигерде, Танзанияда бала туу мың тұрғынға шаққанда 50 нәрестеден асады. Бұл Еуропа еддеріндегі көрсеткіштерден 4—5 есе жоғары. Африка әлі де болса халықтың өлімі өте жоғары аймақ соған карамастан оның халқы тез өсуде. Бұл халықтың жалпы санында балалар үлесінің өте жоғары болуына әсер етеді. Ол өз тарапынан жұмысқа орналасу, білім беру, денсаулық сақтау проблемаларын одан әрі күрделендіреді. Бұған қоса Африкадагы ересек халықтың жартысынан астамы сауатсыз, денсаулығы да төменгі дәрежеде, әсіресе ЖИТС-пен (СПИД) ауыратындар саны күрт көбеюде.Африкада халықтың орташа орналасу тығыздығы (1км2-ге 22 адам) Еуропа мен Азияға қарағанда бірнеше есе кем. Азиядағы сияқты Африкада да халық өте өркелкі орналасқан. Сахара шөлінде мүлдем адам қоныстанбаган ете үлкен аудандар бар.Сонымен қатар ылғалды тропиктік орман зоналарында да халық сирек орналасқан. Дегенмен Африка жерінде халық өте жиі қоныстанған аудандар да баршылық. Ондай жерлерге ірі өзендердің бойы мен теңіз жағалауы жазықтары жатады. Мысалы, Египетте оның бүкіл халқы түгелге жуық дерлік (67 млн-нан артық, 2000 жылғы мәлімет бойынша) Ніл өзенінің атырауы мен аңғары бойында тұрады. Бұл аудандар Африка жерінің бар болғаны 4%-ын ғана кұрайды. Ондағы халықтың орташа тығыздығы 1км2-ге 1300—1400 адамнан келеді, ал керісінше көршілес орналасқан шөлдерде тығыздық бір адамға да жетпейді.
Африка қала халқының үлесі жөнінен басқа аймақтардан әлдеқайда төмен дәрежеде (30% шамасында). Қала халқының үлесі, өсіресе Солтүстік Африкада өте жоғары (Ливияда — 86%, Тунисте — 61 %, Алжирде — 56%), сондай-ақ ОАР-да 57%-ға жетеді. Ал кейбір елдерде бұл көрсеткіш, керісінше өте төмен дәрежеде. Мысалы, Эфиопияда 16%, Угандада 14%, Бурунди мен Руандада 5%-дан аспайды. Ежелгі, көне қалаларды есептемегенде Африкада ірі қала агломерациялары жаңадан калыптаса бастады. Миллионер қалалар саны көбеюде (20-дан астам). Алайда мұндағы урбандалу қарқыны. дүние жүзінде ең жоғары көрсеткішке ие, кейбір қалалардың халқы әрбір 10 жыл сайын екі есе өсуде. Алайда мұның бірқатар теріс зардаптары да бар. Өйткені, негізінен, астаналық қалалар мен "экономикалық астаналар" жедел өседі. Ол күнкөріс іздеген қыстақ тұрғындарының қаланың шеткі лас аудандарына жалпай қоныс аударуы есебінен жүруде.
Еңбек ресурстары. Африканың еңбек ресурсында жастардың үлесі жоғары, бірақ олардың кәсіби дайындығы өте төмен деңгейде. Аймақ экономикасы аграрлық сипатта және төмен дәрежеде болғандықтан, еңбекке жарамды халыктың 2/3-сі ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеуге мәжбүр. Мысалы, 2000 жылы Нигерияда халықтың жалпы саны 120 млн-нан астам болса, оның 39 млн-нан астамы экономикалық белсенді халық (ЭБХ) болып табылады, бұл жалпы халықтың 34%-ьш құрайды. Елдегі ЭБХ-тың тең жартысына жуығы ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Ал қалған бөлігінің бір жартысы сауда-саттық және коммерциямен айналысса, қалғаны басым түрде қызмет көрсету саласында жұмыс істейді.Африка халқы дүние жүзі бойынша еріксіз мигранттардың жалпы саны жөнінен ерекше көзге түседі. Ол аймақ елдеріндегі саяси ахуалдың тұрақты болмауымен түсіндіріледі. 1990 жылдардан бері Африка жерінде жиі қайталанып жатқан әскери қақтығыстар мен ұлт араздығы нәтижесінде Орталық және Шығыс Африка жерінен еріксіз қоныс аударған 5 млн-нан астам адам босқындық күй кешуде. Ал ОАР мен Намибия елдері заңсыз қоныс аударушылардан зардап шегуде. Мысалы, ОАР-да 3—5 млн-ға дейін (халқының 10%-ға жуығы) шетел азаматтары заңсыз мигранттар жағдайында тұрып жатыр.ШаруашылығыАфрика елдері экономикалық және әлеуметтік даму дәрежесі жөнінен өзге аймақтағы елдерден әлдекайда артта калған (ОАР-дан басқасы). Басты экономикалық көрсеткіштері бойынша Африканың көптеген елдері халықаралық аутсайдер (ағылшын тілінде— бөтен, жат) жағдайында қалып отыр. Қазіргі таңдағы адамзат басына ауыртпалық әкеліп отырған жагдайлардың барлығы дерлік Африка үшін шешімін таппаған мәселелер қатарына жатады.
Африка елдеріне дамушы елдердің сипатты белгілері тән болып келеді, әсіресе XX ғасырдың 60—70-жылдары аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуының кейбір бағыттары өте жоғары деңгейге көтерілді. Бірақ 1980—1990 жылдары экономикалық дамудың жылдамдығы кенет төмендеп, әлеуметтік-экономикалық жағдай ерекше нашарлады, тіпті терең дағдарыстық сипатқа ауысты. Азық-түлік өндіру (жылдық енім — 2%) мен оны халықтың тұтынуы (түтыну 3%-га өскен) арасындағы алшақтық артып, ол өз тарапынан астық импортының өсуіне себепші болды. Оның үстіне Африканы бұрын болып көрмеген құрғақшылық жайлады. Ол аймақ елдерінің жартысынан астамын шарпып, тікелей 200 млн-ға жуық адамды қамтыды. Сонымен катар шетелдік қаржыгерлердің борыш қыспағы да күшейе түсті. Африка елдері экономикасының бір жақты аграрлы-шикізаттың бағытта дамуы және осы негізде ауыл шаруашылығының нашар дамуы, аймақ елдерінің әлеуметтік-экономикалық артта қалуының басты себептерінің бірі болып табылады. Көптеген елдерде бұл бір жактыльщ бір ғана дақыл (монокультура) түрін өндіруге маманданудан айқын көрінеді. Бір дақыл түріне мамандану табиғи ғана емес, тарихи-әлеуметтік құбылыс, ол Африка елдерін отарлау кезеңінен басталған болатын. Қазір осындай бір жақты халықаралық маманданудың нәтижесінде ондаған елдер экспортка шығаратын бір-екі тауардың дүниежүзілік сұранымына тәуелді болып қалуда. Сондықтан да бір дақылды елдер көп салалы шаруашылық құруға тырысуда, бірақ әзірше бұл жолда аз ғана елдер табысқа жетуде.
Өңдеуші өнеркөсіп нашар дамығанымен, көптеген елдер кен өнеркәсібінің жақсы жолға қойылуымен ерекшеленеді. Көлік жүйесі де елдер арасындағы және олардың ішкі аудандарымен байланысты өз дәрежесінде жүзеге асыра алмай отыр. Білікті мамандар, техникалық қажеттілік және ұлттық қаржы-қаражат жетіспейді. Осы аталған себептер ұлттық экономиканы қалыптастырудың жылдамдығын тежеуде.Тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін Африка елдері біртіндеп ғасырлық мешеулікті жоюға күш-жігер жұмсай бастады. Ол, ең алдымен, табиғат байлығын мемлекет меншігіне айналдырудан, аграрлық реформаларды жүзеге асырудан, экономикалық жоспарлаудан және ұлттық мамандарды даярлай бастаудан көрінеді. Осы шаралар нәтижесінде елдердің даму қарқыны біршама жеделдеп, шаруашылықтың салалык және аумақтык. құрылымы қайта карастырыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |