Климаттық карта бойынша Бразилия жерінде температура мен жылдық жауын-шашыняың таралуын анықтаңдар.Экваторлық және субэкваторлык белдеулерді ылғалды экваторлық ормандар алып жатыр, оларды бразилиялықтар сельва деп атайды. Бразилия жерінің Халқы. Бразилия халқының саны 182 млн адам, яғни дүние жүзі тұрғындарының 2,8%-ын, Латын Америкасы халқының 1/3 бөлігін құрайды.Орташа есеппен алғанда халық тыгыздығы 1 км2 жерге 20 адам болғанымен, ел аумағы бойынша халық біркелкі қоныстанбаған. Халыктың басым көпшілігі Атлант мұхиты жағалауында шоғырланған. Мысалы, оңтүстік-шығыста халық тығыздығының көрсеткіші 70 адамнан асады. Елдің ішкергі аудандарында халық сирек қоныстанған. Бұл әсіресе солтүстіктегі ну орманды аудандарда айқын байкалады, мұнда халық тығыздығы 1 км2 жерге 2—3 адамнан ғана келеді. Соңғы онжылдықтарда қала халқының саны артуда, Бразилияда қала халқының үлесі 78%-ға жетті. Аса ірі қалалары — Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Белу-Оризонти, Ресифи, Порт-Алегри.
Шаруашылығы. Бразилия экономикалық қуаты, ресурстық және әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіншіліктеріне, аймақтық және дүниежүзілік шаруашылықтағы орнына байланысты дамушы дүниенің жетекші елдері қатарына жатады. XX ғасырдың соңына қарай жиынтыңішкі өшмнінің көлемі жөнінен Бразилия дүние жүзіндегі алғашқы ондыққа енді. Ұлттық жиынтык өнімнщ кұрылымында да өзгерістер болды (20-сызбанұсқаны қараңдар).Осы алғышарттар негізінде бірнеше онжылдық ішінде аграрлық елден индустриялы-аграрлық елге айналған Бразилияда қазіргі заманғы өнеркәсіп өндірісі пайда болған. Соңғы 30 жылда елде кара және түсті металлургия, мұнай химиясы, машина жасау жоғары қарқынмен дамыды. Ел экономикасының дамуында төрт сала — болат балқыту, автомобиль жасау, қызмет көрсету және мұнай химиясы шешуші рөл атқарды.Бразилияның энергия балансында су энергиясы және мұнай мен газ (әрқайсысының үлесі 1/3) басым орын алады. Отынның басқа түрлері арасында қант қамысынан өндірілетін этил спиртінің маңызы артып келеді; қазіргі кезде елдегі автокөліктің 90%-дан астамы осы отынмен жұмыс істейді. Елдің мұнай көсіпшіліктері ішкі сұраныстың жартысына жуығын ғана қамтамасыз етеді, негізгі мұнай көсіпшіліктері теңіз жағалауларында орналасқан. Бұл салада "Петробраз" мемлекеттік мұнай компаниясы жетекші орын алады.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Е.В. Вавилова. Экономическая и социальная география мира. М, Гардарики, 2006
2. А.Ю. Скопин. Введение в экономическую географию. М, 2001
3. М.М. Голубчик, Э. Л.Файбусович. Экономическая и социальная география России и новых независимых государства. М, 2001
4. В.П. Желтиков. Эконмическая география. (Высшее образование). Ростов- на- Дону, Феникс, 2004
5. Экономическая и социальная география стран ближнего зарубежья. (Под ред.М.П. Ратоновой) М, 2004
6.И.А. Родинова, Т.М. Бунакова « Экономическая география », М.2003
7.В.И. Бутов. Экономическая и социальная география: зарубежного мира и РФ, М, 2003.
8.Ю.Г.Липец и др. География мирового хозяйства, М, Владос, 1999
9.М. Байгісиев. Халықаралық экономикалық қатынастар.Алматы, 1998
10.М.М. Голубчик, Э. Л.Файбусович, А.М. Носов. Экономическая и социальная география. М, Владос, 2004
11. Н.Н. Петрова. География. Современный мир. М, Форум- Инфра-М, 2007
12С.Ю.Корнекова, С.П. Семенов. Социально- экономическая география (Пособие для подготовки к экзамену). С- Петербург/Москва/ Харьков/ Минск, Питер, 2001
Достарыңызбен бөлісу: |