Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары
Шаруашылығының жалпы сипаты мен даму ерекшеліктері. Отарлау кезеңінде аймақта бағалы металдар өндірісі мен плантациялық шаруашылық басым дамыды, бұл өнімдер түгелімен дерлік Еуропа нарығына бағытталған болатын. Тәуелсіздігін алғаннан кейін де, бұл елдердің шетел қаржысына негізделген, сыртқы нарыққа бағынышты экономикасы біржақты дамыды. Дамыған елдердің аймақтағы жас дамушы мемлекеттерге ықпалы, ең алдымен, экономикадағы үстемдігімен анықталды.XX ғасырдың басында Гондурас жеріндегі банан плантацияларына иелік еткен АҚШ бұл елдің барлык істеріне араласа алатын. Сондықтан осы елге қатысты ең алгаш рет "Банан республикасы" деген атау пайда болды. Кейіннен экономикасы біржақты сипат алран және шетел монополистеріне тәуелді дамушы елдердің барлығын бірдей бейнелі түрде осылай атайтын болды.
Аймақтың минералды ресурстары барланған соң, Мексика, Венесуэла, Перу, Боливия, Чилиде шетелдік компаниялардың иелігіндегі ірі мұнай кәсішпіліктері мен кеніштер пайда бодды. Кариб алабындағы қант қамысын өсіруге маманданған аралдық мемлекеттер "қант салғышқа", ал Бразилия мен Колумбия "кофе елдеріне" айналды. Аргентина, Уругвай мен Бразилия жеріндегі пампада ет пен жүн дайындалды.Бірінші дүниежүзік соғыстан соң аймактың Еуропа елдерімен дәстүрлі экономикалық байланыстары үзіліп қалды. Бұл жергілікті қаржыға негізделген кішігірім кәсіпорындардың пайда болуына, сондай-ақ АҚШ тәрізді қуатты көршінің нарыққа емін-еркін еніл, басымдылық көрсетуіне себепші болды.Экономиканы шетел монополистерінің ықпалынан шығару мақсатында шаруашылықтың салалық құрылымын күрделендіру, өнеркәсіпті қарқынды дамыту міндеті қойылды. Алғашында "импортты алмастыру" деп аталған даму үлгісі басшылыққа алынды, яғни ішкі нарықта импорттың тауарларды жергілікті өндіріс тауарлары ығыстыра бастады. Аймақтағы жетекші елдерде мемлекет тарапынан қолдау тапқан жергілікті кәсіпорындар 1960—1990 жылдар аралығында ішкі нарықтағы өңдеуші өнеркөсіп өніміне деген сұранысты 70—90%-ға қанағаттандыра алатындай дәрежеге жетті. Бұған осы елдерде орналасқан шетелдік және бірлескен кәсіпорындар да өз үлесін қосты. Мысалы, Бразилия мен Мексикада шетел қаржысының қатысуымен жаңа технологиялык негізде ірі автомобиль өндірісі қалыптасты.
Ішкі нарықта күшті бөсекенің болмауы, жергілікті мамандардың кәсіби шеберлігінің төмендігі, орасан мол сырткы қарыздың пайда болуы, экономиканың дамуын кері шегіндіріп тастаған 80-жылдардағы терең, дағдарыс дамудын, жаңа жолын іздестіруге себешпі болды. "Экспортқа бағдарлану" деп аталған даму үлгісі мемлекеттік көсіпорындарды жекешелендіру, елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту бағытында жүзеге асырыла бастады. Латын аралдарында (26,5 млн т) дүние жүзіндегі ең ірі мұнай өңдеу зауыттары орналасқан. Бұл кәсіпорындарда аса сапалы, қымбат тұратын мұнай өнімдері алынады.Аймақта жергілікті шикізат көзіне негізделген химия, ағаш өңдеу мен целлюлоза-қағаз, тоқыма өнеркәсібі дамыған. Жұмыс істейтіндер саны жөнінен жетекші орын алатын тамақ өнеркәсібінде жеміс консервілерін жасау, ет өндіру және балық өңдеу салалары айрықша күшті дамыған. Еуропа мен АҚШ нарығына көп мөлшерде жеміс конфитюрлері, шырындар, жүзім шарабы шығарылады.
Ауыл шаруашылығы. Латын Америкасы аумағының көпшілік бөлігінің тропиктік және субтропиктік белдеулерде орналасуы және агроклиматтық жағдайларының қолайлылығы ауыл шаруашылығы дақылдарынан жылына 2—4 рет өнім жинауға мүмкіндік береді. Орталық Америка мен Кариб алабындағы аралдық елдерде жер түгелімен дерлік өңделеді. Дегенмен, жалпы алғанда, аймақтың жер ресурстары толық пайдаланылмай келеді; өңделген жерлер ауданы аумактың тек 1/10 бөлігін ғана кұрайды. Оңтүстік Америка елдерінде ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер ауданын арттыру тропиктік ормандар мен саванналарды, шөлді жағалауларды игерумен байланысты. Мысалы, Тынық мұхит жағалауындағы кұнарлы жерлер қолдан суарған жағдайда мол өнім береді.Өсімдік шаруашылығы — аймақтағы барлық дерлік елдердің (Аргентина мен Уругвайдан басқа) ауыл шаруашылығының жетекші саласы. Аймақта өсімдік шаруашылығының ұсақ тауарлы-тұтынушылық дәстүрлі плантациялық және капиталистік түрлері дамуда. Ауыл шаруашылығы дақылдарын сыртқа сатуды көбінесе ірі ұлтаралық бірлестіктер жүзеге асырады. Қант қамысы — аймақтағы ең байырғы және кеңінен таралған дақылдардың бірі; ол Чили мен Уругвайдан басқа елдердің барлығында өсіріледі. Бразилия мен Куба қант қамысын өндіруден дүние жүзінде жетекші орын алады. Ямайка, Доминикан Республикасында және Гайанада өндірілген қанттың 75—95%-ға жуығы сыртқа сатылады. Тропиктік белдеуде өсірілетін кофе топырақ талғайтындықтан және климат өзгерістеріне төзімсіз болғандықтан бұл дақылдың өнімділігі мен сапалылығы елдер бойынша айырмашылық жасайды. Әсіресе биік ағаштар көлеңкесінде өсірілетін колумбиялық кофе әлемдік нарықта жоғары бағаланады. Дүние жүзінде өндірілетін кофенің 20%-ын беретін Бразилия жетекші орын алады.Какао аймақтағы 16 елде өсіріледі; әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие бұл өнім түрін аса көп мөлшерде Бразилия, Эквадор және Доминикан Республикасы сыртқа сатады. Аймақта бананның ондаған сорттары өсіріледі, плантациялары, негізінен, теңіз жағалауларында орналасады. Жергілікті халық күнделікті азық ретінде пайдаланатын түрлерінен баска, тасымалдауға қолайлы десерттік сорттары сыртқа сатылады. Бананды экспорттаудан Эквадор дүние жүзінде бірінші, ал Коста-Рика екінші орын алады.
• Жерінің ауданы — 8,5 млн км2
• Халкы — 182 млн адам (2004 ж.)
• Астанасы — Бразилиа
• Мемлекеттік құрылымы — федерациялық республика
• Мемлекет басшысы — президент
• Заң шыгарушы органы — Ұлттық Конгресс
• Мемлекеттік тілі — португал тілі
• Ұлттық валютасы — реал
• Әкімшілік-аумақтық бірлігі — штаттар және федералдық округ
Бразилияның экономикалық-географиялық орнының ерекшеліктерін және қолайлы жақтарын атаңдар. Бразилия қандай елдермен шектеседі?Бразилия — Латын Америкасындағы ең ірі ел, жерінің ауданы және халқының саны жөнінен дүние жүзінде бесінші орынды алады. Аумағы мен ресурстық мүмкіншіліктеріне, экономикасының ауқымына байланысты Бразилияны әдетте "тропик алыбы" деп атайды.Мемлекеттің қалыптасу тарихы. Бразилия жеріне 1500 жылы келіп жеткен португал экспедициясы бұл өңірді Португалия иелігі деп жариялады. Алтын мен асыл тастар іздеп таппаған португалдықтар өздері тау-бразил деп атаған ағашты осы жердің басты байлығы деп есептеді. Бұл ағаштан қызыл түсті бояу алынатын, кейіннен елдің өзі осы ағаштың құрметіне Бразилия деп атала бастады. Португалдықтар Атлант мұхиты жағасында елдің алғашқы қаласы және астанасы — Салвадордың іргетасын қалады. Ұзақ уақыт бойы Португалияның отары болған Бразилия еуропалық елдер үшін шикізат көзіне айналды.1808 жылы Наполеон армиясы Португалияға қарсы басқыншылық әрекетін бастағанда, король мен оның отбасын жедел түрде Рио-де-Жанейроға көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл шешімді жүзеге асыруға белсене көмектескен Ұлыбритания ендігі жерде Бразилия жеріндегі ықпалын күшейтті. Рио-де-Жанейрода 14 жыл болған король Португалиядағы саяси жағдайдың ұшығуына байланысты 1821 жылы Лиссабонға оралуға мәжбүр болды. Бразилияны басқару ісі вице-король деп жарияланған корольдің мүрагеріне тапсырылды. 1822 жылы вице-король Бразилияны тәуелсіз империя деп жариялады. 1888 жылы 13 мамырда құлдықты жою жөніндегі "Алтын заңға" қол қойылды. Үлкен саяси-әлеуметтік маңызы бар бұл заң монархиялық биліктің құлдырауына себепші болды: 1889 жылдың 15 қарашасында император тақтан түсіріліп, Бразилия республика болып жарияланды. Президенттік басқару орнаған жаңа мемлекет федерациялық жүйені қабылдады; байырғы провинциялар штаттарға айналды.
Жүз жылдан астам тарихы бар Бразилия Республикасында бірнеше рет сайлау жүйесі мен Конституция өзгертілді, жаңа ақша бірлігі енгізілді. XX ғасырдың 60-жылдары ел астанасы Рио-де-Жанейродан арнайы салынған Бразилиа қаласына көшірілді. Құрылысы жағынан президенттік федерациялық республика болып есептелетін Бразилияньщ саяси-әлеуметтік дамуы қазіргі кезде салыстырмалы түрде тұрақты сипат алған. Елде 10-нан астам танымал саяси партия, кәсіподак ұйымдары жұмыс істейді. Заң шығару билігіне ие Ұлттық Конгресс федералдық сенат пен депутаттар палатасынан тұрады. Бразилия БҮҮ-га (1945 жылдан бері) және көптеген халықаралық, аймактық деңгейдегі ұйымдарға мүше.
Табиғаты және табиғат ресурстары. Аумағының 93%-ы оңтүстік жарты шарда жатқан Бразилия жерінің табиғаты алуан түрлі. Ел аумағында Гвиана таулы үстіртінің оңтүстік бөлігі, Бразилия таулы үстірті және Амазонка ойпаты орналасқан. Бразилияның ең биік нүктесі — Бандейра тауы (2890 м). Парагвай өзенінің жоғарғы ағысын Пантанал ойпаты (португал тілінен аударғанда "батпақты жер") алып жатыр. Тұтасымен ежелгі Оңтүстік Америка платформасында орналасқан ел аумағы пайдалы қазбаларға да бай. Бразилия темір кенінің қоры жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады, мұнда аса ірі Қаражас кен орны (қоры 18 млрд т) орналасқан. XX ғасырдың соңына карай дүние жүзінде өндірілген темір кенінің 19%-ы Бразилияга тиесілі болды.Елде марганец пен алмастың, бокситтің, алтынның және полиметалдардың дүниежүзілік маңызы бар кен орындары барланған. Елдегі аса ірі Каражас кен орнында темір, түсті және сирек кездесетін металдардың мол қоры табылған.Бразилия асыл тастарымен, бағалы металдарымен де әйгілі. Соңғы жылдары Амазонияда алтын кен орындарының ашылуына байланысты ел жаңа "алтын дүрбелеңін" бастан кешіруде. Бұл Канада, АҚІП және ОАР-дың аса ірі алтын өндіруші компанияларының назарын аударып, ауданға алтын іздеушілер ("гаримпейрос") легінің ағылуына себепші болды. Соның нәтижесінде соңғы онжылдықта алтын өндіру көлемі екі есеге өсіп, 80 т-ға жетті. Атлант мұхиты жағалауында мұнай қоры барланған. Минералды шикізат ел экономикасының өркендеуінің басты алғышартына айналған.Бразилия жері, негізінен, экваторлық және субэкваторлық белдеулерде орналасқан, оңтүстігі тропиктік белдеуге енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |