Мұнай өнеркәсібі.Мұнай өнеркәсібі географиясының маңызды ерекшеліктерінің бірі-мұнай қорының 80℅-ға жуығының және өндірілетін өнімнің 50℅-ының Таяу Шығыста және дамушы елдерде орналасуы.Мұнай дүние жүзіндегі 90-нан астам елде өндіріледі.Өндірілетін мұнайдың 40℅-дан астамын ОПЕК елдері құрайды.Оның ішінде Парсы шығанағы жағалауындағы елдерге дүние жүзіндегі мұнай қорының 2/3-і тиесілі.Дүние жүзінде мұнайды өндірулен жетекші елдерге:Сауд Арбиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Иран, Ирак, Ресей жатады. Парсы шығанағы елдерінен басқа,мұнай Латын Америкасында, Солтүстік Америкада, Африкада, Батыс Еуропа, ТМД елдерінде,сонымен қатар Австралия және Мұхиттық аралдарда өндіріледі. Мұнайды шетке шығаратын елдер:Ресей, Ұлыбритания, Норвегия, Мексика, Сауд Арбиясы, Қазақстан, т.б. Оны өңдеу мен айыру,негізінен,дамыған елдердің үлесінде(70℅-ға жуық).
Газ өнеркәсібі.Дүние жүзінде табиғи газды өндіру,әсіресе хх ғасырдың екінші жартысынан бастап қарқынды дамып келеді.Оларды өндіру ХХ ғасырдың соңында 14 еседен астам өсіп,2000 жылы 2,2 трлн м куб.ты құрады.Табиғи газ негізгі қорлары Шығыс Еуропа(оның ішінде Ресейдің үлесі 39,2℅-ды құрайды)елдерінің үлесіне тиеді.Сонымен қатар Таяу және Орта шығыс елдерінің де үлесі біршама(30℅).Табиғи газға ең бай елдер:Иран, Сауд Арабиясы, АҚШ, Ресей, Алжир, Біріккен Араб әмірлігі, Нидерланд, Норвегия және Канада.
Достарыңызбен бөлісу: |