11.Дәріс.Тақырыбы: Дамушы елдер. Латын Америка елдері.
Жоспары:
1.Дамушы елдержалпы сипаттама
2.Табиғит жағдай мен табиғи ресустары
3. Латын Америкасының шаруашылығы
Жер бедері және минералды ресустар.
Латын Америкасы Солтүстіктен оңтүстікке қарай шамамен 13 мың км-ге созылып жатыр. Аймақтың жер бедері мен геологиялық құрылысы өте күрделі. Аймақтың солтүстігіндегі бірнеше тау жоталары мен таулы қыратты біріктіретін Мексика Кордильерасы аумағында күшті жер сілкінулері, жанартау атқылаулары болып тұрады. Мұнда Орисаба (биіктігі-5700м), Попокатепетль (биіктігі-5452м) сияқты сөнбеген ірі жанартаула орналасқан . Орталық американың батысын алып жатқан құрылымы өте күрделі таулы ауданды Кариб Кордильерасы деп атайды, ол шығысында жағалық ойпаттарға ұласады Кариб теңіз алабында орналасқан аралдар Үлкен Антиль, Багам және Кіші Антиль аралдарының тобын құрайды. Олар шығу тегі жағынан әр түрлі ( материктік, жанартаулық және маржандық) болып келеді, жер бедері де алуан түрлі. Аралдардың жағалаулары күшті тілімденген, қолайлы қойнаулары да көп. Бірақ маржан рифтері кеме қатынасына кедергі келтіреді. Оңтүстік американың батыс бөлігін қозғалмалы, қарқынды даму үстіндегі Анд тау жүцесі алып жатыр. Венесуэла жерінен Отты Жер аралына дейін созылған Анд жүйесі дүние жүзіндегі ең ұзын (9000 км-ден астам) тау тізбегі (биіктігі-6960м), дүние жүзіндегі аса биік сөнбеген жанартау- Охос-дель, Саладо (биіктігі-6880м) орналасқан. Анд аумағында қарқынды тектоникалық әрекетке байланысты күшті жер сілкінулер мен жанартау атқылаулары жиі болып тұрады. Осыған қарамастан, адамдар Анд таулар аумағын ежелден қоныстанып, оның таби ресустарын тиімді пайдалана білген. Мұнда еуропалықтар келместен бұрын әйгілі Инктер өркениеті пайда болып, дамудың шырқауы шегіне жеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |