Шаруашылығына жалпы сипаттама. АҚШ-тың дүниежүзілік шаруашылықтағы рөлі орасан зор. Ол экономикалық жағынан аса жоғары кемелденіп, өте дамыған ел. Өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы көлеміжағынан, дүние жүзінің барлық елдерінің арасында ол жетекші орында.
АҚШ-тың табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары елдің өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірістерін дамытудың алғ,ы шарты болып табылады. Ел аумағында 100-ден астам қазба байлық түрлері кездеседі. Мысалы, ол алюминий, орман алабы, көмір, мыс, сирек кездесетін металл қорлаы жөнінен дүние жүзі елдері ішінде алғашгқы ондық сапында. Батыстың экономикасы дамыған елдері арасында АҚШ –көмір (3,6 трлн т), мұнай (4,4 трлн т), табиғи газ (10трлн куб м), темір кені (25 млрд т), мыстың (50 млн т) қорлары жағынан 1-орында. Сонымен қатар уран, молибден, фосфор, күкірт, т.б. минерплдық ресурстардың елдегі қорлары аса мол. АҚШ және оған тәуелді жер аумақтарын қоса алғанда, онда планетамыздағы түрлі климаттық және табиғат зоналарының барлығы кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |