Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк



бет2/71
Дата19.06.2020
өлшемі207,23 Kb.
#74016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
лекция

Президенттік республикада президенттің құқылы билігі басымдық жағдайда болып, үкіметті өзі басқарады. Ал парламенттікреспубликада басты тұлға президент емес, ол үкімет басшысы (премьер-министр) болып саналады. Әлемдік социалистік жүйенің ыдырауына қарамастан, қазіргі Қытай, Вьетнам, Лаос, Солтүстік Корея және Куба мемлекеттері елді басқару формасы жағынан социалистік республикаларға жатады.

Мемлекетті басқарудың келесі формасы – монархиялық билік, олардың әлемдегі жалпы саны – 31. Америка құрлығында бірде-біреуі жоқ, Мұхиттық аралдарда – 2, Африкада – 3, Азияда – 14, Еуропада – 12. Қазір осылардың ішінде жалғыз ғана империя бар, ол – жапон елі. Қалған монархиялардың көпшілігі – корольдіктер, бірнеше князьдіктер, сұлтандықтар, әмірліктер топтасқан. Сонымен қатар ұлы герцогтік (Люксембург) және папалық мемлекет (Ватикан) те сақталып отыр. Бұл мемлекеттерде ең жоғарғы билік иесі – монарх болып табылады әрі ол атадан балаға мирастыққа беріліп отырады.

Дүние жүзіндегі мемлекет басқарудың монархиялық формасы сақталған елдер:

І. Еуропа ІІ. Азия

1. Бельгия – корольдік 1. Бутан – корольдік

2. Дания – корольдік 2. Иордания – корольдік

3. Испания – корольдік 3. Камбоджа – корольдік

4. Нидерланд – корольдік 4. Непал – корольдік

5. Норвегия – корольдік 5. Сауд Арабиясы – корольдік

6. Ұлыбритания және Солтүстік 6. Таиланд - корольдік

Ирландияның біріккен король- 7. Бруней – сұлтандық

дігі – корольдік 8. Малайзия – сұлтандық

7. Швеция – корольдік 9. Оман – сұлтандық

8. Андора – князьдік 10. Бахрейн – әмірлік

9. Лихтенштейн – князьдік 11. Біріккен Араб Әмірлігі – әмірлік

10. Монако – князьдік 12. Катар – әмірлік

11. Люксембург – ұлы герцогтік 13. Кувейт – әмірлік

12. Ватикан – папа мемлекеті 14. Жапония – империя

ІІІ. Африка IV. Мұхиттық аралдар

1. Лесото – корольдік 1. Тонга – корольдік

2. Марокко – корольдік 2. Самоа – елді көсем басқарады

3. Свазиленд – корольдік

Кейбір монархиялар өзіндік басқару формаларына байланысты ерекшеленеді. Соның ішінде республикаға тән элементтері көбірек кездесетіндері де бар. Мысалы, федеративтік конституциялы монархиялы ел – Малайзияда жоғарғы билеушіні (монархты) өздерінің ортасынан бес жылға сұлтандар сайлайды (Малайзия штаттары сұлтандарының мұрагер билеушілері). Басқа Азиялық федеративтік монархия – Біріккен Араб Әмірлігінде (БАӘ) мемлекет басшысын оның құрамындағы әмірлік билеушілері ішінен бес жылға Әмірлердің Жоғарғы Кеңесі сайлайды. Мұнда жоғарғы мемлекет билігі сол елдің конституциясы арқылы шектеулі болып, заң билігі – парламенттің, ал атқарушы билік – үкіметтің қолында болады.

Монархиялардың көпшілігі – конституциялық монархиялар. Бірақ абсолюттік монархиялар да өмір сүруде. Олар: Еуропада – Ватикан; Азияда – Бутан, Бруней; ал Таяу Шығыста – Сауд Арабиясы, Катар, Оман, БАӘ, Бахрейн, Кувейт. Бұл елдерді басқарушы монархтың билігі шексіз деуге болады. Өйткені ол заң шығарушы өкімет билігін жүргізумен қатар үкіметті, қорғаныс және сот істерін де өзі басқарады. Ал үкімет және басқа да жоғарғы билік органдарының құрамы, негізінен, оның әулетінің отбасы мүшелерінен тұрады. Бұлардың ішінде теократтық (діни) монархиялар да бар, ол елдерде мемлекет басқарушысы әрі дінбасы болып табылады (Ватикан, Сауд Арабиясы, Бруней).

Мемлекетті басқарудың осы аталған формалары мемлекеттің даму деңгейін немесе олардың саяси-экономикалық процестерінің бағыттарын көрсетпейді. Осыған орай Ұлыбритания, Бельгия, Скандинавия елдерінің монархияларын – Африка, Азия немесе соңғы империя – Жапониямен салыстырудан-ақ көруге болады. Республикалық басқару формасының монархиямен салыстырғандағы жоғары деңгейде тұрғандығы туралы белгілі теориялық постулат әрқашанда іс жүзінде сақтала бермейді. Мысалға, Еуропаның барлық монархиялары іс жүзінде Африканың, Азияның, Латын Америкасының көптеген республикаларына қарағанда аса демократияшыл болып табылады.

Елді басқарудың ерекше бір түрін – достастық, яғни бұрынғы «Британ Ұлттар Бірлестігі» құрамындағы мемлекеттер құрайды. «Егеменді елдердің ерікті қауымдастығы» құрылымындағы бұл ұйымға мүше елдер сыртқы және ішкі саясаттарында тең құқықтық пен дербестікке ие. Осы ұлттар бірлестігінің өмір сүргеніне жетпіс жылдан аса уақыт өтті.


Пайдаланған әдебиеттер

1. Е.В. Вавилова. Экономическая и социальная география мира. М, Гардарики, 2006

2. А.Ю. Скопин. Введение в экономическую географию. М, 2001

3. М.М. Голубчик, Э. Л.Файбусович. Экономическая и социальная география России и новых независимых государства. М, 2001

4. В.П. Желтиков. Эконмическая география. (Высшее образование). Ростов- на- Дону, Феникс, 2004

5. Экономическая и социальная география стран ближнего зарубежья. (Под ред.М.П. Ратоновой) М, 2004

6.И.А. Родинова, Т.М. Бунакова « Экономическая география », М.2003

7.В.И. Бутов. Экономическая и социальная география: зарубежного мира и РФ, М, 2003.

8.Ю.Г.Липец и др. География мирового хозяйства, М, Владос, 1999

9.М. Байгісиев. Халықаралық экономикалық қатынастар.Алматы, 1998

10.М.М. Голубчик, Э. Л.Файбусович, А.М. Носов. Экономическая и социальная география. М, Владос, 2004

11. Н.Н. Петрова. География. Современный мир. М, Форум- Инфра-М, 2007

12С.Ю.Корнекова, С.П. Семенов. Социально- экономическая география (Пособие для подготовки к экзамену). С- Петербург/Москва/ Харьков/ Минск, Питер, 2001



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет