Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк



бет9/71
Дата19.06.2020
өлшемі207,23 Kb.
#74016
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71
Байланысты:
лекция

Нәсілдік құрамы. Адамдар ең негізгі өзіндік белгілері бойынша, терісінің түсіне, бет бейнесіне, дене құрылысына, шашына және көздерінің бітіміне қарай үш үлкен нәсілге: еуропеоидтерге, монголоидтерге және негроидтерге бөлінеді.

Діни құрамы.

1. Халықтың орналасуы мен тығыздығы.

2. Қала мен ауыл село халқы.Урбанизация ұғымы.

Дүние жүзі халқының орташа тығыздығы 1 кв. Км-ге 40 адамнан келеді, бірақ құрлық бетінің жартысына жуығында халық тығыздығы 1 кв.км жерде 5 адамнан аспайды. Жекелеген материктер мен елдер бойынша бұл көрсеткіштерде үлкен айырмашылықтар бар. Мысалы, Еуразия материгінде Америка құрлығымен салыстырғанда халықтың тығыздығы 4 есе жоғары, бұл Австралия материгінен 20 есе көп деген сөз. Еуразия елдері халқының аса жиі қоныстануымен ерекшеленеді, оның ішінде Бангладеш пен Бахрейн (900 адамнан аса), Нидерланд пен Корея Республикасы (500 адамға жуық), сол сияқты Жапония, Ливия, Бельгия, Үндістан (300 адамнан жоғары), т.б. мемлекеттер халқының аса тығыз орналасуымен көзге түседі. Халық әсіресе «Ергежейлі елдер» деп аталатын (Монакода 1 кв км жерге 16,4 мың адам) және қала-мемлекеттерде (Сингапурда – 6,7 мың адам) өте-мөте тығыз орналасқан.

Материктерде халық өте сирек қоныстанған мемлекеттерде бар. Мысалы, Монголияда халық тығыздығы 1 кв км-ге 2 адамға жетпесе, Қазақстанда – 5,5 адам, Ресейде – 8,5 адам, ал Түркіменстан мен Сауд Арабиясында 10 адам шамасында. Аса сирек қоныстанған әлемдегі елдер қатарына – Австралия Одағы мен Намибия (2,5 адамға жуық), Суринам, Канада мен Ливия (3 адамнан) да жатады.

Қазір дүние жүзінде халықтың өте жиі шоғырланған 5 аймағы бар. Олар: Шығыс Азия, бұл жерде 1,5 млрд-қа жуық адам қоныстанған; Оңтүстік Азия аймағында 1 млрд-тан астам адам тұрады; Оңтүстік-Шығыс Азия алабын 500 млн-нан аса адам мекендейді.; Батыс Еуропа жерінде 500 млн-ға жуық адам тұрады; Солтүстік Американың Ұлы көлдер мен Атлант мұхиты жағалауы бөлігінде 200 млн-нан астам адам шоғырланған. Планетамызда халық өте сирек қоныстанған аса ірі аймақтар да бар. Олар: Солтүстік Америка мен Еуразия материгінің солтүстік бөліктері, Сахара шөлі, Амазония және басқа да экваторлық ормандар алабы, Еуразия мен Австралия материктерінің ішкі шөлді

аймақтары, аса биік таулы өлкелер. Ал Антарктида материгінде тұрғылықты халық жоқ. Кейбір елдердің жер аумақтарында халықтың жиілігі аса ала құла болып келеді. Мысалы, Египет халқының басым көпшілігі Ніл өзенінің бойына жиылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет