Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі-дүние жүзі елдерінің ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы.Ол сыртқы сауда, қаржы айналымы, жұмыс күшінің көші-қоны, экономиклық келісім шарттар жасау, халықаралық экономиклық ұйымдарды құру, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу сияқты экономикалық байланыстармен өзара қарым-қатынастардан тұрады.
Қазіргі дүние жүзілік шаруашылық географиясы өз кезегінде экономикалық және әлеуметтік географияның бір тармағы ретінде дүние жүзілік географияның барлық сұрақтары мен талап-тілектеріне жауап береді.Ол дүниежүзілік шаруашылық географиясын, дүниежүзілік өнеркісіпті, ауыл шаруашылығын, көлікті, т.б. зерттейтін дүниежүзілік шаруашылықтың салалық географиясын және ірі аймақтарды зерттеумен айналысатын дүниежүзілік шаруашылықтың аймақтық географиясын құрайды.Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің қалыптасуы іс жүзінде адамзаттың бүкіл тарихын қамтиды.Ежелгі ұлы империялардың пайда болуын дүниежүзілік интеграцияның дамуы бағытымен байланыстыруға болады.Бұл бағыттағы қарқынды келесі даму –Ұлы географиялық ашылулар дәуіріне тура келеді.Ұлы географиялық ашылулардың нәтижесінде әр алуан елдерде,аймақтар мен құрлықтарда өзара тұрақты сауда –саттық және өндірістік байланыстар қалыптаса бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |