Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк


Ғылыми- техникалық революция түсінігі және оның қалыптасу кезеңдері



бет14/71
Дата19.06.2020
өлшемі207,23 Kb.
#74016
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71
Байланысты:
лекция

Ғылыми- техникалық революция түсінігі және оның қалыптасу кезеңдері.

Шғыс Азия елдерінің компасты (Қытай, Шэн Хуа, 1088 ж.), оқ-дәріні ойлап табуы және қағаз бен кітап шығару тәсілін меңгеруі (Қытай, Цай Лун, 105ж.),ХVI-ХVIII ғасырларда Еуропадағы мануфактуралық өндірістің дүниеге келуі ғылыми-техникалық прогрестің алғышарттарын қалыптастырды. Одан әрі ХVIII ғасырдың соңында машина өндірісі (Дж,УАттың бу машинасы, (1764ж.)) пайда болды. ОЛ өз кезегінде ғылымда технологиялық тұрғыдан қоданыла бастады.Нәтижесінде осының барлығы адамзат алдында шектеусіз мүмкіндіктерді ашты.Осы уақытта ғылыми-техникалық прогрестің екінші кезеңі басталды.

ҒТР-дің одан әрі дамуына ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы жаратылыстану ғылымдарындағы жаңалықтардың (Электронның, радийдің,химиялық және элементтердің ашылуы, салыстырмалылық теориясы мен кванттық ілімнің негізделуі) қолданысқа толық енуі әсер етті.Бұл кезеңдер ғылыми-техникалық прогрестің үшінші кезеңін-ғылыми техникалық революцияны қалыптастыруға ықпалын тигізді.

ХХ ғасырдың ортасына дейін динамикалық дамуда болған ғылыми-техникалық прогреске ҒТР өте қарқынды серпінділік көрсетті.Қоғамдық өмірге үлкен өзгеріс әкелді.Адамзат технологиялық әлеуетте үлкен жетістікке жетті.1946 жылы адамзат тіршілігінде тұңғыш рет электронды есептеуіш машина ойлап табылды(АҚШ); 1950 жылы автомобильдің поршенін шығаратын тұңғыш автоматтандырылған зауыт іске қосылды (КСРО); 1954 жылы дүние жүзінде тұңғыш рет атомдық электр станциясы іске қосылды; 1957 жылы дүние жүзінде тұңғыш рет Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ғылымның өндіргіш күшке айналу прцесінде еңбектің түрі мен мазмұны, өндіргіш күштер мен еңбек бөлінісінің құрылымы өзгеріске ұшырады. Еңбек өнімділігі күрт өсті. Сол арқылы қоғам өмірінің өзге салалары, әсіресе адамдардың өмір сүру мәдениеті, тұрмысы, психологиясы жетілді. Табиғатпен қарым-қатынасы айқындала түсті. Нәтижесінде, адамның материалдық және рухани мүмкіндіктерінің тез өсіуіне ҒТР бастама болды.Сонымен, ғылыми-техникалық революция дегеніміз- ғылым мен техниканың бірегей,бір-бірімен сабақтаса отырып, ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп,сапасын күрт жаңарту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет