Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк


Дәріс Тақырыбы Дүние жүзінің табиғат ресурстарының географиясы



бет11/71
Дата19.06.2020
өлшемі207,23 Kb.
#74016
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71
Байланысты:
лекция

Дәріс Тақырыбы Дүние жүзінің табиғат ресурстарының географиясы.

Жоспары:

      1. Табиғат байлықтарының жіктелуі.

      2. Минералдық ресурстар

Адамзат коғамы өмірінде табиғат байлықтарының алатын орны өлшеусіз. Дүние жүзі қауымдастығының дамып қалыптасуы — оның жаратылыспен және географиялық ортамен үздіксіз әрекеттесіп келе жатқан тарихи-қоғамдық процесс екендігінің дәлелі. "Табиғат пен қоғам" біртұтас бұзылмайтын жүйе. Олардың арасындағы өзара байланыс барған сайын белсенді түрде жүруде және табиғаттағы антропогендік ықпал күшейе түсіп, оны үнемі өзгерту үстінде . Оған мысал ретінде адамның табиғат ресурстарын осы кезге дейін жыртқыштықпен пайдалануын атауымызға болады. Қазіргі кезде көптеген ғаламдық проблемалар туындап, әсіресе экология мәселесі аса ушыққан күйде қалуда.

Табиғат дегеніміз — мезгіл мен кеңістікте шексіз тұрақты қозғалыста әрі үздіксіз өзгеру мен даму үстінде болатын бейорганикалық және органикалық дүние. Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне кажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық, акпараттың және әр түрлі табиғи кұбылыстардың жиынтығы. Адам өзінің табиғатпен байланысты шаруашылық іс-әрекетінде, оған тікелей немесе аралық әсерін тигізеді.Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәңгілікті және тұтас күрделі мәселе. Халықтың өмірлік қарекетіне, әсіресе денсаулығы мен өсіп-өнуіне тікелей немесе әлеуметтік-экономикалық жағдай арқылы жанама түрде табиғи ортаның кұрауыштары мен олардың жиынтығы — атмосфералық ауа, табиғаттағы сулар, топырақ жамылғысы, геологиялық құрылым, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, сонымен қатар төтенше құбылыстар мен барлық биосферада жүретін процестер ыкпал жасайды. Табиғат арқылы адамзат өзінің кептеген қажеттілігін камтамасыз етеді.

Адам күрделі "табиғат-қоғам" жүйесінің бір бөлігіне жатады. Қоғамның материалдық, мәдени, тағы да баска мұқтаждығын қанағаттандыру үшін казіргі кезеңде немесе болашақта колданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи кұбылыстары табиғат ресурстары деп аталады. Оларға атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтары, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер кабатындағы жылу энергиясы, т.б. жатады.

Адамзаттың өз тіршілік өмірі мен ұлттық экономикасы үшін барлық кажеттілерін табиғат ресурстарынан қарқынды түрде орасан зор көлемде алуы — жер қойнауы мен қоршаған ортаға, су және ауа кеңістігіне зардабын тигізетін қатерлі кұбылысқа айнала бастады. Олардың кұрамында радиоактивті сәулелер тарататын элементтер мен әр түрлі аурулар тудыратын шаң-тозаңдар болуы және айнала коршаған ортаны тым ластауы әлем жұртшылығы тарапынан алаңдатушылық тудыруда. Осы себепті Германия, Швеция елдері өз жеріндегі атом электр станцияларының жұмысын 2010 жылға дейін біржола тоқтату жайлы шешім қабылдады. АҚШ және басқа елдерде мұндай багыттағы жобаларды кайта қарауға тыйым салынған. Сарапшылар мәліметіне жүгінсек, дәстүрлі емес табиғи қайтымды қуат көздерінің планетамыздағы ресурсы көмірге шағып есептегенде, 19,5 млрд т-ны кұрайды. Бұл дегеніміз — жер койнауынан жыл сайын алынатын мұнай, газ, көмірді косып өндіргеннен екі есе көп. Қазіргі таңда табиғат ресурстарының қоры күннен-күнге азайып бара жатқанда, қоғамымыздың «Табиғатты тиімді пайдалану» бағытында сарқылмайтын байлық көздері — күн, жел, мұхит-теңіз суының толысуы мен кайтуы, жердің ішкі энергиясы қуатын молынан пайдалану және өндірісте қалдықсыз технологияны кеңінен қолдану бағдарына бет бұру қажеттілігі ең көкейкесті мәселе болып отыр.

Табиғат байлықтары және олардың жіктелуі. Өндірісті орналастырудағы ең негізгі фактор — табиғат ресурстары болып табылады. Бірақ оның қазіргі орналасу келбеті ғылыми-техникалық революция ықпалымен едәуір өзгеруде. Осы заманғы әлемдік өндіріс орасан көп мөлшерде шикізат ресурстарын пайдалануда. Осы себепті, көптеген табиғи байлық қорлары біртіндеп азаюда. Жалпы түгесілуіне қарай табиғат қорларын екіге бөліп қарастырамыз: сарқылмайтын табиғат байлықтарына біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады, олар — ғарыштық және климаттық, ресурстар, мұхит-теңіз суларының толысуы және қайтуы, күн сәулесі, жыл-жымалы ауа массалары: жел, су, жердің ішкі энергиясы. Ал сарқылатын табиғат ресурстары: қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді. Қалпына келетін ресурстарға: биосфера (жануар, өсімдік) ресурстары жатады. Бірақ оларды біз орынсыз колдансақ яғни үйлесімді түрде пайдаланбасақ, оның кейбір түрлері тіптен жойылып кетуі мүмкін. Қалпына келмейтін жойылатын табиғат ресурстары — олар қолдану нәтижесінде жойылады, мысалы, газ, көмір, мұнай, шымтезек пен т.б. және сарқалатын — қолдану нәтижесінде жойылмай, бір түрден екінші түрге айналатын ресурстар, мысалы, темір және басқа металдардың кендері, фосфор, күкірт және басқа да элементтердің қосылыстары. Қалпына келмейтін ресурстарға минералды байлықтарды түгелдей жатқызуға болады. Олардың кейбір түрлерінің, әсіресе отын және кенді қазбалардың қарқынды пайдаланылуы салдарынан жалпы қорлары біртіндеп сарқылуда. Мысалға, темір кен орнының Лотарингиядағы (Франция), Оралдағы (Ресей) қорлары тіптен азайған. Табиғат ресурстарын өз кезегінде жіктесек, олар шығу тегі жағынан: литосфера ресурстары (қазба байлықтар, жер жөне топырақ ресурстары), гидросфера ресурстары (мұздықтар, дүниежүзілік мүхит-кұрлық сулары, олардың толысу және қайту күші, өзендер

энергиясы); атмосфера ресурстары. (климаттық, рекреациялық, бальнеологиялық, жел энергиясы); биосфера ресурстары (өсімдіктер мен жануарлар әлемі) болып бөлінеді.

Табиғат ресурстары мынадай жолмен де жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы жөне потенциалды), пайда болуына (табиғи, антропогенді), химиялық табиғатына (органикалық, минералдық), көздері мен орналасуына (жер, су, кен, өсімдіктер, орман), қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылыми, эстетикалық, рекреациялық), пайдалану өрісіне (энергетикалық, шикізат, тамақ) байланысты. Ресурстар сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық (әр түрлі өндіріс салаларының қайтадан пайдаға жарататын қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді.

Сол сияқты ресурстарды олардың қолданылуы бойынша да жіктейміз. Мысалы, отын-энергетикалық ресурстар, құрылысқа қажетті ресурстар, шаруашылықтың жеке салаларыың (металлургия, химия, орман-ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі, т.б.) ресурстары деп бөлінеді. Жалпы пайдалы қазбалар құрамы мен қолданылу ерекшеліктеріне қарай келесідегідей үш негізгі топқа топтастырылады: жанатын (отын), металл (кенді) және металл емес (кенсіз) деп. Табиғат ресурстарының осы сынды жіктелулері шартты түрде, өйткені бір казба байлық түрі бірнеше шаруашылық саласында пайдаланылуы мүмкін.

Табиғат ресурстарының қорлары және таралуы. Адамзаттың қоршаған ортаға белсенді әсері, оның жаратылыс сыйлықтарын шаруашылық іс-әрекетінде барынша пайдаланылуы барысында айқын көрінуде. Осы уақытқа дейін олар жаратылыс байлықтарын табыс көзі ретінде молынан алуды көздеп, оларды жыртқыштықпен пайдаланып, табиғатты сақтау жөне түлету шараларына мән бермей келді.

Жер қойнауындағы ресурстарды пайдалану қарқыны алдағы уақытта темендемейтін болса, олардың қоры азаятыны сөзсіз. Ғалымдардың болжамы бойынша, мысалы, алюминий кенінің қоры 500—600 жылға, темірдікі — 150 жылға, мырыштыкі 200—230 жылға жетеді екен. Осындай дағдарыстан шығу үшін ресурстар қорын үнемдеп пайдалану, сақтау және жаңа қорларын барлау, қайтара пайдаланатын шикізатты колдану, металл сынықтарын қайта өңдеу, сондай-ақ құнды және сирек кездесетін металдарды, істен шыққан аспаптарды қайта жөндеу тағы да басқа шараларды іске асыру орынды. Ал отындық ресурстардың қайтадан қалпына келмейтін себебі, олар өткен геологиялық дәуірде бірнеше миллондаған жылдар бойында түзілген. Мысалы, тас көмір мезозой дәуірінде болған өсімдіктер фотосинтезінің өнімі. Қазіргі кезеңде кен байлықтарын түзетін процестердің жүруіне бұрынғыдай жағдай жоқ, сондықтан олардың орнының тез арада толуы тіптен мүмкін емес.

Қазіргі таңда адам қоғамы табиғатты тиімді пайдалану жолында қоршаған ортамен үйлесімді әрекет жасауға ұмтылуда. Осы себепті, адамдар табиғатты өз пайдасына орнымен жаратып қолдануда әрі оның неғұрлым тиімді жолдарын іздестіруде. Сонымен, табиғатты пайдалану дегеніміз — табиғат байлықтарын игеру мен қолдану ғана емес, оны жан-жақты зерттеуді жетілдіру, табиғатты қорғау, аялау барытында жүргізілетін экологиялық іс-шаралардың жиынтығы [2]. Осы орайда табиғат ресурстарын шаруашылық тұрғысынан бағалау мәселесі аса маңызды орында. Ол дегеніміз — табиғат байлықтарын халық игілігіне жарату жолында оның қорларын барлау, анықтау мен мұқият есепке алу. Нәтижесінде оның сандық және сапалық құндылығын ғылыми негізде бағалау. Бұл кешенді түрде, ресурстарды игеруді бақылау және оның қорларын үнемдеу тұрғысында жүргізіледі.

Табиғатты тиімді пайдалану ережесінің бұзылуы салдарынан орны толмайтын ресурстар қатарына соңғы уақытта тұщы су, оттек, т.б. қосылды, себебі бұлардың шығындалуы табиғаттың өздігінен қалпына келу мүмкіндігінен асып түсуде. Бұл дегеніміз — сарқылмайтын ресурстардың кейбір түрлерінің мүлдем сарқылу жағдайына жеткендігінің куәсі, сол сияқты мұндай мүшкіл жардай қалпына келетін ресурстарда да қазіргі кезеңде орын алган. Мысалы, соңғы 400 жылдың ішінде жер бетінен құстар мен сүтқоректі жануарлардың 130 түрі жойылып кеткен, "Қызыл кітапқа" жыл сайын

жойылуға жақындаған жануарлар мен өсімдік әлемінің бірнеше түрлері енуде. Атап айтқанда, казірдің өзінде жойылуға жақындаған өсімдіктер, омыртқалы жануарлар мен кейбір құрт-құмырсқалар түрлерінің саны 10 мыңнан асып отыр. Кейбір жануарлар түрі тек зоопарктерде сақталған.

Жер шарының географиялық қабығында орасан мол әрі алуан түрлі табиғи байлықтар кездеседі. Бірақ олардың жеке түрлері корларының планетамыз бойынша орналасуы біркелкі емес. Тіптен материктерден тыс жекелеген елдер мен ірі аймақтардың табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуінде тек сандық емес, сапалық жағынан да үлкен айырмашылыктар байқалады. Ресурстармен қамтамасыз етілу көрсеткіші оның қорының мөлшері мен өндіру, яғни қолданыс масштабының арақатынасына тең. Бұл жерде минералдык ресурстармен камтамасыз етілуі оның казіргі пайдаланылымындағы қаркынында барланған корының канша жылға жететіндігіне карай бағаланса, ал жер, орман, су ресурстары олардың қорларын жан басына шағумен есептелінеді. Табиғат ресурстарымен камтамасыз етілу деңгейі мен оның сипатына карай дүние жүзі елдерінің бір-бірінен елеулі айырмашылықтар бар.

Дүние жүзінің көптеген елдері ғаламдық маңызы бар бір немесе бірнеше ресурс түрлерінің қорларына ие. Мәселен, Оңтүстік-Батыс Азия елдері аса ірі мұнай мен газ (қосымшадағы 14, 15-кестелерді қараңдар), Оңтүстік Африка — алтын мен алмаз, Чили, Замбия, Қазақстан — мыс кені, Австралия, Гвинея, Ямайка — алюминий қорларымен көзге түсті. Тек бірнеше мемлекетте ғана табиғат ресурстарының барлық түрлері кездеседі деуге болады. Мысалға, Ресей, АҚШ, Қытай — минералдық, орман, су, жер, т.б. ресурстардың біршама ірі қорларына ие. Сол сияқты Бразилия, Үндістан, Канада, Австралия мемлекеттері бұлардан қалыс калғанымен, табиғат ресурстарымен өте жақсы қамтамасыз етілген. Әрбір мемлекеттер үшін олардың жер аумағында табиғат ресурстарының көптүрлілігі аса маңызды. Бірақ табиғат ресурстарының болуы әрбір ел үшін кажетті болғанымен, олардың дамып өркендеуі үшін шарт емес. Экономикасының даму қарқыны жоғары жетістіктерге жеткен, бірақ өнеркәсібінің дамуына қажетті табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілмеген: Жапония, Италия, Оңтүстік Корея, Сингапур сияқты елдер бұған айқын мысал. Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесі мен халықаралық еңбек бөлінісінде көбінесе дамыған елдер тұтынушы, ал дамушы елдер табиғат ресурстарын өндіруші әрі сыртқы экспортқа шығарушы рол атқаруда.

Минералдық ресурстар. Адамзат баласы ежелгі заманнан бері алуан түрлі минерал шикізаттарды пайдалануда. Бірақ оларды колданудағы жаңа сандық және сапалық өзгерістер, XX ғасырдың ортасынан ғылыми-техникалық революция нәтижесінде туындады. Дүние жүзінің көптеген елдері қазіргі таңда табиғат ресурстарын үнемдеу саясатын ұстанғанына қарамастан, оған деген сұраныс жылдан-жылға артуда. Әсіресе соңғы ондаған жылдар ішінде минерал ресурстарды өндіру көлемі шамадан тыс мөлшерде көбеюде. Жыл сайын планетамыздың түкпір-түкпіріндегі жер койнауынан 100 млрд т-дан астам алуан түрлі отын және минерал шикізаттар алынады [4]. Қазіргі таңда минералды ресурстарды тұтыну қарқыны, олардың барланған корларының ашылу арақатынасынан асып түсіп отыр. Осы себепті көптеген елдерде оларды тиімді пайдалану мәселесі күн тәртібіне қатаң қойылған. Дүниежүзілік мұхит қойнауының минералды ресурстарын игеру проблемасы адамзат болашағы үшін аса маңызды орында.

Жалпы, әлемде өндірілген минералдық шикізаттардың үлесіне келсек, 84,6% отын-энергетикалық кешен саласына, 7,9% қара металлургияға, ал 1,9% түсті металлургияға, 5,6% басқа салаларға тиесілі. Соңғы жылдары бағалы металдар көлемі өсуде. Қазіргі уақытта дүние жүзінің 169 мемлекеті минералдық ресурстар өндіреді. Әлемдік экономикада минерал қазба байлықтарды өндірудің жалпы көлемі 10 млрд т-ға. жуықтады. Оларды өндіруде кешбасшы әрқайсысы 1 млрд т-дан аса өндіретін — АҚШ пен Қытай елдері, сонымен қатар Австралия, Канада, Ресей, ОАР-дың да үлесі зор. Бұл көрсеткіш бойынша Украина оныншы, ал Қазақстан он үшінші орында. Өндірілетін шикізатының кептүрлілігі жағынан еліміз дүние жүзінде тоғызыншы, ал ТМД бойынша екінші орында. Еліміздің минерал-шикізат кешені әлемдік рынок талабына сай бейімделуде. Қазақстан, негізінен, сыртқа шикізаттар мен жартылай фабрикаттар шығаруда әрі олар еліміздің экспорттық рейтингісінде басымдық көрсетуде (қосымшадағы 22-кестені қараңдар).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет