Cаяси картасын қалыптастыру:
Саяси картаны қалыптастыру кезеңдері. Латын Америкасының қазіргі саяси картасы,негізінен Еуропалық отарлау және ұлт-азаттық қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасты.Қазіргі кезде мұнда 33 тәуелсіз мемлекет орналасқан. Еуропалықтар келгендерге дейін ХV ғасырдың соңына қарай Латын Америкасы аумағында ацектердің (Мексика таулы қыраты) майя (Юкатан түбегі) және инктердің (Анд таулы ауданы) аса күшті дамыған өркениеттер болды.Латын Америкасын, жалпы Американы отарлау Кариб теңізі аралдарынан басталды.Географиялық жағынан алғанда да орталық болып саналатын бұл аудан жаңа дүние бөлігін игерудің тірегіне айналды. ХVІ ғасырдың алғашқы ширегінде Орталық Американың тұтасымен дерлік отарланған испан басқыншылары (конкистадорлар ) кейінірек Оңтүстік Америкаға да жетті.Жаңа жерлердің көпшілігі Испанияның илігінде болды.,Португалия Бразилияны отарлады. Кариб алабындағы аралдарда Еуропаның бірқатар елдеріне отарлары орналасты.Франция Оңтүстік Американың солтүстігіндегі аумақтарды отарлады (қазіргі кезде оның илігінде Гвиана ғана қалаған).Суринам алғашында испан,кейінен ағылшын отары болса,ақыры соңында Нидерланд Суринамды Англиядан Жаңа Амстердам (Нью-Йорк) орнына айырбастап алған.АҚШ-тың тәуелсіздік алуы Латын Америкасындағы жаппай ұлт-азаттық қозғалыстың бастауына түрткі болды. 1791 жылы француз отары Сан-Домингода (Гайти аралының батысы) құлдар көтерілісін бастап, 1804 жылы Латын Америкасындағы ресми танылған алғашқы тәуелсіз мемлекет- Гайти пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |