Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата15.12.2021
өлшемі360,42 Kb.
#100789
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
1 IMP kaz

Мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын 

ұйымдастыру 

 

Кезекші  топтардың  жұмысы  санитарлық  талаптарды  қатаң  сақтаған 

жағдайда,  оның  ішінде  осы  тәртіпке  сәйкес  ата-аналардың  (балалардың 

заңды  өкілдерінің)  өтініштері  негізінде  жүзеге  асырылады.  Өтініштер 

электрондық нысанда қолжетімді құралдар арқылы қабылданады. 

Кезекші топқа баруға ниет білдірген жағдайда балалардың ата-аналары 

немесе заңды өкілдері мектепке дейінгі ұйым басшысының атына өз қалауы 

туралы  өтініш  жазады  және  оны  қол  жетімді  байланыс  құралдары  арқылы 

тәрбиешіге жібереді. 

Тәрбиеші өтінішті әкімшілікке береді. 

Мектепке  дейінгі  ұйымның  әкімшілігі  берілген  өтініштер  негізінде  15 

балаға дейінгі кезекші топтарды құрады. 

Кезекші топтардың контингенті, кестесі, жұмыс кестесі, педагогикалық 

құрамы  педагогикалық  кеңестің  отырысында  бекітіледі,  қажет  болған 

жағдайда өзгерістер енгізіледі. 

Кезекші топтардағы білім беру процесі мектепке дейінгі ұйымның 




13 

 

бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. 



Басшының атына өтініш беру арқылы кезекші топтарға баруды таңдау 

құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиесілі. 

Балалардың  ата-аналары  немесе  заңды  өкілдері  балаларын  кезекші 

топтарға  апара  отырып,  олардың  қоғамдық  ортада  болатынына  және 

коронавирустық  инфекцияны  жұқтыру  қаупін  болдырмау  үшін  барлық 

шараларды қолдануға келісімін береді және түсіністік танытады. 

Тәрбиеші  МДҰ  бару  мәселесі  бойынша  ата-аналармен  түсіндіру 

жұмыстарын  жүргізеді  (жұмыс  тәртібі,  жас  топтары,  денсаулық  жағдайы, 

тиісті киім, МДҰ күн тәртібін сақтау және т. б., баланы алдын ала алып келу, 

себебі балаларды қабылдау белгілі бір уақытты алуы мүмкін). 

Кезекші 

топтардағы 

сабақтар 

перспективалық 

жоспар 

мен 


циклограммаға сәйкес кесте бойынша өткізіледі. 

Тамақтану,  ұйымдастырылған  оқу  қызметі,  ұйқы,  демалыс  режимі 

сақталады. 

Күн  тәртібі  аяқталғаннан  кейін  ата-аналар  немесе  заңды  өкілдер 

балаларды алып кетеді, тәрбиеші баланы шыққанға дейін ертіп барады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет