17
Үлгілік оқу жоспарларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар
енгізілді:
«Қатынас» білім беру саласы:
-
«Драма» ҰОҚ алынып тасталды, 0,5 апталық жүктемесі және
міндеттері «Көркем әдебиет» ҰОҚ-не енгізілді, аптасына 1 сағатты құрайды.
«Драма» ұйымдастырылған оқу қызметінде көзделген міндеттер «Көркем
әдебиет» ҰОҚ арқылы әдістемелік тәсілдердің көмегімен (рөлдерде ойнау,
театрландыру, әңгімелеу, рөлдерді қайталау және т.) жүзеге асатын болады.
- «Шет тілі» ҰОҚ алынып тасталды, 1 сағат апталық жүктемесі
«Сауат ашу негіздері» ҰОҚ енгізілді және 2 сағатты құрайды.
«Әлеумет», «Таным» білім беру салалары:
-
«Экология негіздері» ҰОҚ алынып тасталды, 0,25 сағат апталық
жүктемесі «Қоршаған ортамен танысу» ҰОҚ енгізілді және апталық жүктемесі
0,5 сағатты құрайды. «Экология негіздері» ҰОҚ міндеттері «Жаратылыстану»
ҰОҚ-де шешілетін болады.
Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуге қойылатын талаптар-
ұйымдастырылған оқу қызметінің рұқсат етілген көлемін, ұзақтығын
қамтамасыз ету және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келуі.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепалды даярлық үшін вариативтік
компонент қарастырылған. Вариативтік компонентті анықтауда балалардың
жас және жеке ерекшеліктері, қызығушылықтары және білім беру ұйымының
қызметінің бағыты және т. б. ескеріледі.
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің
апталық оқу жүктемесінің көлемі-2 сағатты, ал қазақ тілінде оқитын балалар
үшін вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің көлемі - 3 сағатты
құрайды. Апталық жүктеменің жалпы көлемі-20 сағат.
Тәрбиелеу-білім беру қызметі Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жүзеге
асырылады.
Мектепке дейінгі ұйым түлегінің дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар мектепке дейінгі білім берудің мақсаттарымен, міндеттерімен,
мазмұнымен негізделген және «Стандартқа қосымшада «Туғаннан бастап 1-
сыныпқа қабылданғанға дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының
тізбесінде» көрсетілген тәрбиеленушінің дамуының күтілетін нәтижелерін
қамтиды.
Баланың одан әрі дамуы үшін қажетті жетістіктер тізбесі баланың
дамуының жалпы әлеуметтік маңызы бар болжамдары, 5 жастан асқан
балалардың даму нормалары, белгіленген білім беру мақсатына қол жеткізуге
бағытталған ересектер (педагог қызметкерлер, тәрбиеленушілердің заңды
өкілдері) қызметіндегі бағыт-бағдарлар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: