Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Түрлі жас топтарында балаларды тәрбиелеу мен оқытуды



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата15.12.2021
өлшемі360,42 Kb.
#100789
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
1 IMP kaz

Түрлі жас топтарында балаларды тәрбиелеу мен оқытуды 

ұйымдастырудың негізгі тәсілдері 

 

Білім беру процесі мынадай тәсілдерді: 

-

 

саралау, балалардың жас мүмкіндіктерін ең жоғары көлемде есепке алу 



ұсынымына  негізделген,  жастары  шамалас,  аралас  балаларды  есепке  ала 

отырып, топтарды шағын топтарға бөлуді қамтамасыз етуді; 

-

 

жеке,  педагогтер,  психологтар,  ата-аналар  яғни,  тәрбиелеу  мен  оқыту 



процесіне 

барлық 


қатысушылардың 

баланы 


жеке 

тұлға 


ретінде 

қалыптастыруына және оның қабілеттерін дамытуына бағытталуын; 

-

 

ойын, 



мектеп 

жасына 


дейінгі 

балалардың 

танымдық 

қызығушылықтарын  белсендіруге  ықпал  ететін  ойын  түрлерін  оқыту  әдісі 

ретінде қолдануды; 

-

 



денсаулық сақтау, балалардың денсаулығын сақтауды және нығайтуды; 

-инновациялық,  баланың  біліктері  мен  дағдыларының  даму  деңгейін 

қадағалауға бағытталған; 

-

 



құзыреттілік,  баланың  дамуын  және  мектепке  дейінгі  ұйымның 

қызметін және т.б.қалыптастыруды қарастырады. 

Түрлі  жас  топтарында  түрлі  жастағы  балалар  тәрбиеленетіндігіне 

байланысты  педагог  Үлгілік  бағдарламадағы  барлық  жас  топтарының 

мазмұнын  білуі  қажет,  бағдарламалық  талаптарды  балалардың  жас  және  жеке 

ерекшеліктерімен салыстыра білуі, зейінін дұрыс бөле білуі, әрбір баланы және 

барлық  топты  толықтай  түсініп,  көре  білуі,  балалардың  дамуын  олардың 

мүмкіндіктеріне  сәйкес  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Осындай  сипатта,  циклограмма 

құру кезінде балалардың жас ерекшеліктері ескеріледі. 

Түрлі  жас  тобында  педагогикалық  процесті  өткізуде  мыналарды  ескеру 

қажет: 

-

 



кіші  жастағы  балалар  жұмысқа  кештеу  қосылады  және  (немесе)  ерте 

аяқтайды; 

-

 

бір  топта  балалардың  өз  бетінше  жұмысы,  басқасында  педагогпен 



бірлескен әрекеті бір уақытта ұйымдастырылады. 


19 

 

Тәрбиеші-педагогке алдын-ала оқу жылының басында әрбір аралас топта 



балалардың  туылған  мерзімі  мен  жасын  көрсетіп,  шағын  топтар  бойынша 

балалардың  тізімін  жасау  қажет.  Мұндай  жұмыс  топтағы  балаларды  шағын 

топтарға бөлуге мүмкіндік береді. 

Балалардың жас ерекшеліктерін барынша ескеру мен білім беру процесін 

саралау  қағидаларына  негізделетін  жақын,  аралас  жастарды  ескеріп,  топтарды 

жасақтау орынды. 

Мысалы,  егер  бес  жастағы  бала  сурет  салу  мен  мүсіндеу  техникасын 

жетік меңгермеген болса, онда оған біраз уақытқа дейін төрт жастағы балаларға 

өткізуге  жоспарланған  тапсырмаларды  беруге  болады  немесе  керісінше  төрт 

жастағы  бала  сол  немесе  басқа  әрекеттерде  ерекше  қабілеттерді  көрсететін 

болса,  онда  оған  тапсырманы  күрделі  етіп  беру  қажет.  Ұйымдастырылған  оқу 

қызметтері кезінде тәрбиеші барлық баланы ұйымдастырады, ересектің берген 

нұсқауларына  сәйкес  әрекет  жасауды  қалыптастырады,  жаңа  біліктер  мен 

дағдыларға  жоспарлы  түрде  сабақтастықта  үйретеді,  танымдық  белсенділігін 

дамытады. 

Педагог  ұйымдастырылған  оқу  қызметін  жалпы  өтпелі  тақырыптарға 

сәйкес  өткізуі  қажет,  әртүрлі  жас  тобында  бұл  тәсіл  барынша  ыңғайлы  және 

тиімді. 


Жалпы өтпелі тақырыптар педагогке уақытты тапсырманы түсіндіру мен 

оны  орындауға  үнемдей  отырып,  сол  уақытты  тиімді  қолдануға  мүмкіндік 

береді.Тәрбиеші  кіші  шағын  топпен  жұмыста  ересек  балалардың  тәжірибесін 

қолданады.Мысалы,  «Сурет  салу»  ұйымдастырылған  оқу  қызметінде  ортаңғы 

топтың  балаларына  жаңа  тақырыпты  түсіндіру  барысында  ересек  топ 

балаларын,  мектепалды  жасындағы  балаларды  сурет  салу  әдістерін  көрсетуге 

баулиды.  Ал  «Сөйлеуді  дамыту»  ұйымдастырылған  оқу  қызметінде    бес 

жастағы балалар төрт жастағы балалардың заттардың атауларындағы сөздердегі 

дыбыстарды анықтаудағы тапсырманы орындағандарын тексереді. 

«Сурет  салу»,  «Мүсіндеу»,  «Құрастыру»,  «Жапсыру»,  «Математика 

негіздері»,  «Дене  шынықтыру»  ұйымдастырылған  оқу  қызметтерінде  осындай 

оқыту жүйесі тақырыптарды жыл сайын күрделендіруге есептелген. 

Мысалы, «Математика негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметінде төрт 

жастағы  балаларды  сандармен  көрсетілген  заттардың  екі  тобын  салыстыруға 

үйретеді; бес жастағы балаларды – нақты материалға сүйене отырып, сандарды 

салыстыруға үйретеді; бес- алты жастағы балаларды натурал қатардағы сандар 

арасындағы қатынасты орнатуға баулиды. 

Үлгілік бағдарламаға сәйкес мәтінді мазмұндауға үйрету ортаңғы топтан 

басталады.  Балаларды  сурет  сюжеті  бойынша  әңгіме  құрастыруға 

үйрету.Барлық жас топтарында тәрбиеші әңгімелеу үлгісін негізгі тәсіл ретінде 

қолданады: 

-

 



3 жастан бастап балалар әңгіменің бөлігін қайталап айтып береді, қажет 

болған  жағдайда  педагог  сөйлемдердің  арасында  үзіліс  қысқа  болуы  үшін 

сөйлемнің басын айтып отырады; 

-

 



4 жастағы балалар жүйені сақтай отырып, үлгіні толық қайталап айтып 

береді; 



20 

 

-5  жастағы  балалар  әңгімені  өз  бетінше,  логикалық  жүйелілікпен, 



сюжетке  өзінің  көзқарасы  мен  оқиғаға  қарым-қатынасын  білдіре,  толығымен 

қайталап айтып береді. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  «Сурет  салу»  ұйымдастырылған  оқу 

қызметінде  бірдей  суреттерді:  алма,  ағаш,  үй,  адамның  сұлбасы  және  т.б. 

салады. 4 жастағы балалар заттардың бөліктерін көлемі бойынша салыстырады, 

бөліктерді  салады,  түстерін  келтіріп  береді;  5  жастағы  балалар  өздерінің 

суреттерінде барлық қолжетімді мәнерлілік құралдарын қолдана алады. 

Мысалы,  «Сурет  салу»,  «Мүсіндеу»,  «Құрастыру»,  «Жапсыру» 

ұйымдастырылған  оқу  қызметтері  барлық  балаларға  бірдей  басталып,  бірақ 

кіші  топ  балалары  ерте  аяқтап,  тәрбиешінің  көмекшісінің  бақылауымен 

ойнайды. 

«Дене  шынықтыру»  ұйымдастырылған  оқу  қызметінде  төрт  жасар 

балалар  топтың  периметрі  бойынша  орналасқан  көру  бағдарлары  арасында 

өкшемен  жүру  дағдыларын  қалыптастырады.Келесі  жылы  сапқа  тұруға,  ал 

келесі жас кезеңінде үш қатарға сапқа тұрып қатармен жүруге үйренеді. 

Осыған  байланысты  тәрбиеші  ересек  жастағы  топта  барлық  балалармен 

бір уақытта өткізудің қаншалықты орынды екенін ескеруі тиіс. 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің бір бөлігін тек үш және төрт жастағы 

балалармен,  ал  бір  бөлігін  тек  бес  және  алты  жастағы  балалармен  өткізуге 

болады. 


Осылайша, 

бес 


жастағы 

балалармен 

«Сауат 

ашу 


негіздері» 

ұйымдастырылған  оқу  қызметі  өткізіледі,  онда  балалар  сөздің  құрылымы 

туралы алғашқы түсінік алады, сөзге дыбыстық талдау жүргізеді, сөзде екпінді 

дұрыс қоюға үйренеді, штрихтау және т. б. орындайды. 

Педагог  қалған  балалар  оқып  жатқан  кезде  алдын  ала  балалардың  не  

істеу керектігін ойластыруы керек. Сонымен қатар балалар қажеттілігіне қарай 

сол бөлмеде қалады. 

ҰОҚ басталмас бұрын оның тақырыбын, өткізу шарттарын, қызмет түрін 

ескере  отырып,  балаларды  қалай  ыңғайлы  орналастыру  қажеттігін  ойластыру 

қажет.Педагог  әрбір  жас  тобын  назарда  ұстауы  тиіс.Бұл  білім  беру  процесі 

саралау  тәсілін,  баламен  жеке  жұмысты  қамтамасыз  етеді.  Ұйымдастырылған 

оқу қызметінің ортасында ұзақтығы 1,5 – 2 мин сергіту сәті өткізіледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет