А) 1993-1997 жж эконмикалық реформалар
Қазақстанда сапалы экономикалық қайта құрулардың жаңа кезеңі 1993 жылы қарашада ұлттық валюта – теңгенің енгізілуімен, жүйелі қайта құрулар және тұрақты кредиттер бағдарламасы шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарының кең көлемде көмегін тартумен басталды.
Бұл кезең өзіндік макроэкономикалық саясаттың жүргізілуімен, салық салу, бюджеттік және банктық жүйелерде, сыртқы экономикалық әрекеттестікте, оның ішінде шетел капиталын және кедендік істерді тартуда нормативтік құқықтық база құрумен, рыноктарды және нарықтық инфрақұрылымдарды дамытумен сипатталады.
Алайда, 1994 жылдың орта тұсына дейін Қазақстан үкіметі қабылдаған бағытты іске асыруда орынсыздық және шегіністік көрсетті. Бірінші кезекте бұл бүкіл 1994 жыл бойына созылған бағаларды либералдандыру процессіне қатысты болды.
Әрі қарай либералдандыру және сыртқы экономикалық байланыстардағы сапалылықты өсіру мақсатында Қазақстан Үкіметі мынадай шешім қабылдады:
— 1994 жылдың басында либералдандыруға ұсынылған тауарлар тізімі маңызды түрде қысқартылды;
— экспорттық квота 1993 жылы белгіленген 25 атаудан 1994 жылы 7 атауға дейін төмендетілді.Квоталар шикізаттарға ғана сақталды.
— Экспорттық және импорттық пошлиналар мөлшері төмендетілді, осы салықтар салынатын тауарлар түрі қысқартылды, экспорттық салықтарды валюталық төлеу жойылды, бұл жағдай тауарлардың экспорты мен мипортына дем берді, олардың құрылымын жақсарта түсті;
— 1994 ж 1 қаңтарда аукциондық, валюталық рынокта сатылуға міндетті валюталық табыстың пайызы 50 пайызға дейін өсірілді және барлық экспорттық түсімдердің республикаға қайтарылу тәртібі енгізілді де бұл жағдай капиталдың кемуін қысқартты.
Алайда, менің ойымша, 1992-1994 жж үкіметтің сыртқы экономикалық қатынасына қатысты қабылданған шешімдері, көбіне қарама – қайшылықты және жеткілікті дәрежеде сапалы болмады. Оның салдарынан өнімдердің экспортына мемлекеттік компаниялардың монополиясы түрінде сыртқы саудаға мемлекеттің тікелей қатысуы маңызды болып қала берді; жеке кәсіпорындарға кедендік және салықтық жеңілдіктердің берілуі сыртқы экономикалық байланысқа (СЭБ) қатысушыларды тең емес жағдайға дұшар етті;
Достарыңызбен бөлісу: |