Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі56,55 Kb.
#109992
  1   2
Байланысты:
Тарих Эссе


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты



СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының

экономикалық реформаларының жаңғыруы

кезеңдері мен ерекшеліктері

Орындаған: Атыбай Ақтілек

Қабылдаған: Ерманова Айгүл

Арқалық.2021ж

Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларының жаңғыруы кезеңдері мен ерекшеліктері

Эссе


Қазақстанның даму жолында бастан кешкізген экономикалық жағдайлары көп болды.Кеңес Одағы кезінде,тәуелсіздік алғаннан кейін де экономикалық жағынан біраз құлдыраулар болды.Сол құлдырауларды дұрыстау және ел экономикасын нығайту мақсатында көптеген реформалар жүргізілді.Сондай жүргізілген реформаларға тоқталып кетсек.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформалар КСРО – дағы экономиканы либералды реформалау шеңберінде ХХ ғ. 80- ші жылдарының соңында басталды. Алайда олар КСРО – ның құлауына байланысты 1991 жылы үзіліп қалды.

Менің ойымша, шаруашылық  қызметтерін либералдандыру, еңбек ұжымдарына жалға беру арқылы кәсіпорындарды мемлекетсіздендіру, басқару жүйесін және жалпы одақтық бағдарлама шеңберінде материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз етуді орталықтандыру сол кезеңнің өзінде республикаралық шаруашылық байланыстарды бұзуды, КСРО халықшаруашылығының коперативтік салаларындағы әр түрлі өндірістік технологиялық байланыстар арасындағы келісімдік – құқықтық қатынастарды бұзды.Жалпы одақтық реформалар өндірістің құлдырауына, өндірістік – техникалық мақсаттағы өнімдер мен тұтыну тауарларының дефецитінің ушығуына, инфляцияның өсуіне және ақша – кредиттік жүйенің дағдарысына алып келді де, бұл жағдай барлық одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның да эконмикасында көрініс тапты.

КСРО мемлекеттік ститистикалық комитетінің мәліметіне қарағанда, 1990 жыл 1989 жылмен салыстырғанда бүкіл ел бойынша жалпы қоғамдық табыс екі пайызды өнеркәсіптік өндіріс – 1,1 пайыз, ауылшаруашылық өнімі – 2,8 пайыз төмендеген. Қазақстанда да жағдай сондай болды, оның ішінде ұлттық табыс 1990 жылы 1989 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға кеміді.

1991 жылы Қазақстан экономикасы КСРО – ның экономикасымен үйлесімді дамыды, яғни құлдырау жалғаса түсті. Егеменді Қазақстан Республикасындағы эконмикалық қайта – құрулар 1992 жылдан басталды. Олар кезең – кезеңімен жүргізілді. Реформалардың алғашқы кезеңі – 1992-1993 жж қамтыды, яғни Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған уаықттан бастап өз валютасын енгізгенге дейінгі аралықта. Осы жылдардағы елдің экономикасы Ресей федерациясындағы экономикалық және саяси өзгерістерге толық тәуелді болды. Реформалар өзінің жартылайлығымен, шешімдер мен әрекеттердің қарама – қайшылылығымен, ақша – кредиттік және бюджеттік саясаттың жүйесіздімен сипатталынды.

Бұл кезеңдегі Қазақстанның экономикалық дамуының өзгешілігі 1990 – 1991 жж құрылымдық дағдарыстан жүйелі әлеуметтік – экономикалық дағдарысқа өтуінен болып табылады. Осы жағдайды бірқатар авторлар тарнформациялық деп әділ атаған еді. Ол өзінің бұрын соңды болмаған дәрежедегі тереңдігімен және қамту көлемінің кеңдігімен ерекшеленді.
Энерготасымалдаушылардың бағасы нақты белгіленіп қойылған уаықтта, 1992 жылдың қаңтарында басталған бағаларды либеризациялау процессі 1994 жылдың соңына дейін созылды да, бұл жағдай эконмиканың барлық салаларында, әсіресе сыртқы экономикалық қатынастарда реформаларды жүзеге асыруға кедергі болды.

Бағаның еркін қалыптасуына мүмкіндік бермей сыртқы сауданы либерализациялау республикадан сыртқа аса маңызды шикізат түрлерін, көбіне республикалық тұтынуға зиянын тигізе отырып, шығаруына жағдай жасады. Себебі әлемдік бағалар ішкі белгіленген бағадан 2-3 есеге жоғары еді. Нәтижесінде барлық бұрынғы мемлекеттік – серіктер Қазақстандық «стратегиялық» тауарлардың жолына ішкі барьерлер (квоталар, лицензиялар, кедендік тарифтер) қоя бастады. Оған қарамастан шетке ондай тауарларды шығару өсе берді, ал валюталық түсімдер шетелдік банклерде қалып қойды.

Қазақстанда, экспорттық шектеу көбіне тарифтік емес сипатта жүрді. Елдің сыртқы сауда саясатында іс жүзінде импорттық пошлиналар болмады. Орталықтық – экспорттық жүйеден рынокқа өту кезеңінде экспорттық  — импорттық және төлемдік операцияларды дұрыс бақылау жалға қойылмай отырған уақытта, аса қажетті іс – шара болып табылатын – лицензиялау және квоталау жүйелі қолданылды.Бұл кезеңде сыртқы сауда операциялары гиперинфляция және республикаралық қамысздандыру саласы бойынша есеп айрылысу жүйесі жұмыс істемей тұрған уақыт жағдайында жүргізілді. Бартерлік операциялар кеңінен қолданылды, мұнда көбіне олар эквиваленттік емес айырбас сипатында болды. Басқа түрлі өнімдердің бағасы еркін болып тұрған және рубльдің бағасы үнемі төмендеп отырған жағдайға энерготасымалдаушылардың  бағасын либериалдандыру мәселесінің шешілмеуі, электр энегергиясын, мұнайды өндіретін және өңдейтін кәсіпорындардың рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында осы өнімдердің бағасын үнемі өсіріп отыру қажеттілігін туындатты. Бұл өз кезеңінде тұтынушылардың өз тауарлары мен қызмет түрлерінің бағаларын көтеруге алып келді. Ең соңында, энерготасымалдаушылардың баға өсімінің, жаңа шыңы туындады да, ол спираль тәрізді баға реакциясын соңынан ертті. Мұнда «бағаларды теңестіру» процессі үздіксіз жүрді де, ол Қазақстан экономикасын бұрын болып көрмеген инфляция қарқынына душар етті. Бұл жағдайды төмендегі кестеден байқау қиын емес.

1993 ж қаңтарында шұғыл антидағдарыстық іс – шаралар және әлеуметтік – эконмикалық реформаларды тереңдету жайындағы бағдарлама бекітілді. Бағдарламаның негізгі міндеті рыноктық инфрақұрылымды және қоғамдық, ұдайы өндірістің барлық салаларында бәсекелестік ортаны қалыптастыру деп жарияланды. Бағдарлама, барлығынан бұрын, мемлекет меншігіннен алу және жекешелендіру концепциясына қатысты түзетулер енгізді. Қазақстан Республикасы үкіметі кәсіпорындарды, газ кендері мен стратегиялық маңызды салаларды тездетіп сату үлкен қателік деп тапты, сондықтан да жекешелендіру бағдарламасына стихиялы түрде емес, мемлекет тарапынан қатал бақылау орнату арқылы жүргізу ұсынылды.

Қазақстанның экономикалық саясаты осы кезеңде мынадай принциптермен жүргізілді.

1) Өндірістің бәсекелестік рыноктық өзіндік реттеу мен мемлекет тарапынан экономикалық дамудың негізгі параметрлік макроэкономикалық реттеу синтезіне негізделген әлеуметтік – нысаналық аралас экономика құру;

2) Ұлттық кәсіпкерліктің барлық түрлеріне,оның ішінде әсіресе, материалдық табыс өндіретін, қызмет көрсету, транспорт және бөлшек сауда салаларындағы  жеке меншік түріне қолдау көрсету;

3) Өндірістің құрылымдық қайта құрылуына негізделген «жылдам экономикалық даму стратегиясын»  жүзеге асыру; отын – энергетикалық және металлургиялық комплекстерге бірінші кезектілік жүйесін, азық – түлік және халық тұтыну тауарлары рыноктарын дамыту, тұрғын үй мәселесін шешу;

4) Мемелекетаралық байланыстарды – бірінші кезекте ТМД елдерімен, Батыспен, Қиыр Шығыс мемлекеттерімен және Түрік – Азиалық әлем елдерімен қатынаста, экономикалық – саяси серіктес таңдауда пргматизм ұстанымын сақтау.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет