Идеялылық- саяси, ғылыми, көркем шығармалардың, көпшілік алдында сөйлеген сөздің және т.б. сапалылық, мазмұн ерекшелігі.
Имидж-1)басқаларға өзі туралы белгілі бір әсер етіп, пікір тудыру үшін жасаған субъектінің сыртқы бейнесі; 2)үгіт-насихат, жарнама және т.с.с. арқылы субъект туралы кеңейтілген мағлұматтар теріп, арнайы бейнесін жасау.
Иммиграция- бір елден юасқа елдің азаматының тұрақты немесе уақытша тұруға келуі. Иммиграцияның себептері экономикалық, әлеуметтік, саяси, әскери, этникалық факторлар болып табылады.