Бұқаралық партиялар – үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, сүшелері, белсенділері көп партиялар. Олардың ресми мүшелері болмайды. Партиялық билет алып, мүшелік жарна төлемейді.
Бұрмалаушылық – өз мақсатына жету үшін шындықты бұрмалау, жасандылық, жалғандық.
Бюрократизм – істің мәніне немқұрайлы, формальды қарау, істі көпке созу.
Бихевиоризм – жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделгенәдістемелік бағыт.
Визит – халықаралық байланыстарды дамытуға ондағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған түрі. Мысалы, оған мемлекет тарапынан үкімет басшылары, ресми Геноцид – адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.
Геронтократия – ақсақалдық билік жүргізу принципі. Басқарудың бұл түрі алғашқы қауымдық қоғамға тән. Сонымен қатар үкімет билігі жасы келген адамдардың қолында тұрған мемлекеттерге де байланысты айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |